Тақырып: Ауызекі сөйлеу стилі
Ереже
Бұл өте кең таралған функционалды стиль.Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ақпал жасайды: баяндама, әдіс, пікірталас.
Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері,эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады.
Пікірлері
О.А.Лаптева ауызекі сөйлеу стилінің жалпы ерекшеліктері функционалдық стильдердің ауызша түрдің бәрінде ұшырасатынығын айтады.
Ауызекі сөйлеу стилін Е.А.Заемская және т.б. зерттеушілердің бір қатарыауызекі сөйлеу стилі ерекше тіл деп санайды.
Қазақ ғалымдарының ішінде Р.Сыздықова ауызекі әдеби тіл,ауызша әдеби тіл деп екіге бөледі.Ауызекі әдеби тілге қазіргі функционалдық стильдердің ресми,ғылыми, публицистикалық стильдердің ауызша формасын жатқызуға болады, себебі, былайша анықтама берді: "Ұлттық әдеби тілдің жазу өнері шыққанға дейінгі үлгісі,сөз өзнері хатқа түспей тұрған ерте дәуірдегі қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік реттеу үшін тұтынылған бейнелі,асқақ стильге құрылған сөз таптау үлгісі."
Мысалы
а)ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады.Қатысушы екі адам.Интонация ерекше қызмет атқарады, Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшелігі монолог(бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация;)
ә) Ауызекі сөйлеу стилі ерекшіліктерінің екіншісі-оның эмоциялылығы,өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады.Мыс., -Көбірек сөйлеп кетті(бәсеңдеу түрі, бірақ эмоция сезіледі). -Мылжыңдап кеттің ғой!(эмоцияның қатаң түрі);
б) Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданылады; Ауызекіде сонымен қатар, одағай, қыстырма, қаратпа сөздер жиі қолданылады. Мыс.,-Айналайын-ау сені түсінеді деп айтып тұрмын.
в) Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады(теңеу,эпитет,гипербола). Мыс., "Өгіздей біреу алдымнан шыға келді."
-Уау,қандай күшті!
Оһо,би деп осыны айт.(сөйлеу стилінің фонетика-морфологиялық ерекшелігі-экспрессивті-эмоционалды сөздерді қолдану)
-Балақай, сурет сала білесің бе? (фонетика-морфологиялық ерекшелігі-оқшау сөздер қолдану)
Мысалы
Project 1
Subheading
Ауызекі сөздің диалог түрінде жүруі оның синтаксистік құрылысына, лексикасына көп әсер етеді.Сөз айтуға, түсінуге ыңғайлы құрылуы тиіс.
Диалог өзге репликалар өзара ұштасып,сабақта-сып жатады.Бұл да сөйлеу тілінің синтаксистік құрылысына тән ерекшелік.
Ауызекі сөйлеу стилінің түрлері
1.Дидарластық сөз(әңгімелесу,сұхбаттасу)-екі немесе бірнеше не оданда көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады.
2. Полемикалық(дауласу)сөз-мүддені,пікірді,қорғауда жұмсалатын лебіз.
3.Көпшілікке арналған сөз(баяндама,лекция)