Туристік ұйымдар
Туризм географиясының кеңеюімен, көлік құралдарының дамуымен және маршруттардың бір уақытта бірнеше елден өтетіне байланысты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында халықаралық ұйымдар құрылды. Халықаралық туристік ұйымдар әртүрлі елдердің туристік саласы өкілдерінің ерікті мүшелігі мен олардағы жұмысы негізінде құрылады. ХХ ғасырдың аяғында әлемде 170-ке жуық халықаралық туристік ұйым болды.
Алғаш рет 1980 жылғы 27 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Манилада (Филиппинде) өткен, туризмнің барлық аспектілерін, туризмнің әлемдегі рөлін айқындау мақсатында , сондай-ақ туризмнің дамуы үшін мемлекеттердің жауапкершілігін қарау үшін ДТҰ шақырған, 107 мемлекет делегациясының қатысуымен туризм жөніндегі дүниежүзілік конференцияда: Халықаралық Туризм барлық мемлекеттердің халықаралық шиеленісті жеңілдетуге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде қол жеткізуге болатын бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайында дамуын қарастырған.
Гаагада 1989 жылы 10-14 сәуірде өткен парламентаралық туризм конференциясы Гаага декларациясын қабылдады, онда туризмнің барлық елдер мен халықтардың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі орны анықталды.
Дүниежүзілік туризм ұйымы ( United Nations World Tourism Organization) Гаагада 1925 ж. ресми туристік қауымдастықтардың халықаралық конгресі (ICOTT) ретінде құрылған. 1974 ж. ресми туристік ұйымдардың үкіметаралық одағы ретінде қайта құрылды.
Мақсаты : экономикалық дамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, гүлденуге, адам құқығын құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу. Ұйымға 158 мемлекет мүше болып табылады.
Басқарушы органы - Бас Ассамблея.
Бас хатшы-Зураб Пололикашвили.
Хатшылықтың тұрған жері — Мадрид қаласы (Испания). Сайт unwto.org
Әуе Көлігінің Халықаралық Ассоциациясы (International Air Transport Association) 1945 жылдың сәуір айында Гаванада (Куба) құрылды. Ол 1919 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Халықаралық Әуе Траффик Қауымдастығының орнын алды. Құрылған кезде ӘКХА 31 елден 57 мүшеден құрылған еді. Олардың көбісі Еуропа мен Солтүстік Америкадан болған еді. Қазіргі кезде ӘКХА 101 оффисі 150 елде орналасқан 230 әуекомпанияны біріктіреді. Бұл халықаралық бағыттарда ұшатын 93% әуекомпанияны құрайды. Іргелі адамдары Джованни Бисинани.
Штаб пәтері: Канада, Монреаль.
Ұйым миссиясы: авиация индустриясына қызмет көрсету, оны алға тарту және қызығушылықтарын қорғау болып табылады.
Сайт: http://www.iata.org
Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы (Internatіonal Cіvіl Aviation Organіzatіon) — 1944 ж. Чикагода өткен халықар. конференцияда құрылған.
Штаб-пәтері: Монреалда.
Ұйымның негізгі мақсаты — ұлттық авиакомпаниялар үшін теңдік пен тең мүмкіндіктер негізінде халықар. азаматтық авиация мен әуе қатынастарының экон. дамуына жәрдемдесу. Ұйым авиацияның тех. компоненттеріне: жеке құрамға куәлік беруге, ұшу ережелеріне, авиац. метеорологияға, авиац. карталарға, өлшем бірліктеріне, әуе кемелерін пайдалануға, ұлттық және тіркеу белгілеріне, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына, авиац. электр байланысына, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, авиац. апатты оқиғаларды іздестіруге, құтқаруға, тергеуге, аэродромдарға, аэронавигац. ақпарат қызметтеріне, қауіпті жүктерді әуемен тасымалдаудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды айқындайтын халықар. стандарттарды, ұсыныстар мен рәсімдерді белгілейді.
Ұйымның басшылық органдары — ассамблея, кеңес және хатшылық.
