Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік индустрияландырудан ерекшелігі болды. Капиталистік мемлекеттер ӛздерінің индустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетін жеңіл ӛнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды. Осы салаларға тән болып келетін кәсіпорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатын қаржының (капиталдың) айналымдылығы әуелгі кезде жеңіл ӛнеркәсіпті ӛте тиімді салаға айналдырады. Тек уақыт ӛткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр ӛнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады.
Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің ӛзінде ӛте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір топ ӛлкедегі кеңес және партия қызметкерлері кӛшпелі халық бірден социализмге ӛте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың кӛшпелі ӛмір салты ұлттық ерекшелік болып табылады, олай болса елді индустрияландыру бағыты оның осы ұлттық ерекшелігін жояды деп есептеді. Мұндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни «уклонистер» деп айыптады.
Келесі бір топтың ӛкілі С. Садуақасов ӛнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ, ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмайды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның ӛндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық ӛнеркәсіптерді кӛптеп салып, оны ары қарай дамыту қажет. С. Садуақасов шикізат қоры кӛздеріне ӛнеркәсіптерді жақындату мақсатын кӛздеді. Ол ӛлкеден шикізаттарды ӛндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан дайын ӛнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни ӛлкені тек шикізат кӛзі ретінде пайдалануға қарсы болды.
Қазақстанға ӛнеркәсіпті күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есептегендер болды. Олардың пікірінше артта қалған кӛшпелі халық индустрияландырудың ӛте жоғарғы қарқынына ілесе алмайды. Сонымен қатар ӛндіріс орындарына жергілікті ұлт ӛкілдерін кӛптеп тарту, яғни жергіліктендіру (коренизация) саясаты ӛндірісті ӛте-мӛте қымбаттатады, қазақтар жұмыс істей алмайды, олар бәрібір даланы аңсайды деген кӛзқарас та болды. Мұндай пікір айтушы топты большевиктер «ұлыдержавалық шовинистер» деп айыптады.
Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру саясатының бағыттары жӛнінде пікір айтушыларға әртүрлі айдар тақты. Ал ӛздері белгілеген елді «социалистік индустрияландыру» бағытын ешбір қатесі жоқ, толық аяқталған саясат деп қарастырды. Большевиктер белгілеген индустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтың шикізаттық бӛлшегіне айналуы керек болды. Орталық ұсынған бұл кӛзқарасты осы кезде ӛлкенің партия ұйымының басшылығына тағайындалған Ф. Голощекин де қолдады. Республика ӛмірімен мүлде таныс емес Ф. Голощекин ӛлкенің шаруашылық жүйесіндегі ерекшелікті мойындамады.
Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ӛте қүрделі жағдайда жүргізілді. Біріншіден, ӛлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда артта қалған еді. Екіншіден, ӛлкеде соғыстан қираған шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру шаралары созылып кетті. Яғни, ол уақыт жағынан бірінші бесжылдықпен сәйкес келді.
Осындай жағдайларға қарамай большевиктер Қазақстанды бүкілодақтық кӛлемдегі елді индустрияландыру бағытында жетекші орынға қойды. Қазақстанды индустрияландырудың ең алғашқы қарлығашы Түркістан-Сібір темір жолы болды. Индустриаландыру жылдарында Қарағанды-Балқаш, Гурьев-Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жолдары салынды. Ӛлкені индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түрлі-түсті металлургия, кӛмір және мұнай ӛндіріс орындары мен теміржол саласын одан әрі ӛркендету міндеттерін қойды. Осыған байланысты жаңа ӛндіріс орындарын салу және жұмыс істеп тұрған ӛндіріс орындарын қайта кұру үшін тек 1933—34 жылдары 566,6 млн сом қаржы бӛлінді. Оның бестен тӛрті ауыр индустрияны дамытуға жұмсалды. Олардың ішінде Қарағанды шахталары, Шымкент қорғасын және Балхаш мыс
Мұнай ӛндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мұнай ӛндірудің кӛлемі 700 мың тоннаға жетті. Мұнай ӛндіруден Қазақстан Одақ кӛлемінде 3 орынға шықты. Ембі мұнай орны игерілді. Сағыз және Құлсары мұнай орындары ашылды. Қазақстанда химия ӛндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтӛбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928-1940 жж. темір жолдардың ӛсуі 50 процентке артып, оның ұзындығы 6581 км-ге жетті.
Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды кӛмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Республикан-ың сол кездегі экономикалық ресурстары мұндай құрделі құрылыстарды салуға мүмкіндік бермейтін еді. Алайда соған қарамастан Кеңес үкіметі бұл құрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды. Қарағанды кӛмір ӛндіріс орындарын да тез қарқынмен дамыту қажет болды. Себебі түрлі-түсті метал ӛндіру саласын тез дамыту барысы елде кӛмір ӛнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты. Ал сол кездегі елдегі кӛмір ӛндіріс орындары сұранысты қамтамасыз ете алмады. Осыған байланысты большевиктер тӛтенше жағдайда Қарағанды кӛмір ӛндірісінің бар мүмкіндіктерін жұмылдыруға тырысты.
Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Ӛскемен қорғасын-мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел кӛлеміндегі түрлі-түсті металдарды ӛндіруші ӛте ірі ӛндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бәрі Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан одақ кӛлемінде 2 орынға шығарды.
Мұнай ӛндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мұнай ӛндірудің кӛлемі 700 мың тоннаға жетті. Мұнай ӛндіруден Қазақстан Одақ кӛлемінде 3 орынға шықты. Ембі мұнай орны игерілді. Сағыз және Құлсары мұнай орындары ашылды. Қазақстанда химия ӛндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтӛбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928-1940 жж. темір жолдардың ӛсуі 50 процентке артып, оның ұзындығы 6581 км-ге жетті.
Қазақстан 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдары, ӛте қысқа мерзімде аграрлы елден индустриялы елге айналды. Большевиктер ӛлкені индустрияландыруды ӛте жоғарғы қарқынмен жүргізді. Мысалы: Одақ кӛлемінде мұнай ӛндіру 1926-1940 жж. 3 есе кӛбейсе, Қазақстанда — 5,9 есе кӛбейді; кӛмір ӛндіру Одақ бойынша 5,7 есе артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр қуатын ӛндіру Одақ кӛлемінде 23,7 есе артса, Қазақстанда — 486 есе артқан, яғни одақтық кӛлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда — 3,1 есеге артқан.
Қазақстанда индустрияландырудың ӛте кең кӛлемде және жоғарғы қарқында жүзеге асырылуы инженер-техникалық маман кадрларды қажет етті. Әсіресе, 1933-1934 жылдары ӛндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы жаңа құрал-саймандармен, машиналармен қамтамасыз етілді. Оларды игеру үшін маман кадрлар қажет болды. Бұл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт мектептері, техникалық минимум үйірмелері ашылды. Ӛнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-металлургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды. 1933-1937 жылдары жоғары оқу орындары мен техникумдар 13 мың маман ка