Loading…
Transcript

Алаш Орда

1917-1920

Алаш автономиясының құрылуы және оның қызметі.

1917

1917

1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынборда ІІ жалпықазақ съезі өткізілді.

Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция,Үкімет құру мәселелері болды.

Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру , сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.

"Алаш" партиясының басшылары болып Ә. Бөкейхан,А.Байтұрсынов т.б зиялылар еді. Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді. "Алаш" басшылары мен бүкіл партия,негізінен,Қазан революциясын қолдаған жоқ.Олар: "Қазақ халқын отарлық езгіден құтқару!" ұранымен бірікті."Қазақ" газетінде 1917 жылғы 21 қарашада "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы жарық көрді.

Алаш құрамы

1918

Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады.

1918

Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды.1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына — Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді.

Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейхан өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты.

Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейханның төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын.

23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет — Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.

Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады.

Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады.

1919

1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды.

1919

Қазақстан Азамат соғысы жылдары

Қазақстан Азамат соғысы жылдарында

Азамат соғысы (1918-1920ж)- мемлекет ішіндегі билік үшін ел азаматтарының өзара соғысы.

  • Ақтар 1918ж Көкшетау, Ақмола, Омбы,Павлодар,Семей,Қостанайды;
  • 1918ж-А.Дутов Орынборды алып, Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын теміржолды кесіп алды. 1918ж Оралды алды.
  • 1918ж Анненков Солтүстік Жетісуда ерекше қаталдық көрсетті.
  • Түркістан мен Қазақстанда мұсылман бөлімдері құрылды.
  • 1920ж Бөкей ордасында, Орал мен Торғайда 37әскери бөлімшелер құрылды.

Соғыс қимылдары

  • 1919ж қаңтарда Қызыл армия Орынбор мен Оралды азат етті.
  • Чапаев Орынбор мен Оралды қорғады.
  • 1919ж М.Фрунзе Шығыс Майданның оңтүстік тобын басқарды.

Черкасск қорғанысы 1918 жылғы маусым – 1919 жылғы қазан аралығында болды. Черкасск қорғанысы Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда үлкен рөл атқарды.

1. А.Иманов- Торғай уезінің әскери комисары.

2. Б.Қаратаев- қазақ атты әскер бөлімінің меңгерушісі.

3. Ө.Ыбыраев- Кеңерал болысында астыртын жұмыс ұйымдастырған.

4. К.Саркин- Ой болысын басқарған.

5. Н.Тухачевский- Шығыс майданның Солтүстік тобын басқарған, 5 армия қолбасшысы.

6.М.Г.Летунов, Г.И.Муляр, А.И.Мирнов, К.М.Иноземцев, И.Эльбе, А.Жиляев- астыртын жұмыс ұйымдастырған.

Б.Қаратаев

А.Иманов

М.Фрунзе

Майдандар және азат етілген қалалар

  • 1919 жылғы маусымда М.В.Фрунзе басқарған Оңтүстік топ әскерлері Уфаны азат етті.

  • 1919 жылғы шілдеде 25-Чапаев дивизиясы мен қазақ атты әскер бригадасы Оралды жау қоршауынан босатуға қатысты. 1919 жылдың жазында Қызыл Армия Колчак тобын Оралдан асыра қуып тастады.

  • 1919 жылдың соңында Орал облысы толық азат етілді.

  • 1920 жылғы 5 қаңтарда Түркістан майданының әскерлері Атырауды алды. Орал майданы жойылды.

  • 1919 жылғы күзде Шығыс майданның 5-армиясы (қолбасшысы М.Н.Тухачевский) Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты. 1919 жылғы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес өкіметі қайта орнады.

  • 1920 жылғы наурыздың соңына қарай Семей облысының солтүстігі азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.

Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизм деген атпен уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады.

«Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері: 1) Азық – түлік салғырты

2) Жеке саудаға тыйым салу

3) Карточкалық жүйе

4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.

5) Еңбек міндеттілігі енгізілді.

6) Орталық қазына құру

Экономикалық саясат

  • 1919 жылғы желтоқсанда Александров-Гай-Ембі темір жол желісі салынды. Орал-Ембі мұнайлы ауданы Орталық Ресеймен жалғастырылды. Жетісу темір жолының Петропавл-Көкшетау темір жол желісі салынды.

  • Елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

  • 1920-1921 жылдары еңбек армиясында 6 мыңға жуық адам болды. Өлкеге азық-түлік дайындауға орталықтан 11500-ге жуық жұмысшы келді.

  • Кәсіпорындардың көпшілігі жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты.

  • Зорлыққа негізделген азық саясаты сәтсіздікке ұшырады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды.
  • Азамат соғысының қырғынында 8 млн адам қаза тапты.

  • Атамандар Дутов пен Анненковтың казактары ерекше қатыгездік көрсетті.Атаман Анненков әсіресе Солтүстік Жетісуда ерекше құтырынды. 1918 жылдың соңында үш күннің ішінде Лепсі уезінің Петровский, Пятигорское, Подгорное қоныстарын тонап, өртеп жіберді.

  • 1919ж А.Байтұрсынов "Төңкеріс және қазақтар" мақаласын жазды.
  • 1919ж 4 сәуірде "Алашорда" үкіметіне ақтау жөніндегі қаулы шықты.
  • 1919ж 10 шілдеде Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды.

Соғыс қорытынды-

лары

Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.

Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді.

Қазақ АКСР-нің құрылуы.

Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді.1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды.

