5-лекция
Зарина Орынбай Оц-301
1. 3-стандарттың мақсаты, міндеттері және қолдану аясы - қаржылық есептілік пен соған сәйкес шоттарды өлшеу.
2. 3 стандартта қолданылатын негізгі анықтамалар.
3. Қаржылық есептілік стандарттарымен өзара әрекеттесудің сипаттамалары және туындаған қайшылықтар
1.0. Бұл Стандарт қаржылық есеп беруді және сәйкесінше бухгалтерлік есептеулерді қолдануда активтерді бағалауды дайындау кезінде бағалаушылардың басшылыққа алатын құралы ретінде қызмет етуге арналған.
2.1 Бұл Стандарт кез келген жалпықолайлы немесе жарияланған құжатта енгізілетін барлық бағалаудың негізгі құралдарына қолданылады. Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандарттары «тарихи» шығындарға альтернативтер ретінде құнды қайта бағалауды қабылдайды, және реттелген қайтабағалаулар жүргізуде қарастыратын есептік саясаттты қабылдау жағдайында, кәсіпорын бағалау қорын, қайтабағалау жиілігін ашу және сыртқы бағалаушы оны жүргізу үшін айналысқан не айналыспағандығын көрсетуі қажет.
2.2. Кейбір елдерде немесе анықталған шарттар кезінде заңдамалар, нормативті актілер немесе бухгалтерлік есеп ережелері бұл Стандарттың модификациясын қолдана алады. Осындай жағдайлармен негізделген кез келген жағдайларда бағалау жөніндегі есеп беруде бекітілуі және дәлірек және айқын негізделуі қажет.
2.3.Бұл Стандарт келісім жасау, ссуда алу, немесе қоғамдық мүдделер саласынан тыс басқа мақсаттарға арналған сияқты клиенттің жеке немесе ішкі мақсаттары үшін жүргізілетін бағалау кезінде қолданылмайды.
3.2. Барынша тиімді қолдану тиісінше ақталған активтердің мейлінше ықтимал қолданыстары ретінде, заңдық рұқсат етілген және қаржылық жүзеге асырылатын түрде анықталады, және осы активті бағалау құнның максимальды шамасын береді.
3.3. Әрекет етуші қолданысқа арналған Нарықтық құн активтің әрекет етуші қолданысы барынша тиімді немесе тиімді емес болып табылатындығынан тәуелді болуынан тыс нарықтық құн анықтамасында сипатталатын шарттарды сақтау кезінде әрекет етуші қолданыс үшін ашық нарықта сатылуы мүмкін бұл актив болжам жасауда, оның әрекет етуші қолданысты жалғастыруға негізделген активтің Нарықтық құн ретінде анықталады.
3.4 Тозуды есепке ала отырып орнына келтіру шығындары және Әрекет етуші кәсіпорын құны.
3.4.1 Тозуды есепке ала отырып орнына келтіруге Шығын әдісі (ТЕОШ) ашық нарықта, әйтпесе әрекет етуші бизнестің құрама бөлшегі ретінде сирек сатылатын (егер тіптен сатылса), және солайша, нарықтық құн түсінігінің анықтамасымен сәйкестікте бағалануы мүмкін мамандандырылған мүлікті бағалау жағдайында қолданылады. ТЕОШ жер учаскесінің оның әрекет етуші қолданысы үшін ағымдық нарықтық құнын бағалау мен барлық сәйкес келетін ескіру түрі мен тиімділеуді ескере отырып, физикалық тозуға жеңілдіктерді шығарып тастағандағы жақсартуды орнына келтіруге (немесе қайта өндіруге) валдық шығындарының қосындысына негізделген.
3.4.2 Әрекет етуші кәсіпорын құны (ХБСК 2 Стандартында анықталған және қарастырылған) өзіне кәсіпорынның барлық міндеттемелерін есептеуден кейін барлық қабылданатын жәнеқабылданбайтын активтердің таза құнын береді. Бұл шама тұтастай алғандағы бизнес құнын өрнектеу болып табылатындықтан, ол кәсіпорынның жекелеген активтері бойынша таратылуы мүмкін. Осылайша, жекелеген активтер Әрекет етуші кәсіпорын құнына ие болмайды, және сондықтан да ол қаржылық есеп беруге арналған активтерді бағалау қоры ретінде қолданылмайды.
