XXғ. алғашқы 10жылдығында - тұзданған жерлерді зерттеулер жүргізілді. Оның генезисінің ашылуына үлкен рөл ойнаған-Николай Александрович Димо. 1908ж. бастап "өсімдік-топырақ-грунт-жер астындағы сулар" системасындағы тұздардың балансын зерттеп, тұзданған жерлерді мелиорациялау үшін шаю және дренаждау міндетті түрде керектігін көрсетті. Ол осындай жерлердің классификациясы мен номенклатурасын жасап, сортаң жер мен сор жердің айырмашылығын тауып, олардың табиғатта географиялық орналасуларын көрсеткен.
Гасанбек Зардаби
7 жылдың ішінде ғана 100-ден аса экспедициялар жүргізілді. Соның ішінде:
Әрбір үлкен аймақтарға монографиялық есептемелер мен түсті топырақ карталары жасалынды.
Г.Зардаби-топырақты 1875ж. бастап зерттейді. 1912ж. Бакуда басылып шыққан "Земля, вода и воздух" деген еңбегінде, ол тау жынысының, климаттың, организмдердің, адамның шаруашылығындағы топырақтың маңыздылын жазады. Г.Зардаби кейбір топырақтар құрамында гумус, карбонаттар, құм мен балшықтар бар екенін жазады.
1906-1910ж.ж Глинканың бастамасымен, прототипы Докучаевтың Нижегородтық және Полтавтық экспедициялары болған, Пековский, Новгородтық, Тверстық, Смоленстық, Калужстық, Ярославтық және басқа да губерниялардағы топырақтарымен зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулер жерлерді бағалау және агрономиялық сұрақтарды шешу үшін жүргізілді.
К.Д.Глинка(1867-1927ж.ж.)- 1889ж. Докучаевтың қол астында минералогияға маманданған Петербург университетін бітірген. 1895ж. бастап минералогия мен геологиядан дәрістер өткізіп, 1906ж. бастап ауқымды өлкелік топырақтарды зерттеуді басқарды. Оның еңбектеріне ғылыми саралаудың нақтысын берген-Ю.А.Ливеровский.
1906ж. "Исследования в области процессов выветривания" деген тақырыптағы докторлық диссертациясын қорғайды. Бұл жұмысында ол үгілу процесі кезінде судың маңыздылығын көрсетеді. Соған қарай ол: қолайлы дымқылдату,орта, орташа, жеткіліксіз, артық, уақытша-артық дымқылдату.
Топырақтанудың дифференциясы А.И.Набокихтың жұмыстарынан бастау алды. Ол Вернадскийдің айтуы бойынша: Докучаевтың топырақ туралы түсінігі ең алғашқы және соңғы нақтылы пікір емес,-деген түсінікте болған.
Жаңа ғасырда топырақтанудың дифференциациясы болып онда мына бөлімдер болды: