Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Алкалоидтар

Дайындаған: Ысқақов Мағжан

Жұмахмет Али

Сулейменов Бекжан

Айбосынова Индира

Мауытқазы Аяжан

Жалпы сипаттама

Алкалоидтар — (араб.: alkali‎ – сілті және гр. eіdos – түр) — құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар. (хинин кофеин никотин эфедрин анабазин т.б.). Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөліп шығарылған. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай.

OUR VALUES

Қосымша мәлімет

Қосымша мәлімет

Алкалоидтар өсімдіктердің организмінде түзілетін, жоғары биологиялық, күрделі табиғи органикалық азотты қосылыстар. Олардың сілтілік қасиеті болады. Сол сілтілік қасиетіне байланысты арабша «Alcali» сілті, грекше eidos - ұқсас деген сөзден аталған. Бұл атауды 1819 жылы Меньер алғашқы рет XVIII ғасырдың аяғында француз фармацевттері анықтаған. 1892 жылы Функруа Цинхона қабығынан алкалоидтар жинағын алған, ал Боме 1797 жылы құрамында наркотин бар опииден «кристалды тұзды» бөліп алған. 1802 жылы Дерон наркотин мен морфиннен тұратын алкалоидтар қоспасын алды. 1804 жылы Сесьюмен опииден морфин алып, оның физикалық қасиеттерін зерттеген. Тек қана герман аптекарі Сертьюрнер 1806 жылы апиын құрамындағы алкалоид морфинді бөліп алып, оның ұйықтатқыш әсерін байқады. Ол 1810 жылы морфиннің табиғи негізін және оның қышқылдармен тұз түзетін қасиетін дәлелдеді.

Жіктелуі

Көп санды алкалоидтардың ішінен бір бөлігі ғана оқып танылғандықтан, бөлініп алынған заттар ғалымдарға жіктелуді дәлелдеуге мүмкіндік бермейді. Американдық ғалым Манске Р.Г. фармакологиялық жіктелуді ұсынды. Мысалы: спазмолитикалық, қабынуға, қатерлі ісікке, гипертонияға қарсы т.б. Басқа ғалымдар алкалоидтарды тұқымдасына, туысына қарай мәселен, амаралис немесе кейбір ерекше құрылысы бойынша тропан, стрихнин т.б. бөледі.

Көп авторлар алкалоидтарды негізінен гетероциклдің табиғатына қарай қояды. А.П. Ореховтың ұсынысы бойынша алкалоидтар көміртегі-азот қаңқасының құрылысына қарай, уақытта байланысты қосылған өзгерістер мен классификациясы пайдаланылады.

Негізгі топшалары

Негізгі топқа байланысты бөлінуі

1. Пиридин және пиперидин туындылары.

Эфирлердің қышқылдық компоненті ретінде сенацин, сенецифиллин, ангелик және саррацин қышқылдары ұшырасады.

2.Пирролизидин және пиперидин туындылары. Бұлар конденцияланған система, құрамында пиперидин мен пирролизидин сақиналары бар конденсацияланған система болып табылады екінші атауы тропан. Тропан алкалоидтар екі аминоспирттен тұрады: тропин және скопин.

3. Хинолин туындылары.

Хинолин туындылары өсімдіктерде сирек кездеседі. Бұған цинхона алкалоидтар және эхинопсин жатады.

4. Изохинолин алкалоидтар. Изохинолин және оның тетрагидротуындылары көптеген табиғи қосылыстардың құрамында болады.

5.Индол туындылары. Бұл алкалоидтардың химиялық құрылысына индолдың конденсацияланған системасы кіреді.

Индол кейбір эфир майларда апельсин глюкозид индикат және табиғи аминоқышқылында Триптофан т.б. қосылыстарда кездеседі индол системасы стрихнос, клавицепс, раувольфия туыстарына жататын өсімдік түрлерінде болады.

5. Пурин туындылары. Пурин құрылысында пиримидин және имидазол сақиналары болады.

Пурин туындылары өсімдіктерде кең таралған. Олар нуклеин қышқылдардың, алкалоидтардың, органикалық негіздерінің құрамында болады.

Пурин алкалоидтар какао, кофе, шай туысына жататын өсімдік түрлерінде ұшырасады.

7. Дитерпенді алкалоидтар. Аконитин алкалоидтар екі топқа бөлінеді: азитин жәнеаконитин. Азитин алкалоидтар 20 көміртек атомынан тұрады, олар пергидрофенантрен туындылары болып табылады.

Аконитин алкалоидтарда 19 көміртек атомдары кездеседі, олар ликактонин туындылары болып есептелінеді.

8. Стероидты алкалоидтар (гликоалкалоидтар). Стероидты алкалоидтардың агликондары 20 көміртек атомында азот бар сапогениндер болып табылады. Олар екі топқа бөлінеді: азоты бар сапогениндердің аналогтары және азот құрамды құрамында конденсацияланған Е және Г сақиналары бар стероидтар.

9. Ациклді және бүйір тізбегінде азоты бар алкалоидтар. Бұл топқа алифатты қатарына жататын, колхицин алкалоидтар және фенилалкиламиндер кіреді.

Алифатты алкалоидтар мен фенилалкиламиндер. Өсімдіктерде алифатты (ациклді) алкалоидтар жалғас (ілеспелі) заттар болып кездеседі. Бірақ олардың кейбіреулері негізгі фармакологиялық активті қосылыстар болуы ықтимал.

Алынуы

Алкалоидтың алыну әдістері.

1. Алкалоидтардың тұз ретінде алу жолы. Құрамында алкалоидтар бар шикізатқа қарай қышқылы қосылған суда немесе спиртте тұндырылады. Барлық алкалоидтар тұз ерітіндісіне өтеді.

Ілеспелі заттарды тазарту үшін қышқыл тұнбаға сілті қосады да, пайда болған негізді алкалоидтарды органикалық ерітінділермен (бензол, хлороформ, дихлорэтан т.б.) алады. Тазарту операциясын бірнеше рет қайталап жүргізеді, алкалоидты ерітіндісі ақшыл болғанша. Органикалық ерітіндіні су буымен айдап, құрамында бар алкалоидтар қалдығынан және таза алкалоидтарды бөліп алады.

2. Өсімдіктерден алкалоидты негіздер түрінде алынуы. Алкалоидтар өсімдіктерде көбінесе тұз ретінде болады, сондықтан оларды негіздер түрінде алу үшін дәрілік шикізатты сілтілі ерітіндімен араластырып, (Аммиак, натрий карбонат, гидрокарбонат) пайда болған алкалоидтардың негіздерін органикалық ерітінділер арқылы бөліп шығарады, содан соң тазартады.

Сапалық

реакция

Сапалық реакциялар. Алкалоидтар күшті қышқылдармен не металл тұздармен тұңба түзеді. Алкалоидтарды анықтау үшін көптеген реактивтер: Драгендорф, Вангер, пикрин, фосфорлы вольфрам, фосфорлы молибден қышқылдары т.б. қолданады.

Түсті реакциялар. Алкалоидтар кейбір қышқылдармен, тұздармен әртүрлі түсті бояуларды береді. Мысалы, азотты молибден қышқыл қызыл (бруцин, тебаин, вератрин), көк (кодеин, морфин), жасыл (апоморфин, бермерин, эметил, параверин), тропан қатарына жататын алкалоидтар күкірт қышқылы және асқын су тотығымен жасыл түс береді.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi