Loading…
Transcript

UML диаграммалары информация ағындарын сипаттау үшін пайдалану

Орындаған:Асқар Мөлдір

Ержан Мақсат

Қалиев Молжігіт

Объектіге бағдарланған программалаудың негізгі идеясы - қойылған есепті белгілі бір объектілердің образымен сипаттау. Бірізділік диаграмманың негізгі компоненеттері:

Бірізділік диаграммасы.

- пайдаланушы;

- объект;

- объектінің өмір жолы (objectlifeline);

- хабарлама (message);

- басқару фокусы (focus of control).

Бірізділік диаграммасы

Объект асты сызылған аты бар тіктөртбұрышпен бейнеленеді, ал объектінің өмір жолы – вертикаль пунктир сызықпен, хабарлама – горизонталь стрелкамен, басқару фокусы тік төртбұрышпен бейнеленеді.

Хабарламалар түсінік беруші идентификаторлармен белгіленеді:

- «call» - объектің басқа объектіні шақыруы;

- «return» - шақырған объектіге мәнді қайтару;

- «create» - объектіні құру;

- «destroy» - осы хабарлама берілген объектіні жою;

- «send» - асинхронды сигнал жіберу.

Бірізділік диаграммасы

Ынтымақтастық диаграммасы әрекеттестік диаграммасының бір түріне жатады. Қазіргі кездегі диаграммалар құрастыруға арналған программалық құралдар оларды автоматты түрде бір-біріне өзгертуді қамтамасыз етеді.

Ынтымақтастық диаграммасы екі түрлі болады:

- Спецификациялар деңгейіндегі ынтымақтастық диаграммасы;

- Мысалдар деңгейіндегі ынтымақтастық диаграммасы.

Ынтымақтастық диаграммасы тіктөртбұрышпен бейнеленеді. Бұл диаграммаларда объект атымен бірге оның ынтымақтастығының ролі көрсетіледі.

Басқа объектілерді басқара алатын объектілерді белсенді (active object) объектілер деп атап, оны {active} деген сөзбен белгілейді.

Ынтымақтастық диаграммасы

кілттік сөздер

Белгілі бір сигнал бірнеше объектілерге жіберілетін болса, онда мультиобъект деген түсінік енгізіледі. Ол бірінің үстіне бірі орнатылған тіктөртбұрышпен бейнеленеді. Құрама объект бірнеше басқа объектілерден тұрады.

Объектілер арасында бір-біріне хабарлама жіберу үшін ынтымақтастық диаграммаларының арасында байланыс болады (links). Байланыстардың аты болмайды (олар анонимды болады), бірақ келесі кілттік сөздермен (стереотиптермен) спефикацияланады:

· «association» - объектілер белгілі бір тәуелділікті білдіретін байланыс;

· «parametr» - объект әдістің параметрі ретінде;

· «local» - көріну облысы көрші объектпен шектелген әдістің локальді айнымалысы;

· «global» - көріну облысы ынтымақтастық диаграммасымен шектелген глобальді айнымалы;

· «self» - объектінің өзімен өзі байланысы.

Хабарлама белгілі бір форматта жазылады; мысалы,

1.2/[пароль]3.2 Форма_1A:= найти_сведения(фамилия, Имя, Отчество)

Ынтымақтастық диаграммасы

Компоненттер диаграммалары

Компоненттер диаграммалары жүйенің жұмыс істеу жылдамдығын оңтайландыруда үлкен роль атқарады.

Компоненттер диаграммасының негізгі элементі компонент (component) болады; компонент сол жағына тіктөртбұрышты секциялар орналастырылған тіктөртбұрышпен бейнеленеді. Тіктөртбұрыш ішіне компонент аты жазылады. Компонент аты орындалатын файлдың, деректер базасының және т.б. аты болуы мүмкін.

Кейбір компоненттер үшін арнайы белгілеулер енгізілген:

- динамикалық кітапханалар;

- анықтамалық файлдар;

- программаның алғашқы мәтіні;

- веб-құжаттар.

Кейде оның атының алдына спецификациясы жазылуы мүмкін:

· library - кітапхана;

· table – деректер базасы, жеке кесте;

· file – программаның алғашқы мәтіні;

· document – құжат;

· executable – орындалатын файл.

Компоненттер диаграммасы

Өрістету диаграммасы

Өрістету диаграммасы информациялық жүйенің физикалық орналасуын көрсетеді: серверлерде, пайдаланушы компьютерлерінде, Жердің жасанды серіктерінде, пойыздарда, теңіз кемелерінде, ЭЕМ-нің ішінде; информациялық жүйенің компоненттерінің арасында информация алмасу каналдарын бейнелеуде қолданылады.

Өрістету диаграммасында қолданылатын негізгі белгілеу кубтың аксонометриялық проекциясы түріндегі түйін (node). Оның ішіне аты мен онда өрістетілетін компоненттер көрсетіледі. Түйіндер арасы тұтас сызықтармен байланысқан; онда компоненттер арасындағы байланыстарды жүзеге асырудың сипатын көрсететін түсініктемелер болуы мүмкін.

Өрістеу диаграммасы

Диаграммасы