3.4.3 ТЕОШ әдісі әрдайым адекватты потенциалды табыстылық есебінен, не болмаса, мемлекеттік активтер немесе еркін қаржылай ағындардан айырылған активтер жағдайында адекватты функционалды потенциалмен, яғни 3.4.1 бөлімде айтылған бүтін реттегі кәсіпорын құнымен байланысты сипаттамамен қарастырылуы қажет. Сондықтан ол нарықтық сияқты, нарықтық емес сипаттағы сипаттамаларды да есепке алады. Алайда ТЕОШ әдісі бизнестің өзіне емес, жекелеген активтерді бағалауға қатысты болады, ол әрекет етуші кәсіпорынның құнына әдістер мен концепциялардан ерекше айрықшаланады, және сәйкес келетін жағдайлары кезінде ТЕОШ қолданудың қаржылық есеп беру үшін активтерді бағалау толықтай қолайлы.
4.1. Бухгалтерлердің жэалпы көзқарас тұрғысының қалыпты емес іздеу процесінде бағалаушылар Нарықтық құн мен Әділ құнды өзара байланысты терминдер ретінде қолдансада, бүл түсініктер синоним болып табылмайды (ХБСК 1 Стандартын қараңыз). Бағалау Стандарттары активтер әртүрлі жағдайлар имен шарттардың өзінде сатылуы мүмкін екендігін толықтай қолдай отырып, Нарықтық құнды анықтайды және қолданады. Мағынасы бұрмалаудан және мүмкін болатын түсініспеушіліктерден сақтану үшін бағалау жөніндегі есеп беруде Нарықтық құнның анықтамасы және оның
бағаланатын активтерге қолданылуының сипаттамасы, Нарықтық құнның берілген есептік шамасы қолданылатын шарттардың түсініктемесі, және де актив, әдетте нарықта қолдан-қолға қалай өтетіндігіне (мысалы жеке актив ретінде немесе актив топтарының бөлігі ретінде) нұсқау болуы қажет.
4.3 Әдетте қаржылық есеп берулерді және сәйкесінше шоттарды дайындаумен байланыста жүргізілетін мүлік бағалауы, анықтама бойынша, жекеменшік иелігіндегі активтер кәсіпорын функционалдығын жалғастыратындығының есебімен әрекет етуші қолданыстармен бағаланды. Алайда, жекеменшік иелігіндегі кейбір активтер әрі қарай кәсіпорынға керексіз болуы мүмкін. Егер ондай активтер кәсіпорын директорларымен қажетсіз деп жарияланса, онла оларды әрекет етуші қолданыстарымен емес, барынша тиімді қолданыстарымен бағалау қажет етіледі. Осы тәрізді, әдетте инвестицияға қатысты болатын кәсіпорын активтері әрекет етуші қолданыстарымен емес, барынша тиімді қолданыстарымен бағаланады.
4.4. Бизнестің өзінің қызмет етуі үшін қажетті активтерді тәжірибелік пікірлер бойынша сата алмайтындығы, және сондықтан да өндірістік болып қалатындығы барлық активтердің ішінен қолданылатын активтерді бөліп алу үшін логикалық негіз болып табылады. Осындай активтердің сатылымы осы бизнестің жалғастырылуымен сәйкес келмеуі мүмкін. Сонымен қатар, қолданылатын активтердің Нарықтық құнын бағалау нарық көзқарасы тұрғысынан алғанда осы активтердің салымын дұрыс көрсетеді және басқа активтерді бағалау кезінде қолданылатын Нарықтық құн әдістерімен келісіледі.
4.5. Әдетте бағалау процесінде бағалаушы кәсіпорын директорларынан немесе олардың кәсіби кеңес берушілерінен берілген активтер әрекет етуші қолданыс үшін сақталатын не сақталмайтындығына, кәсіпорын қажеттіліктерімен салыстырғанда артық болып табылатындығына немесе инвестиция категориясына жатқызылатындығына қатысты нұсқау алады. Нақты нұсқаулар болмаған кезде бағалаушы өз тәжірибесіне, білімі мен біліктілігіне негіздей отырып, бар фактілерді меңгере барысында, берілген актив қандай категорияға жататындығын бағайындауға міндетті. Бұл жағдайда мүндай жіктеме және оның негіздемесі толықтай ашылуы қажет.
4.6. Бизнестің жалғастырылуының бухгалтерлік есеп үшін іргелі мәні бар және бағалау кезінде қарастырылатын кәсіпорын жөніндегі болжамдарды қабылдау кәсіпорынның болашақтағы қызмет етуін жалғастыра алады (жоспарланатын масштаб өзгерісі немесе жұмыс стилі туралы бухгалтерлермен тиісінше кеңес алу жағдайында). Бұл концепция бизнек құнына ғана қолданылатын және барлық активтер мен міндеттемелерден тұратын әрекет етуші кәсіпорын Құнының концепциясынан тіптен өзгеше. Құнның мұндай типі жекелеген активтерді бағалау қоры ретінде сәйкес келмейді. Керісінше, Нарықтық құн және анықталған міндеттемелерде, Тозуды есепке ала отырып, орнына келтіру Шығындары кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне арналған жекелеген активтерді бағалаудың рұқсат етілетін қорлары болып табылады.
5.1 Қаржылық есеп беруге арналған активтерді бағалау, егер де ашылатын ақпараттың дәлдігі мен аумағы кепілдемелік өлшемдерді бермеген жағдайда, онда келесі түрде жүргізілуі қажет:
5.1.1 барлық инвестициялық мүлік пен кәсіпорын қажеттіліктерімен сәйкестендірілгендегі артық активтер барынша тиімді қолданыс кезіндегі Нарықтық құн негізінде бағалануы қажет;
5.1.2 жекеменшік айналысатын және инвестициялық немесе артық болып табылмайтын барлық мамандандырылмаған мүлік объектілері әрекет етуші қолданысқа арналған Нарықтық құн негізінде бағалануы қажет;
5.1.3 жекеменшік айналысатын барлық мамандандырылмаған мүлік объектілері тозуды ескере отырып, орнына келтіру Шығындары негізінде бағалануы қажет. Бағалаудың бұл әдісі Нарықтық құн әдісін қолдануға болатын кездегі жағдайда қолданылмайды;
5.1.4. әдетте саудалық немесе өндірістік потенциал негізінде бағаланатын мүлік объектілері жекеменшік айналысатын басқа мүлік объектілерінен бөлінген болуы қажет;
5.4 Қаржылық есеп беру үшін жүргізілген бағалау нәтижесін баяндау кезінде бағалаушы келесі мәліметтерді анық және екіжақты етпей ашып беруі тиіс:
5.4.1. алынған нұсқаулар мен бағалау мақсаттарының сипаттамасы;
5.4.2 бағалау негізін, түрі мен құн анықтамасын қоса алғанда;
5.4.3 активтерге иелік ету мерзімі мен бағаланатын құқық жіктемесі;
5.4.4 бағалау мерзімі;
5.4.5 активтердің атауы және олардың орналасқан орындар, сонымен қатар олардың зерттелу мерзімдері мен дәрежесі;
5.4.6 нормативті актілермен тағайындалған шектеулер;
5.4.7 барлық ерекше рұқсат етілімдер және (немесе) шектеуші жағдайлар;
5.4.8 орнатулар және машиналар;
5.4.9 бағалау жүргізуге қатысы бар басқа да міндеттемелер.
6.0 Ескертулер
6.0. Жалпы мәселелер.
6.1.1. Нарықтық құнды анықтаудың құрастырылымында ауытқушылықтар бар болса да, әртүрлі елдердің бағалаушылары арасында концепция мен Нарықтық құн принциптеріне қатысты жалпы келісім бар. Бұл сипаттамалық өлшемдер бағалаушыларға (1) спецификалық немесе қысқамерзімді факторлар әрекеті ретіндегі жағдайларда, нарық деформирленген жағдайларда құннан бағаны айыруға, және (2) шектеулі шарттарда немесе нарық толық болмаған және (немесе) басқа қолайлы жағдайларда мамандандырылған мүлік объектілеріне Нарықтық құн анықтамасы мен концепциясын қолдануға мүмкіндік береді.
6.1.2. Алмастырудағы құн активке жекеменшік құқығынн алмастыру болжанатын нарық көзқарасы тұрғысынан қарағандағы актив құнын береді. Алмастырудағы құн концепциясы 1 Стандартпен берілетін сипаттамаға сәйкес Нарықтық құнды есепке алу негізінде жатыр. Алмастырудағы құн таза нарықтық концепциясы болып табылады, және оның мағынасы нарық мәліметтеріне негізделген объективті әдістер мен іс-шаралар көмегімен есептелген болуы мүмкін.
6.1.3. «Барынша ықтимал қолдану» терминімен «барынша тиімді қолдану» өрнегі ассоцирленеді. Егер соңғы өрнек жұмыс істейтін кәсіпорынның қолданатын активтерін бағалаумен байланысты қарастырылса, онда осы активтерді барынша ықтимал қолдану мен барынша тиімді қолдандың айырмашылығы болуы мүмкін. Басқа жағынан айтқанда, бизнес қажеттіліктерімен салыстырғанда артық болып табылатын және ашық нарыққа сатылымға шығарылуы мүмкін активтер үшін осы екі өрнектің мағынасы, әдетте теңесуге жақын болады.
6.1.4. Барынша тиімді қолдану, әдетте, физикалық мүмкін болып табылатын, тиісінше ақталған, қаржылық жүзеге асырылатын және бағаланатын активтің Нарықтық құны максималды болатын, нақты, заңдық рұқсат етілген альтернативті қолданыс түрінде анықталады. Әрекет етуші қолданыс активтің актив мүмкіндігін есепке ала отырып, кәсіпорын құнына өз салымын енгізуді жалғастырып, бірақ альтернативті немесе оны сатылымы жағдайында қолданылуын барынша ықтимал нұсқаларды есепке алмай, бағалау мерзіміндегі осылай қолданылуына болжам жасайды.
6.1.5. Әрекет етуші қолданысқа арналған Нарықтық құнның немесе Әрекет етуші қолданыс құнының анықтамасы қаржылық есеп беруге арналған активтерді бағалау кезінде қолданылады, бірақ ол артық мүлікті, инвестициялық мүлікті бағалауға немесе, кеңірек айтқанда, қаржылық есеп беру талаптарының аясынан тыс бағалауда қолданылмайды.
6.1.6. Артық активтердің Нарықтық құны кәсіпорынның оларды көбірек қажет ететініне қорытындыланатын болжамға негізделген, алайда олардың альтернативті қолданысының кейбір түрі – жаңа функционалды қолданысынан сынық ретіндегі ескіруге дейінгі қолданысы болуы да мүмкін.
6.1.7. Инвестициялық мүліктің Нарықтық құны ашық нарықтағы актив құнына негізделген, олдарды сату бойынша келісім 2 Стандарттардың мәтінінде келтірілген нарықтық құнның анықтамасында көрсетілген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
6.2. Инвестициялық мүлік.
6.2.1.Инвестициялық компаниялардың, зейнетақы (жинақтаушы) қорларының, трастылық компаниялардың немесе мүліктің құқықтары ұқсас түрдегі компаниялардың ұзақмерзімді инвестицияларына жатқызылатын, табыс әкелетін мүлік, әдетте, ликвидацияның тағайындалған жоспарымен сәйкестікте жекелеген активтердің ликвидациясы негізінде бағаланады. Мұндай активтердің инвестиция портфелі ретінде немесе мүлік объектілерінің тобы ретінде қарастырылатын Нарықтық құн жеке түрде алынған активтердің нарықтық құнының сомасынан артық немесе кем болуы мүмкін. Егер осы жағдай орын алса, ол жөнінде директорлар мен өкілеттіліктерге жеке хабарлануы қажет етіледі.
