Loading…
Transcript

МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ АКПАРАТТЫҚ КАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мультимедиа

Мультимедиалық журналистика дегеніміз не?

Мультимедиялық журналистика - бұл журналистік материалды жеткізудің қандай да бір түрі. Бұл бір тақырыпта жазылған, бірақ құрамында бірнеше формат - фото, видео, мәтін, инфографика, интерактив бар медаиөнім болып табылады. Форматтардың үйлесімділігі әртүрлі, алайда сол материалда ортақ мағына, мақсат, тақырып, идея және мәселе болуы тиіс. Мультимедиялық журналистика бұл ретте телевизиялық, радио және газет журналистикасымен бір қатарда тұрады.

Мультимедиа

Аудио Видео Фото Графика

Ақпараттық қауіпсіздік

Ақпараттық қауіпсіздік

«Әлемде ешкім тоқтата алмайтын екі нәрсе бар. Оның бірі- уақыт болса, екіншісі - ақпарат»

Бүгінде миллиондаған сансыз ақпараттар көз алдымыздан өтіп, ақпарат ғасырында өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Тіпті кейде қайсысы шын немесе жалған екенін айыра алмай жатамыз. Ақпараттың күштілігі сонша, оның бүтін бір елді, бүтін бір әлемді талқандайтын күші бар. Сондықтан қазіргі әлемнің басты проблемасы - ақпараттық қауіпсіздік мәселесі.

Ақпараттық қауіпсіздік деген не?

Ақпараттың қауіпсіздігі – бұл, берілетін, жинақталатын, өңделетін және сақталатын ақпараттың қоршаған ортаның әсерінен және сыртқы қауіптерден сақтайтын – бұзылуға қарсы тұрақтылығы мен кедергілерге қарсы тұратын қасиеттері.

Қауіпсіздік деген сөздің түп-төркінінде қаншама мағына жатыр. Қауіпсіздік белгілі бір нәрсенің қорғалуы, сақталуы, дұрыс өңделуі, дұрыс жетуі. Ақпаратты қорғау деп ақпараттық қауіпсіздікке төнген қауіпті болдырмау және оның кедергілерні жоюға арналған ұйымдастырушылық, құқықтық шараларды айтады.

ҚР 2012 жылғы заңында «Ақпараттық қауiпсiздiк – елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі» деп көрсетіледі.

Фактор

Факторлар

Ақпараттық соғыс немесе ақпараттық экспанция

Қытай мәселесі.

Ақпарат жауапкершілігі мен жалған ақпарат тарату

Ақпараттық соғыстың лебі де Қазақстанға да жетпей қоймады. Мәселен, 2014 жылы сәуір айында әйгілі адамдар туралы жазатын қазақтілді «Аңыз адам» журналы кезекті нөмірін 60 миллиондай адамның ажалына себепкер болған фашист, өз заманының мықты саясаткері Адольф Гитлерге арнап шығарған болатын. Осы шығарылым қоғамда үлкен дау тудырды. Тіпті, Ресей CIM наразылық нотасын жолдады. Журналдың бас редакторы Жарылқап Қалыбайдың басы үлкен дауға қалды. Соғыс ардагерлері өкпесін білдірсе, ресей журналистері басылым бетінде мақалалар жариялап, қазақ баспасөзін қатаң сынға алды.Ресей ақпараттық агенттігінің өз ұлттық мүддесін қорғап жазған «жаптым жала, жақтым күйе» мақаласы жарық көреді. Гитлерге нөмір арнаған журнал жазаға тартылу керек деп, ал оның редакторына әкімшілік іс қозғады. Осы ушыққан жағдайдан соң «Аңыз адам» журналының редакторы Жарылқап Қалыбай мен журнал ұжымы abai.kz сайтына 2014 жылы 19 сәуір күні « «Аңыз адам» журналын қараушылардың назарына» атты мақаланы ұсынды. Мақалада,олар журналды босқа жазықсыз жазғырғандарын айтты. Мақала былай басталады: «Адольф Гитлердің өмірбаяны мен қызметін жаздың» деп жазғырып, мәселенің байыбына бармай тұрып байбалам салған, бізді Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне айдап салып, сыртымыздан үкім шығартуға дейін алып барған ДАУДЫҢ басында тұрған кім деңізші? Ресей журналистері! Нақтырақ айтсақ, ресейлік REGNUM «Новости» ақпараттық агентігінің аты белгісіз авторы. Олар біріншіден, «бұл журнал Гитлердің 125 жылдығының құрметіне басылды» дейді. Журналда оның 125-ке толғаны туралы бір ауыз сөз жоқ, ол, тіпті, біздің ойымызға да келмепті. Бұл – бір. Екіншіден, «фашистік идеологияны ақтауға арналған» дейді.