1920 жылдың 4 қазанында Орынбор қаласында Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестерінің съезі өтті. Съезде РКФСР құрамындағы Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланып, Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді. Республиканың құрамына Қарақалпақстан да кірген болатын.

Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып С. Меңдешев, ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып В. Радус-Зенькович сайланды. Сонымен қоса съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы» қабылданып, онда халықаралық қатынастардың негізі «Ендігі жерде РКФСР-ға енетін ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігіне негізделетін тығыз және туысқандық байланыста болып табылады» деп көрсетілді.

Ермеков Әлімхан Әбеуұлы

Әлімхан Ермековтың

қазақ жерлерін біріктіру үшін күресі.

Ермеков Әлімхан Әбеуұлы (1891-1970) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, ғұлама ғалым, белгілі ағартушы, қазақ тіліндегі тұңғыш «Жоғарғы математика курсы» оқулығының иесі. Семей облысы, Қарқаралы уезі, Темірші болысында, қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

1

1920 ж. шілдеде В.И.Лениннің ұсы­нысы бойынша РК(б)П ОК-і мен РКФСР Халық комиссарлар кеңесі (ХКК) «Қырғызия туралы мәселелер жөнінде» кеңес өткізуді жөн деп тауып, Түріккомиссия, Қазақстан және басқа да мүдделі гу­берниялардың өкілдерін Мәскеуге шақырды. Ресми түрде Ста­нислав Пестковский, бейресми түрде Әліби Жангелдин басқарған қазақ делегациясы қазақ жерлері бойынша негізгі баяндаманы жасауды Әлімхан Ермековке тапсырды.Кеңеске қатысушылардың барлығы баяндамада көрсетілген тер­риториялармен келісіп, бү­кіл қазақ жерлері құрамына кіре­тін ҚАКСР-ын құру туралы декрет қабылдайтын уақыт ке­ліп жетті деген ортақ пікірге тоқ­талды. Бірақ ҚАКСР-не қазақ жер­лерін беру мерзіміне келген­де айтыс-тартыс туындады. Әсіресе Сібір ревком төрағасы Васи­лий Соколов қазақ жерлерін мойындағанымен, ол жерлерді қайтару уақытын қазақ­тар «ұлан-ғайыр өлкені басқаруға қабі­лет­ті аппарат құрып алғанға дейін» соза тұру­ды ұсынды. Яғни, оның пікірінше қазақ­тар өзін өзі басқаруға даяр емес еді. Ал Георгий Сафаров болса, Ә.Ер­меков қосуды ұсынған облыстарды ҚАКСР-іне біріктіру – қазақ кедей­лерін кулактардың тепкісіне түсіреді деген пікір білдірді. Мұн­дай жанама қарсылықтардың астарында, бұл территориялар­ды ҚАКСР-не бермеу айла-шар­ғылары жатқан еді.10 тамызда өткен кеңестің екін­ші мәжі­лісінде автономия­лы Қырғыз (Қазақ) республика­сын құру туралы шешім қабыл­дан­ғанымен, қай облыс­тар мен уез­дердің ҚАКСР құрамына қашан кіретіндігі шешілмеді.

1998 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында Алаш көсемдері Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермековтің құрметіне еңселі ескерткіш орнатылды. Бүгінде Қарағанды, Қарқаралы қалаларының екі орталық көшесіне, Ағадыр кентінің № 131 орта мектебі мен Ақтоғай ауданы Қаратал ауылындағы орта мектепке Ә.Ермеков есімі берілген. Қарағанды қаласындағы Ә.Ермеков көшесінде «Әлімхан Ермеков» атты үлкен кітап дүкені ашылған. 2000 жылдан бастап Президенттік мәдени орталығындағы мұражайжа Ә.Ермековке байланысты құжаттар мен суреттер жинақталып, алаш алыбына құрмет көрсетіліп келеді.

2

Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы ел тарихындағы негізгі оқиғалардың бірі болып табылады.

Қазақ халқының аумақтық бірлестігі қазақ ұлтының одан әрі бірігуі, Қазақстанның мәдениеті мен экономикасының дамуы үшін үлкен маңызға ие болды. Барлық қазақ жерлерін бір республикада біріктіру қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең болды және сол кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан, қазақ мемлекеттілігін құруда өте маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының аумағы үштен бірге ұлғайды, халық саны бір жарым миллионға көбейді, олардың жалпы саны 5230 мың адамға жетті.

Қорынтынды

Түркістан республикаларының ұлттық-мемлекеттік шекараларын белгілеу.

Саяси

жағдай

Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды.

Сипаты

  • Құрылды:1917 жылы 28 қараша
  • Мемлекеттік құрылымы: Ресми
  • Тілдері: қазақша, қырғызша, өзбекше, орысша
  • Елордасы: Ташкент
  • Ірі қалалары:Ташкент, Түркістан
  • Үкімет түрі: Автономиялы республика
  • Үкімет басшысы:М. Тынышбаев

  • Премьер-министр:М. Шоқай
  • Мемлекеттік діні: Ислам

Зиялы өкіледері

Зиялы өкілдері

Мұстафа Шоқай

Мұхаметжан Тынышбай

Махмұд Ходжа

  • Тарихи орны

Тарихы

  • Түркістан өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды.

Мұстафа

Шоқай

(25 желтоқсан,1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан

автономиясының жетекшісі. Ауыл молдасынан хаттанығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт

Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерінбілген. Студенттік жылдары империя астанасындағыдемократиялық қозғалыстарға қатысады. Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралызерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.

  • Ыдырауы

World War II, also known as the Second World War, was a global war that lasted

Ыдырауы

1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.