Жылжымайтын мүлікті
бағалаудың құқықтық
аспектілері
Орынбай Зарина
Қарастырылатын сұрақтар
- Бағалау қызметі туралы түсінік
- Бағалау пәні
- Бағалаушының құқықтары мен міндеттері
- Бағалаушының тәуелсіздігі
- Өзін-өзі реттейтін ұйымдар, функциялары
- Бағалаушының жауапкершілігі
- Бағалау объектілері.
- Меншік құқығы және басқа да жылжымайтын мүлік құқығы
- Меншік нысандары
- Меншіктің пайда болуы және тоқтатылуы негіздері
- Меншік құқығын мемлекеттік тіркеу
1) Дереккөзiн көрсете отырып, бағалау стандарттарына және (немесе) халықаралық бағалау
стандарттарына сәйкес бағалау әдiстерi мен бағалау амалдарын өзі дербес қолдануға;
2) бағалау жүргiзу кезiнде тапсырыс берушiден бағалау объектiсіне, сондай-ақ бағалауды жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттамаға толық көлемде қолжетiмдiлiкті қамтамасыз етудi талап етуге;
3) тапсырыс берушiнің бағалауды жүзеге асыру үшін қажеттi түсiндірмелерін, сондай-ақ қосымша
мәлiметтер алуға;
4) қажеттілігіне қарай маманды (мамандарды) бағалау жүргізуге қатысуға шарттық негізде тартуға;
5) егер тапсырыс беруші бағалау жүргізу шартының талаптарын бұзған және бағалау объектісі туралы
қажетті ақпараттың берілуін қамтамасыз етпеген жағдайларда, бағалау жүргізуден бас тартуға;
6) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бағалау жүргізуге қажетті ақпаратты үшінші тұлғалардан жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқығы бар.
Бағалаушының міндеттері
- 1) бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң және бағалау қызметі стандарттарының талаптарын сақтауға;
- 2) бағалаушылардың iскерлiк және кәсiптiк әдеп кодексін сақтауға;
- 3) бағалау туралы анық емес есептің жасалуына жол бермеуге;
- 4) бір ғана бағалаушылар палатасының мүшесі болуға;
- 5) бағалаушылар палатасы белгілеген жарналарды төлеуге;
- 6) объективтi бағалау жүргiзуге кедергi келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайда, тапсырыс берушiге немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаға өзiнiң бағалау жүргiзуге қатыса алмайтындығы жөнінде хабарлауға;
- 7) бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушiден және үшiншi тұлғалардан алынатын құжаттардың, ақпараттың сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз етуге;
- 8) тапсырыс берушінің талап етуі бойынша бағалаушылар палатасына мүшелігі туралы ақпарат беруге;
9) бағалау туралы жасалған есептерді бес жыл бойы сақтауға;
10) өз құқығын басқаға сеніп тапсырмай, бағалау объектiсін тiкелей зерттеп-қарауды жүзеге асыруға, сондай-ақ ол бойынша құжаттаманы зерделеуге;
11) бағалаушы мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасына өзі еңбек шартын жасасқан заңды тұлға туралы ақпаратты, сондай-ақ осы ақпараттың кез келген өзгерістері туралы мәліметтерді еңбек шарты жасалған және (немесе) өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде беруге;
12) есеп жасалған күнді және оның реттік нөмірін, бағалау объектісін, айқындалған құнның түрін көрсете отырып, көрсетілген кезеңде қол қойылған бағалау туралы есептер туралы ақпаратты бағалаушылар палатасы көздеген тәртіппен тоқсан сайын беруге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың, өзге ұйымдардың, лауазымды адамдардың, өзі мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасының талап етуі бойынша оларға сақтаулы тұрған бағалау туралы есептердің көшірмелерін немесе ақпаратты беруге міндетті.
Бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясат бағалаушыларға және бағалау қызметіне қойылатын негізгі талаптарды айқындайды, бағалау қызметін реттеу мен өзін-өзі реттеудің құқықтық негіздерін белгілейді.
Тұжырымдаманың негізгі міндеттері:
Отандық бағалау нарығында адал бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін әзірлеу, енгізу және қолдау
Мүліктің қунын объективті нарықтық бағалау есебінен оның меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету
Бағалау қызметтерінің өркениетті өзін-өзі реттейтін нарығын қалыптастыру және дамыту
Бағалаушылардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жетілдіру;
Кәсіби бағалаушылар кадрларын даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру
Қазақстан экономикасының өзекті элементтерінің бірі ретінде бағалау қызметінің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру және қолдау;
Бағалау қоғамдастығының мүдделерін заңнамада көзделмеген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың араласуынан қорғау
Бағалау қызметі субъектілерін қоғамдық бақылау жүйесін құру;
Лицензиялаудан бағалау қызметін өзін-өзі реттеуге эволюциялық көшуді қамтамасыз ету
6-тарау, 29-бап
1. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды, бағалаушылар палаталарының Қазақстан Республикасының заңнамасын, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
2. Бағалау қызметі саласында бағалаушылар палаталарының қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
3. Бағалаушылар палатасының қызметіне тексеру жүргізу туралы шешімді бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бағалаушылар палатасының, оның мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды бұзғаны туралы жеке және заңды тұлғалардың арыздары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, құқық қорғау органдарының жүгінімдері мен сұрау салулары негізінде қабылдайды.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасын, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды бұзушылық анықталған жағдайда бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бағалаушылар палатасына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы жібереді.
