Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Актиномициттер - сәулелі саңыраукұлақтар бактериялардың және сілбілі саңырауқұлақтардың қасиеттерін үйлестіруші бір жасушалы микроорганизмдер. Актиномициттер микроорганизмдердің шынайы бактериялар және саңырауқүлақтар арасындағы өтпелі топты кұрайды. Актиномициттер қатарында адам-жануарлар және өсімдіктер үшін зиянды түрлері бар, сонымен қатар белсенді дамушы антибиотиктер (стрептомицин тетрациклин және т.б.) В тобынын витаминдері никотин қышқылы.
Ең алғаш болып актиномицеттерді 1878 жылы Ц. Гарц анықтаған болатын. 1945 жылы С. Ваксман және А. Шатц актиномицеттер дақылдарынан медицинада кең қолданыс тапқан стрептомицин антибиотигін бөліп алды
Морфологиясы бактериялар мен саңырауқұлаққа ұқсамайды құрылысы мен биохимиялық қасиеттері бактерияларға, ал көбею жолдары гиф пен мецери түзетін саңырауқұлаққа ұқсас. Біржасушалы нағыз ядросы жоқ прокариотты ағза, көбісі аэробты, бірақ арасында анаэробтарда кездеседі.
Табиғатта кең тараған суда, топырақта жануар мен өсімдік қалдықтарында кездеседі. Топырақта қарашірікте ыдыратып гумус түзуге қатысады.
Бактериялар
Саңырауқұлақтар
Бактерияларға ұқсас актиномицитер таяқша тәрізді . Ал саңырауқұлақтарға жақын түрлері мицери түзеді. Агарлы қоректік ортада өскенде субстрат және ауамицери пайда болады. Ауа мицери ұштарында денесінде спора жүретін көбеюін органдарында орналасқан. Мицери гифтерінің ені 0,5-1,2 мкм ұзындығы әртүрлі. Гифтерінің құрылымы, химиялық құрамы бактерия қабақшасына ұқсайды. Көп түрлерлінің денесінде түрлі түсті баяу пигменттер бөледі.
Актиномициттерің көбеюінің бірнеше жолы бар:
1.Мицери жай ферменттерге ыдырап, қолайлы ортаға түссе жаңа мицери өркендетеді, бұл вегетативті көбею. 2.Спора арқылы споралар гифтерінің ұшында орналасады және оларда ауалық спора байланысады . Спора орналасқан гифтерді спора тасымалдау арқылы көбейеді.
3.Спора тәрізді актиномициттер жай бөліну арқылы көбейеді. Актиномициттер арасында биологиялық белсенді заттарды дәрумендерді және т.б түзетін түрлерінде кездеседі.
Актиномициттердің зат алмасу – бұл жерде организмнің зат және энергияның алмасуы, биохимиялық үрдістерінің бірлестігі яғни ассимиляция заттардың ағзаға жиналып түсіп, сіңіруі және дисимиляция үрдістерінің жиынтығы болып есептеледі. Бұл үрдістер жасушаның сыртында экзоферментердің әсерінен жүреді. Энергия жасушада органикалық заттар тотыққанда түзіледі. Ағзаға түскен заттар түрлі өзгеріске ұшырайды. Органикалық заттардың тотығуы тікелей тыныс алуға әсер етеді. Анаболизм мен катаболизм және клеткадағы қоектену тыныс алу олар бір кезде жүруі мүмкін.
Клетка қабырғасының типі бойынша Гр+ және ДНҚ құрамында ГЦ жұптарының мөлшері – 60-75%.
Соңғы жылдары актиномицеттер адам қажеттілігіне сай көптеген алуан түрлі физиологиялық белсенді заттарды продуцирлейтін қабілеттілігіне байланысты практикада кең қолданысқа ие. Актиномицеттердің көптеген дақылдарынан дәрілік препараттар – тағам өнеркәсібінде, өсімдік өнеркәсібінде, ветеринарияда, медицинада қолданылатын антибиотиктер. Актиномицеттер витаминдер, гормондар, ферменттер, токсиндер, өсу заттары, аминоқышқылдар және адам үшін қажетті басқа да биологиялық белсенді заттар түзуге қабілетті.
1.С.Б.Ахметова, Г.А.Абдулина, Ж.С.Сайлау, Р.А.Мұхаметжанова,
Ә.Қ.Қабдуова, Г.А.Айтжанова
Жалпы микробиология
оқу – әдістемелік нұсқауы
Қарағанды, 2013
2.https://bigox.kz/aktinomicetterge-zhalpy-sipattama/
3.https://ru.wikipedia.org/wiki/Актиномицеты