Кіріспе.Өлкетану пәні мен міндеттері
Орындаған:Ермағамбет А.Б,Сарсехан.Ұ.Ғ,Батырғалиева.Қ.С
Кіріспе.Өлкетану пәні мен міндеттері
Жоспары:
1. Өлкетану пәні, мақсаты және міндеттері
2. Өлкетану пәнінің басқа қосалқы пәндермен байланысы.
3. Өлкетану пәнінің негізгі түсініктерін анықтау.
Өлкетанудың мақсаты балаларды өз өлкесінің табиғатымен, соның ішінде өлі және тірі табиғаттың байланысы жайлы, халқы, шаруашылығы, тарихы және мәдениеті туралы білімдермен қаруландыру.
Тәрбиелік міндеттері:
– өзінің туған өлкесіне, туған елі Қазақстанға деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
– төзімділікті, өлкенің көпұлттылық және көпмәдениеттілік жағдайында төзімді мінез-құлық қалыптастыру;
– отбасылық қарым-қатынасты нығайту, пәннің мазмұнымен тек оқушыны ғана емес, оның ата-анасын да қызықтыру, отбасылық мұрағаттар, аталар мен әжелердің басқа да туыстардың әңгімелері арқылы өлкенің тарихы жайлы білімді тереңдету;
– отбасы мүшелерімен бірге өлке туралы әдебиеттер оқу, фильмдер, бейнефильмдер тамашалау;
Өлкетану – археология, ономастика, мұрағаттану сияқты тарих ғылымдарының салаларымен тығыз байланысты. Жер, адам есімдері,, ру атаулары т.б. жағдай жай қойыла салмайды, олардың әр қайсысының өз тарихы, өз мәні бар.
Өлкетану бастапқы түсініктері: өлке (түсінігінің мәні) – жер, жақ, ел, өлке; өлкетану әдебиет, жергілкті басылымдар, аймақ – белгілі бір елге, облысқа я бірнеше мемлекетке тиісті, өлкетану библиографиясы, тарихи библиографиясы, аймақтық әдебиет.
Өлкетанудың зерттеу объектілері болып табылатындар: табиғат, тұрғындар және өлке экономикасы, өлке тарихы, өлке өнері, табиғат, климат, тарихы, тұрғындары, мәдениет және тұрмысы жатады. Өлкетану– көпқырлы, комплексті құбылыс. Өлкетану өз мазмұны бойынша тарихи, әдеби, этнографиялық, биологиялық, географиялық, экономикалық болып бөлінеді
Өлкетану материалдары арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу педагогикалық үдерістің: түсінік қалыптастыру – білім беру – біліктілік – практикалық ісәрекетке баулу атты тізбегін құрастыруды көздейді. Өлкетану жұмысының түрлері саяхат, экскурсия, бақылау жүргізу, кеппешөп жинау, тәжірибелер жасау, мамандық иелерімен кездесулер тағы басқа практикалық іс-әрекеттерді оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құндылық көзқарастарын қалыптастыруға, білуге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталады.