Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Дүниежүзілік шаруашылық салаларын ұйымдастыру түрлері

Ауылшаруашылық саласын ұйымдастыру

Solution 1

Қазіргі кезде ауылшаруашылық саласын ұйымдастыру жерге иелік ету сипатына байланысты жекеменшiктiк, мемлекеттiк меншiк және кооперативтiк меншiк деп бөлінеді. Ең көп таралғаны — жерге жекеменшiк иелiгi, олар дүниежүзiндегi тауарлық ауылшаруа- шылық өнiмдерiнiң басым бөлiгiн өндiредi.

Жоғары дамыған елдердiң көпшiлiгiнде жер қорының бiраз бөлiгi iрi жер иеленушiлердiң қолында шоғырланған. Бiрақ жердiң басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-i мемлекет меншiгiнде.

1

2

Дамушы елдерде аграрлық қатынастар түрлiше сипатты болып келедi. Азия мен Африканың бiрқатар елдерiнде жергiлiктi және сырттан әкелiнген күрделi қаржыға негiзделген iрi капиталистiк шаруашылықтармен қатар, феодалдық, тiптi ру-тайпалық қатынастары әлi сақтал ып қалған шаруашылықтар да көптеп кездеседi. Ал Латын Америкасы елдерiнде жер қорының көпшiлiгiн iрi жер иелiктерi — латифундиялар меншiктейдi. Латифундиялар жерінің орташа көлемі 2-3 мың га шамасында болады.

3

Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерiнде меншiктiң жаңа түрлерi енгiзiлген. Жер қорының бiраз бөлiгi фермерлерге, кооперативтер мен жалгерлерге ұзақ мерзiмге берiлiп, олар өз қалаулары бойынша оны қажеттерiне жаратады. Бiрақ мемлекет тарапынан жер- дi пайдалану мен күтiп-баптау шараларына тұрақты бақылау жүргiзiледі.

4

Ауылшаруашылық саласындағы кәсіпорындар ұйымдасуы жөнінен үш топқа бөлінеді:

— шаруа (фермерлік) қожалықтары;

— кешенді ауылшаруашылық кәсіпорындары;

— агроөнеркәсіптік холдингтер.

Шаруа қожалықтары

Solution 2

жекеменшік сипат алады, мұнда отбасы мүшелері еңбек етеді. Кей жағдайда жалдамалы еңбек пайдаланылады. Шаруа қажылықтарының көлемі мамандану сипатына байланысты әртүрлі көрсеткіштермен бағаланады. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы астық өсіретін шаруашылықтарда егістік көлемімен, ал малшаруашылығымен айналысатындарында мал басының санымен анықталады. Кешенді ауылшаруашылық кәсіп

Кешенді ауылшаруашылық кәсіпорындары

1

ауқымы жағынан ірі болады, бірнеше салаға маманданады. Мұндай кәсіпорындар ауыл- шаруашылық кооперативі немесе акционерлік қоғам түрінде болады.

2

Агроөнеркәсіптік холдингтер

Агроөнеркәсіптік холдингтер Қазақстанның ауылшаруашылық саласында тәуелсіздік жылдарында пайда болды. Жеке холдингтен немесе олардың бірлесуінен құралған корпорациялық ірі ұйымды инвестор компания басқарады. Холдингтер ин- весторлар мен мүшелерінің қаржылық ресурстарын біріктіріп, ауылшаруашылық шикізатын өндіру, өңдеу және өткізумен айналысады. Қазақстанда мемлекеттік және жекеменшік холдингтер жұмыс істейді. Мысалы, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі мемлекеттің инвестициясы есебінен азық-түлік өндірісін, экспортты ұлғайту мақсатында жұмыс істейді. Сонымен қатар көптеген жекеменшік холдингтер еліміздің ауылшаруашылық өндірісін дамытуға үлес қосуда.

Өнеркәсіп саласын ұйымдастыру

Solution 3

Қазіргі кезде өнеркәсіп саласында кәсіпорындардың бірнеше түрлері бар. Олар өнеркәсіптің саласына, құрылымына байланысты цех, шағын кәсіпорын, фабрика, зауыт, комбинат, концерн түрінде болуы мүмкін.

Цехтар

1

Цехтар қызмет бағыты және шығарылатын өнім түрі бойынша құрылады. Мысалы, Алматы қаласында орналасқан әйгілі «Рахат» кондитер фабрикасында бисквит, карамель, ирис, шоколад, кәмпит және зефир цехтары жұмыс істейді.

видео

2

Шағын кәсіпорындар

Шағын кәсіпорындар санатына жұмыс істеушілер саны 100-ге дейін болатын кәсіпорындар жатады. Шағын кәсіпорындар белгілі бір сала бойынша біртекті өнімдер шығаруға маманданады. Шағын кәсіпорын нарықтық экономика жағдайына тез бейімделіп, тұтынушыға бағдарланады, мұнда ғылыми және технологиялық жаңалықтарды жедел енгізуге мүмкіндік бар. Шағын кәсіпорындардың кемшілігі — дағдарыс кезінде бәсекелестік қабілетінің төмендеуі. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау, жеңілдіктер беру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Елімізде 2016 жылдың соңына қарай 125 мыңнан астам шағын кәсіпорын жұмыс істеді.

Өнеркәсіптің өңдеуші салаларында кәсіпорындардың екі түрі басым болады:

3

зауыт — мәшине жасау мен ауыр өнеркәсіпте

фабрика — жеңіл және өндіруші өнеркәсіпте

Фабрика

Фабрика атқаратын қызметі мен шығаратын өнімдері бойынша құрылған цехтардан, қоймалар мен кеңсе ғимараттарынан тұрады. Өндіруші өнеркәсіпте байыту фабрикалары болады. Мысалы, «Қа- зақмыс» компаниясында Сәтбаев, Жезқазған-1, Жезқазған-2, Балқаш, Нұрқазған және Қарағайлы байыту фабрикалары жұмыс істейді.

Solution 4

Зауыттар

1

Зауыттар өнеркәсіптің көптеген салаларында болады. Мысалы, нан, сүт, қыш бұйымдар, сусындар зауыты және т.б. Мәшине жасау өнеркәсібінде зауыттар технологиялық циклдер бойынша айырмашылық жасайды. Мәшине жасау өнеркәсібіндегі ең ірі кәсіпорындарға толық технологиялық циклді зауыттар мен механикалық құрастыру кәсіпорындары жатады. Қазақстандағы ең ірі «АЗИЯ АВТО» автокөлік құрастырушы зауыты 2002 жылы Өскемен қаласында іске қосылған болатын.

2

Комбинаттар

Комбинаттар көптеген өндіріс сатыларын біріктіріп, дайын өнімдерді шығаратын кәсіпорындар кешені болып табылады.

Ауыр өнеркәсіптегі металлургиялық, тау-кен, химия комбинаттарымен қатар, жеңіл өнеркәсіпте мақта-мата, тігін комбинаттары жұмыс істейді.

Мәшине жасау өнеркәсібіндегі зауыт түрлері

Тапсырмалар

1. Алматыдағы «Рахат» және Қостанайдағы «Баян-Сұлу» кондитер фабрикаларының орналасу ерекшеліктерін және шығаратын өнім түрлерін бір-бірімен салыстырып, оған талдау жасаңдар.

2. Шағын кәсіпорындардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

3. Зауыт және фабрика кәсіпорындарының бір-бірінен айырмашылықтары бар ма?

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi