Зерттеу барысында картоптың емдік қасиетерін анықтадық:
1. Сезімтал теріге арналған лосьон: картопты үккіш арқылы өткізіп, пайда болған шырынды сүзгіден өткізіп алынған шырынмен таза, құрғақ теріні таза дәкемен сүртіп 15-20 минутқа қалдырдып жылы сумен шайдық. Бұл тәжірибені аптасына 3 рет 1 ай бойы қолдандық. Нәтижесінде терідегі бүршіктердің тазаланғандығы және ұсақ әжімдердің азайғандығын байқадық.
2. Отқа қайнаған суға күйген күйікке: картопты тазалап жуып, жұқалап жапырақтап, күйіктің көлеміне қарай, күйген орынға тандық. Бірнеше рет таңғанда нәтиже берді. Картопты майдалап езіп жараның бетіне таңып қоюға да болады.
3. Тамақтың баспа ауыруына пайдалануы: картопты тазалап, суға салып қайнаған соң буымен тамақты күніне 2 рет булап отырдық. 2 күннен кейін тамақтын ауырғаны, қарлыққаны басылып өз нәтижесін берді.
Келешекте «Картоптың емдік қасиеттері» тақырыбындағы жұмысымды одан әрі жалғастырып, картоптың жаңа бір емдік қасиетін тапқым келеді.
Қорыта келгенде жер бетіндегі барлық адамдарға денсаулық тілей отырып «Ауырып ем іздегенше – ауырмай жол ізде» дегім келеді. «Дені саудың, жаны сау» деген сөзге толық қосыламын.
Қорытынды
Емдік қасиеттері бар өсімдіктерді кішкентайымыздан мән беріп, өз игілігімізге қолдана білсек шипаны, емді алыстан іздемес едік. Сондықтан дүниетану сабағын оқыған кезде әрбір өсімдіктің құрылысына оның пайдасы мен зиянды жақтарына мән беріп оқуымыз керек. Өзіміздің бау – бақшамыз толы өсімдіктер мен дәрумендер. Үй ауласын жасыл желекпен жайнатып түрлі жеміс ағаштарын бақша өсімдіктерін көптеп отырғызу оны күтіп баптау әр бір адамның міндеті деп санаймын. Көлеңкесіне саялап жемісін ағзамызға жарата білсек – ауырмайтын жолды таба білгеніміз.
Мен жазғы демалысқа атам мен әжемнің ауылына барған кезде суық су ішіп қойғанда тамағым баспа аурумен ауырды. Сол кезде әжем картоптың буымен булап ауруымды емдеді. Міне содан картоптың емдік қасиетіне көзім жеткендіктен қызығушылығым оянып осы тақырыпты таңдай отыра картоптың халық емі бойынша тағы қандай ауруларға шипа болатынын іздестірдім. Картопты күйген жерге шикідей басады, қолға сүйел шыққанда ортасынан бөліп жерге көміп немесе бір жерге іліп қойса картоп шіріген кезде сүйел тамырымен түсіп қалады екен. Электор отымен жұмыс істеген адам көзі қызарғанда көзге басады. Крахмалын алып балық қуырған кезде ұнның орнына қолданылады екен.
Отқа қайнаған суға күйген күйікке: картопты тазалап жуып, жұқалап жапырақтап, күйіктің көлеміне қарай, күйген орынға таңады. Бірнеше рет таңғанда нәтиже береді. Немесе картопты майдалап езіп жараның бетіне таңып қояды.
Тамақтың баспа ауыруына пайдалануы: картопты тазалап, суға салып қайнаған соң буымен тамақты күніне 2 рет булау.
Баспаны булау кезеңі
Картоптың құрамы: Түйнекті алқаның түйнектерін күзде қазып, жинап алады. Химиялық құрамы: Картоптың түйнегінде 10-28% крахмал, 15% май, 1,3% белок, A, B1, B2, C, PP, K1, Д витаминдері, натрий, калий, кальций, хлор, күкірт тұздары, микроэлементтерден мыс, қобальт, йод болады.
Картоптың қолданылуы: Крахмал өндірісінде қолданылады. Бәрімізге белгілі, картопты көптеген елдерде «екінші нан» деп атайды. Өйткені, өзінің құнарлығымен және дәмімен үлкен орын алатын картоп барлық елдер дастарханындағы тағам құрамында болады. Картоптан көп мөлшерде крахмал алынады. Медицнада дәрі-дәрмек ретінде пайдаланылады және залалсыздандыру құралы ретінде пайдаланылады (таңғыштар, жаймалар т.б).