Кеңес президенті : Олумуива Бенард Алиу (Нигерия)
Бас хатшы : Фан Лю (Китай)
Сайт: icao.int
Азиаттық-Тынық мұхит туристік ассоциациясы 1951 жылы азиаттық-тынық мухиттық бағыттарды алға жылжыту және әрекеттесуді дамыту үшін құрылды. Бұл ассоциацияға Азиаттық-Тынық мухит аймақтағы 34 ел кіреді. . Бұл ұйыммымен жүргізілетін жұмыстар, зерттеулер, даму, білім, және маркетинг бағдарламалары арқылы туризмді жылжытуға бағытталған. АТМТА ұқсас халықаралық ұйымдар арасында ең жақсы орындаушы репутациясына жетті.
АТМТА қызметі және оның ұзақ мерзімді жоспарлары жыл сайынғы Ассоциация конференциясында тексеріледі және бағаланады.
Қызмет көрсетудің негізгі кеңселері Азиаттық аймақтың – Сингапурде; Тынық мухиттық аймақтың – Сиднейде;
Америка – Еуропалық бөлікте – Сан-Францискода.
Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы Парижде бекітілген 1948 жылы 14 желтоқсандағы қаулы бойынша құрылды. Мақсаты: қаржылық тұрақтылықты бақылау жолымен ЭЫДҰ мүше-елдердің үзіліссіз экономикалық дамуы және өсуінің, сондвй-ақ тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етуінің, өмір деңгейін көтерудің жоғарғы қарқынына жету және осының салдарынан – әлемдік экономика дамуына үлес қосу;
ЭЫДҰ мүшелілігіне 37 мемлекет кіреді.
ЭЫДҰ туристтік комитет туризм мәселесін зерттеу жолымен ұйым мүшелерінің және Югославияның туризмін дамытуға әрекеттеседі. Туристтік комитет статистика және жыл сайынғы есеп беруді құрастыру әдістерін және стандартты анықтамалардың сақталуына белсенді ат салысады.
Қазақстандық Туристік Ассоциация (ҚТА) 1999 жылдың мамыр айында ҚР Президентінің қолдауымен құрылды.
ҚТА-туристік және қонақ үй нарығының 350-ден астам қатысушысын біріктіретін Республикалық маңызы бар қоғамдық бірлестік. Бұл туристік агенттіктер, көлік және авиациялық компаниялар, қонақ үй кешендері мен мейрамханалар, жоғары оқу орындары, БАҚ және т.б.
ҚТА-ның басты міндеті Қазақстанның туризм индустриясын дамыту болып табылады.
Сайт: http://www.kaztour-association.com/
Президент: Асанбаева Р.А.
Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар ассоциациясы (ҚҚҮжМА) 1998 жылы құрылған. Бұл коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйым. ҚҚҮжМА келесі мекемелерді біріктіреді: ҚР қонақ үй кешендері, халықаралық қонақ үй желілерінің өкілдіктері, қонақ үй индустриясының жеткізушілері, БАҚ: "қонақ үй және мейрамхана: бизнес және басқару", ЖОО, сервис факультеттері бар колледждер. ҚҚҮжМА-ның басты міндеті-Қазақстанда өркениетті қонақ үй нарығын құру. ҚҚҮжМА Қазақстанның қонақ үй саласының сарапшысы болып табылады, болжам жасайды, қонақ үй нарығының даму тенденциясын көрсетеді.
Сайты:http://kagir.kz/
Президент: Шайкенова Р. Р.
«Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ 2017 жылы елімізде өткізілген көптеген сәтті іс-шаралардан кейін Қазақстанды туристік бағыт ретінде әлемдік деңгейде ілгерілету мақсатында құрылды.
Kazakh Tourism, елдің туризм бойынша бренд-менеджері және Мәдениет және спорт министрлігінің еншілес ұйымы бола отырып, елдің халықаралық және ішкі жағынан жан-жақты және тұтас орналасуын қамтамасыз етеді.
Kazakh Tourism негізінен елдің маркетингі мен алға жылжуына, туризмге инвестициялар тартуға және 2025 жылға дейінгі Туризмді дамытудың ұлттық стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған.
Kazakh Tourism өзінің күнделікті қызметінде халықаралық туристік ассоциациялармен, даму ұйымдарымен, туристік саудалармен және медиа компаниялармен серіктестікке және одақтарға сүйенеді.