Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Дайындағандар:
1 Орынбасарова Аяулым
2 Өмірбаева Лаура
3 Муханбедиярова Милана
4 Пірменбеков Нұрахмет
5 Нурмаханов Ердан
1.Ежелгі шумерліктер мен вавилондықтардың дүниетанымы
2. Шумерлік өркениет
3. Вавилон мәдениеті
4.Хаммурапи патша заңдарының ерекшеліктері қандай?
5. Сына жазуы
Ғаламда мәдениеттер көп болса, соның ең ежелгісі әрі терең білімділік пен мәдени өмірдің үлгісін көрсеткен ертедегі Қосөзен мәдениеті.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге "Шумер өркениеті" деген жаңа мәдениет белгілі болды.
Діни түсініктер
Сына жазуы
Гильгамеш туралы дастан
Шумер Вавилондықтардың мәдени жетістіктері талас тудырмайды. "Алтын ғасыр" поэмасын, бірінші элегияларды жазды, бірінші кітапхана тізімін жасақтады. Шумерлер ең алғашқы медициналық еңбектердің, жыл күнтізбесінің авторы. Сонымен қатар, ең алғашқы шекті аспаптар шумер елінде пайда болды.
Астрономия
Алғаш болып ай күнтізбесін пайдалана отырып, сағатты 60 минутқа, шеңберді 360гр бөлуді бастады.
Абыздар математика ғылымымен айналысты, 60 санын киелі деп есептеді.
Аспалы бақ
Ежелгі Вавилонда көп құдайға сеніп, табынды. Табиғаттың түрлі құбылыстарын құдайлармен байланстырды.
Шумерлерде Құдайлар өте көп болған, олардың түсінігінше тіпті су, күн, ай т.б құдайлары болған.
Қос өзеннің байырғы тұрғындары-шумерлердің діни наным-сенімдері де, мифологиясы да жанжақты дамыған. Өз құдайларын «діңгір-тәңір» деп атаған шумерлер әлемнің жаралуының басын «Ан — Ки» деп білген. «Аны – аспан», «Киі – жер» демек, көк иесіне «Ан» деген ,ал жер иесіне «Ки» деген атақ берген.
Таммуз
Шамаш
Син
Мардук құдай
Тиамат
Су құдайы
Күн құдайы
Ай құдайы
Вавилон қамқоршысы
Мұхит құдайы
Құдайға жалбарыну кезінде адамдар не себепті магияны қолданды?
Шумерліктер Тигр мен Ефраттың тасуы немесе суының азаюы осы Таммузға байланысты. Оған сиынып, жалбарынып отыру керек. Сонда біздің егістігімізді су алып кетпейді. Егістік пен бақшамыздан жақсы өнім алуға көмектеседі деп ойлаған.
Шумерліктер түннен кейін күн шығады деп ойлады. Сондықтан күн құдайы Шамаш Ай құдайы Синнің баласы деп ойлады.
Әлемдік өркениетке тағы да алғаш рет өзінің үлесін қосқан-шумерліктер. Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасқаны барлығымызға белгілі. Оны дүниеге алып келген Қосөзенде өмір сүрген шумерліктер еді. Әріптер үшкір таяқшамен жұмсақ балшыққа батыру арқылы жазылатын болды. Балшыққа батыра отырып,сызу арқылы жазылған әріптер балшық кепкен соң кәдімгі сынаның орнындай болып қалатын.
Аспалы бақ
Тигр және Евфрат жарыса аққан қосөзен аңғарын жайлаған Месопотомия өз қойнауында талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет туындысы-Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдырған аспалы бағы.
Әлемнің жеті кереметінің бірі.
Хаммурапи заңдары-Вавилон заңдарының жинағы.
Ерекшеліктері:
Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады) , "әлеуметтік әділеттілікті" бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өзі қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады. Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық құқықтық- тұрғыдан түсіндіріледі.
Шумер және Вавилонның әдебиетін әлемнің ең көне әдебиеті деп айтуға болады. Ғалымдардың зерттеуіне орай, ең алғашқы қолжазбалар іскери құжаттар болған. Дегенмен, одан өзге ежелгі поэзия мен көне аңыз-әңгімелер легі бізге дейін сақталған. Солардың ішіндегі толық нұсқасымен жеткені «Гильгамеш туралы аңыз» эпосы болып табылады.
Гильгамеш туралы аңыз Екі өзен аралығының мәдениетіне жататын көне ескерткіш болып табылады. Поэманың соңғы нұсқасы Синликиуннинни деген адамның авторлығына жазылады. Бірақ басқа әдебиет тарихын зерттеушілер аңыздың жылдар бойы жинақталып жазылғанын мақұлдайды. Гильгамеш – шумерліктердің Урук деген қаласының аты аңызға айналған билеушісі. Аңыздың желісі бойынша қаланың өркениетіне енді үйрене бастаған Энкиду есімді жігіт биліктен әбден масайраған Гильгамешке жолығады. Энкидудің мінезі тік, бағыты нақты болғандықтан Гильгамешті күшпен де, оймен де жеңеді. Сосын тұғырсыз патша адамдықтың негізін ұғу мақсатында тау-тасты аралап, қаңғып кетеді. Энкидумен достасып алып, ерліктер жасайды. Дегенмен, өзін басып озған досы Энкиду өмірден озғаннан кейін, мәңгілік өмірдің сусынын іздеуге бел буады. Бұл идея келесі мыңжылдықта алхимиктердің миссиясына айналғанын бәріміз білсек керек. Гильгамеш пен Энкиду туралы жеке өлеңдер де біздің дәуірге аман жеткен. Екі достың бір жауы бар, ол – Хумбаба (Хувава). Олардың соғыстары мен ерліктерін көне аккад мифіндегі құдайлар бақылап отыратын болған. Бірақ осы жеке өлеңдерде бір-бірін жалғайтын еш ұқсастық жоқ. Тек батырлардың есімдері ғана бір аңыз екеніне дәйек болып отыр. Гильгамеш туралы аңыз – бұл нағыз достықтың бейнесін көрсететін ежелгі аңыз. Достардың тек бір-біріне деген қолдауы ғана емес, сонымен қатар, іштей адамгершілігін түзеуге бағытталғаны айдан анық.
Шумер мәдениеті қазіргі таңдағы әлемнің мәдениетін өркендетуге үлкен үлесін қосты. Мәдениетке ғана емес, сонымен қатар, ғылым саласының дамуына да септігін тигізді. діни-наным сенімдердің калыптасуының алғы шарттарына жол ашты. Алғашқы қала-мемлекеттердің негізін салды.