Картоптың емдік қасиеттері
5- сурет. Күйікті таңу кезі
Өсімдік тіршілік негізі, өсімдіксіз тіршілік жоқ. Табиғи өсімдіктер әлемі сан – алуан түрге бөлінеді. Мысалы: азық-түлік, мал азығы дәрілік өсідіктер арам шөптер тағы басқалар. Кейінгі кезде медицина ғылымында шөптердің емдік қасиеттеріне оларды кеңінен пайдалануға назар аударуда. Бұған дәлел халық нақылы «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады» деген сөздері шындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз. Сол байлықтың бірі емдік шөптер.
Емдік шөптердің көбі үйіміздің жанында бау- бақшаларымызда, жол бойларында кездеседі. Олардың емдік шипалық қасиеттеріне мән бермей келеміз. «Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағының түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған.
Кейбір емдік шөптерді өздеріміздің бақшаларымызға өсіріп, қолдануға болады. Сонда тау – тасты кезіп, дәрілік шөп іздемеген болар едік. Әрбір адам қандай аурумен ауырса, қандай емдік шөпті пайдалану керектігін білуі керек. Егер бронхитпен, баспамен ауыратындар, қырмызы гүл (календула) жалбыз (шалфей) асқазан ауырса түймедағы (ромашка) мен шәйқұрайды (зверобой) егу керек. Нашар ұйықтағандарға, жүйке ауруларына валериан шөбі керек. Осы шөптерді ата – бабаларымыз ертеден ақ пайдаланған. Ауырған кезде тұнбасын қайнатып ішкен, бұланған, суына түсірген, кептіріп сепкен.
Картоптың күтімі
Картопты вегетативтік тәсілмен, картоптың түйіндері арқылы көбейтеді. Картопты бірнеше бөліктерге бөліп, 5-10 см тереңдікке егеді. Егілген түйіндер өну үшін, 15-20 °C температурада ұстау қажет. Ал сабағының өсуіне, жапырақтардың өсіп шығуы мен гүлдеуі үшін 16-22 °C температура жеткілікті. Картоп гүлдеу кезінде және түйін салу кезінде суды көп мөлшерде қажет етеді. Дегенмен, судың шамадан артық болуы да картопқа зиян. Картоптан көп өнім алу үшін, сабағын топыраққа көміп 2-3 рет түптеу қажет. Картоптың жер бетіне өсіп шығуы үшін және гүлдеу, түйін салу уақытында өте көп тыңайтқыш пайдаланылады. Мысалы, 1 гектар жерден өсіп шыққан 200-250 ц картопқа 100-175 кг азот, 40-50 кг фосфор және 140-230 кг калий жұмсалады. Сонымен қатар қопсыту жұмыстарын жиі жүргізу керек.
Картоптың сабағы 60 см биіктікке дейін жетеді, сабағы аздап қана тармақталып, оған жеке – жеке қауырсынды ірі жапырақтар орнығады.
Бақшадағы картоп өсімдігі
Картопты отырғызу сәті
Картоптың таралуын зерттеушілер үш кезеңге бөліп қарастырады
Бірінші кезеңі. Бұл картоптың үндістер елінде қолданыла бастауы. Ол кезде картопты егу, баптауды жетік білмесе де, топыраққа түскен картоптың өздігінен өсіп, көбейетіні байқалған. «Үндістер дақылды археологиялық қазба жұмыстарында анықтап, оның таулы аймақтарда өскенін білген көрінеді. Ол біздің заманымызға дейінгі екі мың жыл бұрын картоптың өскенін дәлелдейді».
Екінші кезеңі. Болжам бойынша, бұл ХVІІ ғасырдың орта тұсы. 1560 жылдары испандықтарға картоп дақылы белгілі болған. Сол уақытта өсірілгені картоптың «паспена» тұқымдасы деп айтылғанымен, ғалымдар мұның ұлы өсімдік болғанын баяндаса, өзге зерттеушілер өнімнің жоғары тұсының ғана ұлы болғанын алға тартып, оған түрлі дәлелдерді келтіреді.
Үшінші кезеңі. Оны шамамен 1765 жылға жатқызады. Осы кезең орыс оқымыстыларына тиесілі көрінеді. І Петрдің бастамасымен Ресейде картоп егу қолданысқа енгізіледі. Кейін бүкіл КСРО халқы картоп өсірумен айналысып, 1 гектар жерден тіпті 137 центнерге дейін өнім жинаған.
1. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
1.1 Картоп өсімдігінің шығу тегі және түйнегінің құрамы
Картоп Ресейге І Пертдің ұсынуы бойынша 1765 жылы әкелінген. Қазіргі заманда дүние жүзінің барлық елдерінде егіледі.
Картоп – алқа (Solanum) туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жуан, тікенексіз. Сабағының көп бөлігі топырақ астында болады. Ұзын мұртшалар шығарады (ұзындығы 15-20, кейбір түрлерінде 40-50 см). Жапырағы қою жасыл, сабақта кезектесіп орналасады. Гүлі ақ, күлгін түсті, сабақ басында шоғырланған болады, гүлі 5 күлтелі. Отаны – Оңтүстік Америка, күні бүгінге дейін осы аймақта табиғи жағдайда өсетін жабайы картоп түрлерін кездестіруге болады.
1- сурет. Картоп өсімдігінің құрылысы
Картоптың тағамдық қасиеті, құрамы:
Картоп түйнегінде 23,7 пайыз құрғақ зат бар. Оның ішінде 17,5 пайызы — крахмал, 0,5 пайызы — қант, 1—2 пайызы — белок, 1 пайызға жуығы — минералды тұздар. Картопта С, В1, В2, В6, РР, К дәрумендері кездеседі. Картоптың тағамдық қасиеті түйнегіндегі крахмалдық мөлшерімен бағаланады. Дәрумендер мен минералды тұздар картоптың қабығына жақын орналасқандықтан, оны барынша жұқалап аршу қажет. Аршылған картопты сол бойда пайдаланады, әйтпесе дымқыл орамалмен жаба тұрады. Суға салып ұзағырақ ұстаса, аршылған картоп сілтісізденіп, қоректік қасиетін жояды. Көгерген, көктеген түйнекте зиянды зат — соланик болады, оны мұқият аршыған жөн. Картоп дұрыс пісірілсе, құрамындағы С дәруменінің 80 пайызы сақталады. Буға пісірсе де, суға пісіргеннен С дәрумені екі есе көп сақталатыны естеріңізде болсын. Картопта кальций, натрий, магний, калий, фосфор да болады.
Картоптың пайдасы:
Оның құрамындағы дәрумендер мен минералды заттар адамға мынандай жақсы шипа сыйлайды:
Картоптағы магний — жүрек қызметін бірқалыпқа түсіріп, адам күйзеліске төтеп бере алатын күш-қуатқа ие болады.
Картоп, картофель (немісше Kartoffel), түйнекті алқа, ақтүйнек — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.
150-ге жуық түрі белгілі. Отаны – Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді.
Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі.
Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі. Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл.
Биіктігі 40 – 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 – 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ темп-расы 5 – 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы темп-ра 10 – 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал –1 – 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді.
Мазмұны
АБСТРАКТ
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
Зерттеу бөлімі......................................................................................................5
1.1 Картоп өсімдігінің шығу тегі және түйнегінің құрамы.............................5
1.2 Картоптың адам ағзасына тигізер пайдасы.................................................8
1.3 Картоп тағамдары........................................................................................10
1.4 Картоптың емдік қасиеттері.......................................................................12
Қорытынды........................................................................................................15
Зерттеудің мақсаты: Үй ауласындағы бақшада картоп өсіріп, оның өнімін үйде дайындап, жинап сақтап қоюға болады. Содан соң картоптың өзін, қабығының адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Олардың құрамында крахмал, май, белок, көмірсулар, фосфор, магний, А, В1, В2, С, РР, К, Д дәрумендері, натрий, калий, кальций, хлор күкір тұздары, микроэлементтерден мыс, кобальт, иод болады. Картоп өнімі дәрумендерге өте бай.
Гипотеза: Үй ауласындағы бақшада картопты күтіп, өсіріп тұқымын жинап алуға;
Зерттеудің кезендері:
- топырықты дайындау, өндеу, тыңайтқыштар қосып дайындау;
- картоптың тұқымын себу;
- картоптың өнімін жинау;
- картоптың тұқымын бөліп алу.
Зерттеудің жаңалығы: Оқушының бірінші рет үй бақшасында картоптың әр түрлі өнімдерін егіп, өсу үдірісіне бақылау жасап емдік қасиеттерің анықтау.
Жұмыстың нәтижесі: Сонымен үйдегі бақшада картоптың әр түрлі іріктемелерін өсіруге болатыны анықталды, күтіміне қарай жақсы өнім алуға болады.
Картоптың барлық іріктемелерін медицинада, өндірістік орындарда, үй тұрмысында ем-дом ретінде пайдалануға болады.