Қытай мәселесі

Қазіргі кезде қытай мәселесі елімізде өте көп көтеріледі.Мұсылман жұртшылығын, оның ішінде миллиондаған қазақты жазықсыз сауықтыру түрмелеріне тоғытып отырған қытай саясаты қазақтардың наразылығын тудырды. Басылым беттерінде бұл жайлы біршама айтылуда.Мәселен, «azattyk.org», informburo.kz сайттарында жазылып жүр. Мысалы, 2019 жылы 10 ақпанда Информбюро сайтында «Қытай қаупі әлемдік тақырыпқа айналды. "Барлық бәле Қытайдан" деу дұрыс па?» деген көлемді мақала шықты.Мақалада, 2019 жылдың алғашқы аптасында Қытай билігі бір топ шетелдік журналист пен дипломатты Шынжаңдағы саяси үйрену лагерлеріне апарғанын, оған Ресейдің, Индонезияның, Үндістанның, Таиландтың, Қазақстанның дипломаттары қатысқаны жайлы айтылады. Мұнда отырған тұтқындардың көздерінен мұң көрінгенмен,өз сөздерінде өмірлеріне риза екендерін айтады. Бұл да бір қытайдың сындарлы саясаты болуы мүмкін. Бірақ расында, қытай сауықтыру лагерьі емес, адамдардың жанын жазықсыз азаптайтын қатал суық түрме екенін бүкіл қазақ біледі, тіпті жақын туыстары сонда отырған қазақтарда кездеседі, оған дәлелді фактілер бар. Бірақ басылым беттерінде ол туралы ашып айтылмайды да, шынайы жазылмайды. Әсіресе, еліміздің айнасы болатын «Егемен Қазақстан», шындықты шырылдататын «Жас Алаш», халықтың ақылшы «Айқын» газеті осы жайлы бірде-бір ашып материалдар бермей отыр. Жай ғана еліміздегі санаулы сайттар ғана ашық ақпарат таратуда. Бұның астынан үлкен ақпараттық соғыстың лебін сезуге болады. Қытай саясатының Қазақстан сайттарын бірден білу мүмкін емес, ал халықтың айнасы болатын басылымдардан бірден көру қытай наразылығын көтеру мүмкін. Оның өзі ақпараттық саясатты білдіретін шығар!

ҚР Қылмыстық кодекстің 274-ші бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» деп аталады. Жалған ақпарат таратып, қоғамға қауіпті іс әрекет жасаған, құқыққа қайшы орын алған іс-әрекеттерге жазалар тағайындалады.

Қазіргі кезде интернет кеңістігінде еркіндік берілген. Кез-келген адам ақпарат тарата алады. Ол шын ба, рас па тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Тіпті, осы жылдары «Каспий» банкінің жабылатынын айтып жалған ақпарат таратылған болатын. Нәтижесінде адамдар өз қаражаттарын ала бастады.

