Кластар диаграммалары. Класс туралы түсінік, UML тілінде, құрылымдары, қасиеттері және басқа объектілермен қатынасы бірдей болатын объектілер жиыны ретінде қарастырылады. Графикалық түрде класс: аты, қасиеттері, әдістері және ерекше жағдайлар деп аталынатын төрт секциядан тұратын тіктөртбұрыш болады.
Кластың атынан басқа секциялардың болмауы мүмкін. Мұның себебі – жобалаушы алғашқы кезде болашақ жобаның құрылымы туралы тек жалпы түсінігі ғана болады. Жобалау барысында әрбір кластың ролі мен оның қасиеттері туралы мәлімет толықтырыла береді. Сондықтан ол секциялардағы мәліметтер де өзгеретін болады.
Класс аты толық шрифтпен ең жоғарғы секцияға жазылады.
UML кластарының диаграммаларының компоненттерінің арасында әртүрлі қатынастар болуы мүмкін:
· тәуелділік қатынас (dependency relationship);
· ассоциация қатынасы (association relationship);
· қорытындылау қатынасы (generalization relationship);
Тәуелділік қатынасы диаграмма компоненттері арасындағы жалпы байланысты көрсетеді. График түрінде бұл байланыс тәуелді кластан тәуелсіз класқа бағытталған пунктир стрелка арқылы бейнеленеді.
Агрегация қатынасы бірнеше кластың басқа бір класқа енгізілуін көрсетеді; мысалы, Сервиз класын келесі кластарға бөлуге болады: Кеселер, Шәйнек, Тостағандар.
Жағдай диаграммалары. Ақпараттық жүйенің жұмыс істеу барысында системаның объектілерінің қасиеттері әртүрлі мәндерді қабылдауы, ал системаның объектілері әртүрлі жағдайда болуы мүмкін. Объектілердің жағдайы, объектілердің бір жағдайдан екіншісіне өтуі, объектілер бір-бірімен алмасатын хабарламалар ақпараттық жүйенің динамикалық құрастырушысы болады. Ақпараттық жүйенің динамикасын модельдеу үшін жағдайлар диаграммасымен қатар, қызметтік, тізбектік және кооперациялық диаграммалар қолданылады. Олардың әрқайсысы өз бетімен болашақ системаны көрсетеді.
Жағдайдың ішкі амалдарын сипаттау келесі формат бойынша сипатталынады:
метка // действие
Мұнда метка аргументі келесі кілттік сөздердің бірі болады:
· entry- амал объектінің осы жағдайға өту сәтінде орындалады;
· exit- амал объектінің осы жағдайдан шығу сәтінде орындалады;
· do- амал объектінің осы жағдайда болу сәтінде орындалады;
· include– объектінің осы жағдайдағы бағынышты жағдайына (substate) өтуі.
Құрама жағдай (composite state) немесе супержағдай дегеніміз объектінің өзіне бірнеше бағынышты жағдайларды қамтитын жағдайы. Бағынышты жағдайларды пайдалану көбінесе объектінің жағдайын оның бір қасиетіне байланысты көрсету керек болғанда ыңғайлы.
Құрама жағдайдың графикалық бейнелеуінің екі нұсқасы болады: бірізді жағдай және параллель жағдай.
Тарихи жағдай (history state) дегеніміз барлық соңғы өткен жағдайлардан объектінің соңғы бағынышты жағдайына өту.
UML тілінде бір жағдайдан екіншісіне өту лезде болады немесе уақыт жұмсалынбайды. Жағдайлар арасындағы өту диаграммаларда стрелкамен бейнеленеді. Стрелкалардың үстіне осы өтудің себебі болатын оқиға (event), осы өтудің болу шарты (күзеттік шарт) және осы өтумен қатар орындалатын амал жазылады. Олардың жазылуы:
оқиға(параметрлер тізімі) [күзеттік шарт] орындалатын жағдай
Жағдай диаграммаларында оқиға триггерлер ролін атқарады. Қажетті оқиға пайда болмай, өту амалы орындалмайды.
Триггер дегеніміз ағылшын сөзінің trigger – крючок, ілгек деген сөзден алынған; ол екі тұрақты жағдайы болатын, бір битті сақтайтын электрондық құрылғы; сыртқы сигналдың әсерімен екі түрлі мәннің бірін қабылдайды.
Күзеттік шарт (guard condition) – ол өтудің қосымша шарты болатын логикалық өрнек. Егер күзеттік шарт false мән қабылдаса, онда оқиға болғанымен, өту орындалмайды. Күзеттік шартты пайдалану келесі жағдайларда ыңғайлы: белгілі бір оқиға орындалғанымен бірнеше жағдайдың бірі таңдалынатын болса.
UML нотациялары ақпараттық жүйелерді құрастыру кезінде процестерді бейнелеу үшін кең мүмкіндіктер береді. Бірақ оларды шамадан тыс күрделендірудің пайдасы жоқ, себебі ондай жағдай модельдің күрделі болуына келтіреді.