Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды. Ол төмен қарай бағытталып, топыраққа тереңдей береді. Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.
Негізгі тамырдың ұзын жағы аздап бұтақталғанмен, жіңішкелігі тамыр мойнынан бастап, ұшына дейін біркелкі болады.
Негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерде кездеседі.
Негізгі тамыр онша жетілмейді, немесе бірте бірте жойылып кетеді. Бұл кезде сабақ түбінен қосалқы тамырлар өсіп шығып шашақ тамырға айналады. Астық тұқымдастарға тән.
Жанама тамыр негізгі тамырдың жан жағынан таралады. Топырақтан қоректі заттарды соруға қатысады.
Сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Өсімдіктің топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтеді.
Бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы.
Негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Жан жағына жанама тамырлар дамиды. Мысалы, асбұршақ, асқабақ, қауын, күнбағыс, жоңышқа.
Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды. Болса да өте нашар дамиды, жуандамай басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама, немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап, топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ.
Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгертуі арқылы бейімделуі метаморфоз деп аталады.
Органикалық заттар негізгі тамырда қорға жиналып, жуандап, түрін өзгертеді. Жиналған қоректік заттарды өсімдіктер көктемде пайдаланады.
Қызылша, сәбіз, шомыр, тарна, ақшелкек, шалғам.
Қант қызылшасы, шашыратқы.
Паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұларда хлорофил болмайды. Сондықтан емізік тамырлар арқылы дайын қоректік заттарды сорады. Сұңғыла, арамсояу.
Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр. Мысалы, үнді фикусы. Мұндай ағаштардың діні өте жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.
Оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өсетін, тыныс алу қызметін атқаратын тамырлары бар өсімдіктер. Ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады. Мангр ағашы, айұрық, монстера, сауыр.
Нарғызгүл, батат, шырыш, таушымылдық өсімдіктерінің тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды, сондықтан жуандап, шырынды, түйнекті тамырға айналады. Түйнекті тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.