6-тарау, 30-бап
Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
- бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- бағалаушылар палатасының қызметін бақылау;
- бағалаушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарының тізілімін жүргізу;
- Бағалау қызметі саласындағы реттеушілік әсерге талдау жасау;
- бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасын және сағаттар көлемін бекіту;
- бағалаушылар палаталарының қағидалары мен стандарттарын келісу;
- Бағалаушылар палаталарының қызметі туралы ақпарат сұрату;
- біліктілік комиссиясының құрамына өкілдерін жіберу;
- бағалаушылар палатасын осы Заңда көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы талап қоюды сотқа беру;
- Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің осы Заңның, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды бекіту;
- бағалаушылар палатасы мүшелері, сарапшылық кеңес мүшелері тізілімдерінің нысандарын және оларды жүргізу тәртібін бекіту;
- осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
"ҚР-дағы бағалау қызметі туралы" Заңға енгізілген өзгерістер барлық кәсіби бағалаушылардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың міндетті түрде бағалаушылар палаталарының біріне мүше болуын талап етеді.
Бағалау қызметін өзін-өзі реттеуге көшудің негізгі қағидаттары:
- өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мемлекеттік құрылымдардан барынша тәуелсіздігі;
- өзін-өзі реттеу процестерінің ашықтығы;
- өзін-өзі реттеу процестерінің тәуелсіз және тұрақты қаржылық қамтамасыз етілуі;
- ұйымдарды аккредиттеу және сертификаттау, персоналды (бағалаушы мамандарды) аттестаттау және сертификаттау кезінде құзыреттілікті арттыру қағидатын сақтау);
Бағалау сапасын бақылау жүйесі
- бағаланатын объектінің ерекшелігін ескере отырып, бағалау туралы есепті ресімдеу мен мазмұнына қойылатын бірыңғай (нарықтың барлық субъектілері үшін міндетті) талаптардың тізбесін нақты тұжырымдау (бұл ретте, бағалау қызметтерін әрбір нақты тұтынушы оларды кеңейтуге ғана құқылы).
- сараптама қорытындысының нысанын және сараптама нәтижелері бойынша ықтимал қорытындыларды біріздендіру.
- сараптама жүргізудің бірыңғай тәртібін, тексеру кезеңдері мен элементтерінің тізбесін, құрамы мен тереңдігін қалыптастыру, есепті бағалау жүзеге асырылатын тексерілетін параметрлерді барынша ресімдеу.
- сарапшыларға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын қалыптастыру.
Бағалау қызметін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құру;
- бағалау қызметі субъектілері үшін - бағалау қызметі қызметтерін тұтынушылар үшін де, сол сияқты бағалаушылардың өздері үшін де эволюциялық - шығынсыз лицензиялаудан өзін-өзі реттеуге көшуді қамтамасыз ету;
- бағалаушылар арасында да, бағалаушылар бірлестіктері арасында да жосықсыз бәсекелестіктің туындауына жол бермеу;
- Сараптамалық кеңестер мен аралық соттар құру арқылы дауларды сотқа дейін реттеу және жылжымайтын мүлікті жаппай бағалау жүйесін құру;
- бағалау қызметтері нарығын кеңейту бойынша шаралар қабылдау, бұл өз кезегінде қызметтің әртүрлі салаларында нарықтық қатынастарды дамытуға және олардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады. Бағалау объектілерінің мынадай түрлерін қосу керек: инвестициялық жобалар, жерді кадастрлық бағалау, жеке тұлғалардың мүлкін салықтық бағалау, ломбардтар, зияткерлік меншік, бағалаушылар орындауы тиіс материалдық және моральдық залал.
- Қызметтің барлық салаларын нарықтық құнға көшіруді жүзеге асыру (салықтар, мемлекеттік меншікті жалға алу, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, инвестициялық жобаларды бағалау және т. б.
- бағалаушылар мен аудиторлар, банктер, сақтандыру компаниялары, қаржы институттары және т. б. арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
- Қазақстанның инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде мүлікті бағалау саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау
Пайдаланылған әдебиеттер
«ҚР Бағалау қызметі туралы заңы», 6-тарау, 29,30-бап
https://studbooks.net/1057166/pravo/osnovnye_napravleniya_pravovogo_regulirovaniya_otsenochnoy_deyatelnosti_respublike_kazahstan