Тіпті, өткен жылы Минигиккок инфекциясы халықты бір шулатып алды. Түрлі басылымдар әсіресе сайттар түрлі ақпараттар жаудырта бастады. БАҚ-тың менингитке қатысты сол кездегі реакциясын салыстырсақ қызық. Екі сайтты мысалға алып көрейік: nur.kz және zakon.kz. Nur.kz ақпараттық порталында 2018 жылдың 5-маусымына дейін «менингит» атауы бар барлығы 57 материал жарық көрген. Оның ішінде 56 материал 2018 жылы жазылса, тек біреуі 2017 жылға тиесілі. 2015 жылы ол туралы мүлдем жазылмаған. Zakon.kz сайтына келер болсақ, 2015 жылы менингит жайында 9 жаңалық берсе, 2018 жылы кем дегенде 84 материал жарық көрген. Шешім өздігінен шығып тұр: егер бір оқиға туралы көп айтылса, ол ақпараттың рас екендігін білдірмейді. Редакция менингитке және одан болған адам өліміне қатысты ақпаратты тексеруді жалғастырады.

Менингиккок эпидемиясы деген шудың рас өтірігін ақпараттың рас-өтірігін анықтайтын «fackcheck.kz» сайты 2018 жылы 5 маусымда Виктория Лидің «Жалған . Қазақстанда менингит эпидемиясы тарауда»

»атты мақаласы жарық көрді. Мақалада журналист статистикалық мәліметтер келтіріп, бұл инфекцияның Қазақстанда тіркелгеніне ұзақ уақыт болғанын айтады. Сайттың үкімінше, Қазақстанда менингит эпидемиясы жоқ. Белгілі бір көрсеткіштердің мөлшерінен шыққанда ғана эпидемия пайда болады. Менингитке қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өз коэффициенттері бар деп, статистика келтіреді. Осындай, жаңалықтарды еліміздегі көптеген сайттар мен басылым беттері анық- қанығын зерттемей жариялаған. Нәтижесінде, халық арасында үлкен дау мен қорқынышқа алып келді. Ата-аналар балаларын мектепке жібермесе, жұмысшылар өз жұмыстарын тоқтатты. Бұл да Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінің бірі.

Акпарат

Ақпараттың күші бүкіл бір әлемді, тіпті бүтін бір елді өзгертіп, саясатын шайқауға шамасы жетеді. Алысқа кетпей өзіміздің Қазақстанның ішін алайық. 2018-2019 жылдары елімізде біршама ауыр оқиғалар орын алды. Мәселен, Денис Теннің ауыр қазасы, Астанадағы жазықсыз 5 сәбидің өлімі, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, ұлтаралық қақтығыстар. Астанадағы ауыр трагедия бүтін бір қазақ халқын жылатпай қоймады. Тіпті, бұл оқиға ақпараттың күші арқылы, әлеуметтік мәселенің басын ашып берді. Еліміздің жан-жағынан көпбалалы аналар мемлекетке наразылығын білдіріп, әлеуметтік көмекті талап етті. Егер осы оқиғалар осыдан 10 жыл бұрын орын алса, бұл оқиға баспасөз бетінде ғана жарияланып немесе мүлдем жарияланбай қалып қоятын ба еді?! Жақында ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев Нұр Отанның XVIIІ сьезінде көпбалалы отбасыларға 21 теңгеден төленетінін айтты. Бұл ақпарат күшінің мемлекет саясатын өзгертуге дәрмені жететінін айтуға болады.

Қорытынды: Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі бүгінгі күннің басты проблемасы. Ол қай уақытта болмасын өзекті әрі маңызды. Ақпарат қауіпсіздік ақпараттың сыртқа таралып кетпеуін ғана шектемей, ақпараттың дұрыс жеткізілуін, дұрыс өңделуін, оның халыққа таратылуын да қамтамасыз етеді.

Бүгінгі Қазақстанның ақпарат кеңістігінде миллиондаған ақпараттар көзімізден өтеді. Тіпті бірін оқысың, енді бірін оқуға уақытың жетпейді. Кейде өзіміздің де ақпарат тарататын кезіміз болады, бірақ біз сол кезде мен қандай ақпарат таратып жатырмын деген сұрақты өзімізге қоямыз ба?

Ақпараттық қауіпсіздік ең алдымен отбасынан басталады.