Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Танымның мүмкіндіктері мен шекаралары.

Рымбек Айгерім

Жоспар:

  • Таным және оның тарихы

  • Танымның мүмкіндіктері мен шекаралары

  • Ғылыми танымның ерекшеліктері

  • Ұлы философтардың көзқарастары
  • Адам дүниені қалай таниды?

  • Адам жағалай қоршаған ортаның шындығын танып-біле ала ма әлде біле алмай ма?

Философиялық ағымдардың қайсысы болмасын алдыңғы үлкен сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақ философияның үлкен тарауларының бірі – гносеологияның өзегін құрайды (gnosіs – грек сөзі, -тану-білу, logos – ілім).

Таным және оның тарихы

Эпистемология немесе таным теориясы — философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.

Тарихы

Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр.

Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды.

Гносеологиядағы орталық ұғымдар

Таным обьектісі

Таным субьектісі

Таным

Білім

ТАНЫМ

- бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі;

- білім алу үшін шығармашылық ізденіс;

- таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады;

- адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі;

- адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады.

Таным процесі 2 сатыдан тұрады:

Рационалдық таным:

Сезімдік таным:

1. Тікелей бейнелеу;

2. Сыртқыны бейнелеу;

3. Жекеніі бейнелеу.

1. Жанама бейнелеу;

2. Ішкіні бейнелеу;

3. Жалпыны бейнелеу.

Дүниені танып, игеріп, оны білу үшін адамдардың қарапайым өзіндік тәжірибесі, сонымен қатар ол тәрбиеленген мәдени-әлеуметтік ортаның ерекшеліктері де маңызды роль атқарады. Дегенмен, дүниенің терең байланыстары мен тұрақты қасиеттерінің қыры мен сырын білу үшін адамның қарапайым танымының аясы тар, мүмкіндігі мардымсыз болады. Сондықтан, адам арнайы ғылыми, кәсіби білім алуға ұмтылады, яғни танымның ғылыми деңгейіне көтерілуге тырысады.

Таным екі деңгейден тұрады:

1.Үйреншікті, қарапайым таным

2.Ғылыми таным

Ғылыми таным дүниенің, объективті шындықтың жалпы байланыстары мен қасиеттерін арнайы тәсіл арқылы зерттейді. Ғылыми таным-жүйелі таным. Ол адамнан арнайы дайындықты, іздестіруді, тынымсыз еңбекті қажет етеді.

Ғылыми таным өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.

Философтардың көзқарастары

Аристотель «Метафизика», «Аналитика» және т.б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Ол обьективтік шындықты танып білуге болатындығана күмән келтірмейді.

Платон таным процесі – жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деген қорытынды жасайды.

Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті.

Қорыта айтқанда

Таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы практикалық қызмет арқылы байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске асады.

Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi