Зиятының ауытқуы бар балалардың оқу бұзылыстары жүйелік сипатқа ие. Ондай балалардың оқу әрекетінің барлық операциялары әр деңгейде қалыптаспаған болып келеді: мотивациясының әлсіздігі, сөз арқылы қатынас жасау қажеттілігі төмен, сөйлеу бағдарламасын іске асыруының бұзылыстары байқалады. Бұл мәселелерді зерттеген ғалымдардың нәтижелеріне сүйенсек, көмекші мектептің бастауыш сыныптарында аса күрделі кемістіктер балалардың 40-60%-да байқалады. Ақыл ойы кем оқушылардың сөйлеу тілін, оқу ерекшеліктерін талдай келе, В. Г. Петрова сөйлеу тілі мен оқу бұзылыстарын кемістігіне әкеп соғатын көптеген факторларды, оның ішінде негізгісі – таным әрекетінің дамымауын атады.
Р. И.Лалаева, К. Аверино-Жаккенің мәліметтері бойынша, көмекші мектептің 1-сынып оқушыларының 65-70%-нда дислексия анықталған. Оқу бұзылыстарының сипаты мынандай:
- әріптеп (ежіктеп) оқу;
- сөздің дыбыстық және буындық құрамын бұрмалау;
- оқығаның түсінбеу;
- оқыған кездегі аграмматизмдер
-әріпті меңгермеуі
Ақыл-ойы кем оқушылардыңоқу бұзылыстарын түзетуде олардың жоғарғы жүйке жүйесінің, психопатологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн.
Осыған байланысты көмекші мектепте жазу мен оқу бұзылыстарын түзету жұмысы таным әрекетінің дамуымен, талдау мен жинақтаумен, салыстырумен, жалпылаумен тығыз байланыста болуы керек. Сондай-ақ фонетикалық жуан дыбыстарды салыстыру, сөйлемнің құрылымын, сөздің дыбыстық-буындық құрамын талдау, көру-кеңістіктік талдау мен жинақтауды дамыту кеңістікті бағдарлауын дамыту жұмыстары оқу мен жазуын қалыптастыруда, түзетуде кеңінен қолданылады.
Жазбаша сөйлеу тілін түзетуде көмекші мектепте түрлі психикалық функцияларды дамыту қажеттілігі туындайды. Жазу мен оқу бұзылыстарын жою, ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзетумен (дыбыс айту бұзылыстары, сөйлеу тілінің фонематикалық жағының жетілмеуі, лексикалық-грамматикалық жағының қалыптаспауы) тығыз байланыста жүргізіледі.
Сурпедагогика
• Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеумен айналысатын
педагогиканың бір саласы. Есту қабілетінің бұзылуы сыртқы, ортаңғы және
ішкі құлақтарды зақымдайтын аурулар нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Көру бұзылыстары
бар балалар
Есту бұзылыстары
бар балалар
• 1-топ мүлдем
көрмейтін балалар;
• 2-топ көру деңгейі
төмен балалар;
• 3-топ көру деңгейі
функционалдық
бұзылған балалар.
(қыли, амблиопия)
• тұрақты (есту қабілеті
• екі жақтылы есту
қызметінің бұзылысы
(құлақ ауруы);
• Қоршаған ортамен
қатынасқа түсудің
қиындығы немесе
мүлдем болмауы.
Бұл категориядағы
балалар естудің
түрлілігіне байланысты
өзіндік топтарға
ұсынылады. Нашар
еститін және естімейтін
деп ажыратылады.
Тифлопедагогика
• Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын
педагогиканың бір саласы. Көру қабілетінің бұзылу деңгейіне қарай олар
көрмейтін және нашар көретіндер болып бөлінеді.
Жоспар
Тақырыбы: Зияты зақымдалған, көру және есту жүйесі бұзылған балалардың оқыту мен тәрбиелеу
Орындаған: Ербол Б.
Қабылдаған: Равшанова А.