Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі Тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік саласын, оны іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін қоса алғанда, қалыптастыру үшін бірыңғай институционалдық, әдіснамалық, ұйымдастырушылық негіз қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының туризмін, Ақмола облысының Щучье-Бурабай курорттық аймағын, Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймағын, Кендірлі демалыс аймағын дамытудың бекітілген жүйелі жоспарлары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер-жоспары негізінде әзірленді.
Осы Тұжырымдаманың мақсаты әлемдік туристік нарық жүйесіне интеграцияланған тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік саланы құру болып табылады.
Міндеттері:
1) ішкі және келу туризмін дамыту;
2) өңірлік мәдени-туристік кластерлерді дамыту;
3) туристік саланың мемлекет экономикасына үлесін ұлғайту, инвестицияларды ынталандыру;
4) туризм индустриясында және экономиканың ілеспе салаларында жұмыс орындарын құру;
5) кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың аралас салаларындағы ШОБ және жалпы ел мен өңірлер бойынша, ауылдық аудандарды қоса алғанда, адами әлеуетті дамыту;
6) туристік өнімнің сапасын арттыру және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
7) туристік дамуды, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жоспарлау;
8) туристік инфрақұрылымды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету;
9) ішкі және халықаралық нарықтарда туристік дестинацияларды жылжыту;
10) бірыңғай ұлттық туристік брендті қалыптастыру.
Мемлекет басшысының 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылуы мүмкін:
"Алтай маржаны"Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерін қамтиды.
Астана-Еуразия жүрегі" - бұл Астана қаласы базасында туристік кластер.
"Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы" – бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігін қамтитын кластер.
. "Каспий қақпасы" барлық Маңғыстау облысын және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының бөлігін қамтиды.
. "Ұлы Жібек жолын жаңғырту" Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бөліктерін және Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтиды.
"Табиғат және көшпелі мәдениет бірлігі" Ақмола және Қарағанды облыстарын, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігін және Павлодар облыстарының батыс бөлігін қамтиды.