1. Сот- сараптама жүргізу негіздері.
2. Сот сараптамасын тағайындау және өндіру.
1. Сот сараптамасын жүргізу негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, сондай-ақ "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
2. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органының басшысына не осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамға сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу және қорытынды беру үшін қажетті зерттеу объектілерін және өзге де материалдарды ұсынады.
31-бап. Сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі шектеулер
1. Заңда көзделген негіздер болған кезде сот сараптамасын жүргізуді сот сараптамасы органына тапсыруға болмайды, ал басталған сот сараптамасын жүргізу дереу тоқтатылады.
2. Сот сарапшысы сот сараптамасын жүргiзуге қатысудан бас тартуына болады, ал егер оған сот сараптамасы тапсырылған болса, заңда көзделген негiздер болған кезде оны жүргiзуді дереу тоқтатуға мiндеттi.
32-бап. Сот сараптамасының объектілері
1. Сараптамалық зерттеу объектiлерiнiң анықтығы мен жарамдылығына сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) кепiлдiк бередi.
2. Сот сараптамасы объектiлерi, егер олардың көлемдері мен қасиеттерi мүмкiндiк берсе, сот сарапшысына оралған және мөрленген түрде берiледi. Қалған жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сарапшысын зерттеу объектiлерi орналасқан жерге жеткiзудi, оларға кедергісіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге тиiс.
3. Зерттеулер жүргізу кезінде заттай дәлелдемелер мен құжаттар сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) рұқсатымен зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана зақымдалуы немесе пайдаланылуы мүмкін. Көрсетілген рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда немесе сот сарапшысының өтінішхатын қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы уәжді қаулыда, ұйғарымда қамтылуға тиіс.
4. Сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) рұқсатымен жүргізілген зерттеу объектілерінің зақымдалуы немесе жойылуы олардың меншік иесіне сот сараптамасы органының немесе сот сарапшысының залалды өтеуіне алып келмейді.
Зерттеу жүргiзгеннен кейiн сот сарапшысы үлгiлердi оралған және мөрленген түрде өзiнiң қорытындысына қоса береді.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1700000044