Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Орындаған: Қастейін Б.
Тобы: 17 VTZ-3
Тексерген: Слямханов Н.М.
Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы.
Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.
Конституциялық-құқықтық нормалар - бұл мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін және нақты құқықтар мен міндеттермен жүзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатында мемлекетпен бекітілген және санкцияланған жалпыға міндетті тәртіп ережелері.
Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз шынайы әрекет құбылыстары негізінде құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық байланысқа түсуі. Конституциялық құқық қатынастарының объектілеріне жататындар: мемлекеттік территория, материалдық құндылықтар, адамдардың тәртібі, мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғалардың әрекеті, азаматтардың жеке мүліктік емес құқықтары жатады
1. Бұл құқықтық акт, заң. ҚР Конституциясы - бірыңғай ерекше заңдық қасиетке ие құқықтық акт, оның көмегімен халық қоғам мен мемлекеттің құрылымының негізгі принциптерін құрады, мемлекеттік биліктің субъектілерін, оны жүзеге асыру механизмін анықтайды, мемлекет қорғайтын адам мен азамат құқығын бекітеді.
2. Заңдық жоғарылығы. Конституцияның жоғарылығы конституциялық құрылысты нығайтады, яғни мемлекетің Конституцияға, құқыққа бағынуы. Конституция барлық басқа нормативтік актілерге қатысты жоғарғы заңдық күшке ие. Сондықтан заңдар және басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек.
3.Ағымдағы заңның базасы болады. Нақ Конституция құқық шығармашылық процессін анықтайды - әр түрлі органдар қандай негізгі акт қабылдайтындығын, олардың атауын, заңдық күшін, заңдардың қабылдану тәртібі мен процедурасын бекітеді.
4. Қабылдау және өзгертудің ерекше тәртібі. ҚР Конституциясына өзгерістер енгізумен қайта қарау үшін ерекше, күрделі тәртіп бекітілген. ҚР Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық дауыс беру жолымен қабылданды және қатаң конституциялардың қатарына жатады.
ҚР Конституциясы келесі заңдық қасиеттерді иеленеді:
1. Жеке құқықтар мен бостандықтар іс-жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ.
2. Адам мен азаматтың негізгі құқығы мен бостандығының ерекше тобын әлеуметтік-экономикалық құқықтар құрайды.
Әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық қажеттерін өтеуге қызмет етеді.
3. Саяси құқықтар мен бостандықтар – бұл тек мемлекеттің азаматтарына берілетін және оларға елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқықтар мен бостандықтардың бір тобы.