6.2.2.Институционалды инвестицияларға қатысты арнайы талаптар даму кезеңіндегі мүлік объектілері сияқты активтердің әртүрлі категорияларына ерекше әдіс-амалдар қажеттілігіне әкелуі мүмкін. Осы ретте, жалпықабылданған бухгалтерлік келісімдер аясында берілетін мәліметтерді ашуға қатысты қарапайым талаптардан өзге, басқа да қосымша талаптар туындауы мүмкін.
7.0 Ақпаратты ашуға қатысты талаптар
7.0. Бағалау жөніндегі есеп берулер адасушылыққа жол бермеуі қажет. Әдетте, ХБСК 3 Стандартымен сәйкесінше құрылатын бағалау жөніндегі есеп берулер ХБСК 1 Стандартының 5 бөлімінде сипатталған есеп берулермен қатысты талаптарды қанағаттандыруы қажет. Жекелеген жағдайда, бағалау сертификатында немесе бағадау жөніндегі есеп беруде бағалаудың мақсаттарын, бағалаудың қолданылу аумағы мен мерзімін, сонымен қатар алынған бағалау нәтижесін дәл көрсетілу қажет.
7.1. Нұсқауды және оның өкілеттілігінде бар ақпаратты бағалаушы, осы нұсқаулармен мен осы ХБСК Стандарттарының арасындағы қарама-қайшылықтар болған кезде Стандарттардан ауытқулар алшақтылықты және шегіністер жағдайы келтірілген есеп беруге қолданушы назарын аударуы қажет. Осылайша, бағадау жөніндегі есеп беруде немесе бағалау сертификатында толық ақпараттық болмау немесе бағалау жүргізумен байланысты ерекше жағдайлармен негізделген арнайы рұқсат етілімдерді бар болу жағдайлары алдын-ала айтылған болуы қажет.
7.2. Бағалау Сертификатында немесе бағалау жөнінде есеп беруде есеп берудің тұтастай немесе жекелеген бөліктерін, сонымен қатар оған немесе онда келтірілген көрсеткіштерге, атауларға және бағалаушылардың кәсіби жабдықтарына кез келген сілтеме жасауларды жариялауға тыйым салатын, әйтпесе бағалаушылардың жазбаша түрдегі рұқсат етілімдері ретіндегі жариялау пішініне және мәтін бөлігіне қатысты бөлім болуы қажет.
7.3. Бағалау Сертификатында немесе бағалау жөнінде есеп беруде, сонымен қатар, бағалаудың бұл және басқа да танылған Стандарттарға сәйкес клиентке немесе басқа мүдделі тұлғаларға қатысты тәуелсіз және адал ниетте жүргізілгендігі жөніндегі пайымдаулар, сонымен бірге бұл Стандарт ашылуын талап ететін басқа ақпараттар болуы қажет.
7.4. Бағалаушы өз займының шарты ретінде бағалаушы қорытындысына сілтеме жасалынған кез келген жарияланған құжат барлық арнайы шектеулердің, рұқсат етілімдерін және Стандарттардан шегіністердің сипатталулары болуын талап етуі қажет.
7.5. Егер бағалау «Ішкі бағалаушымен», яғни бағаланатын мүлікті иеленішу кәсіпорында, не болмаса бухгалтерлік фирмада жұмыс жасайтын, кәсіпорынның қаржылық құжаттамасын және (немесе) қаржылық есеп беруін дайындауға жауапты тұлғалармен жүргізілген жағдайда, онда бағалау Сертификатында немесе бағалау жөнінде есеп беруде осыған ұқсас өзара қарым-қатынастардың бар болуы мен сипаттамасы жайлы арнайы бөлім болуы қажет.
Бұл Бағалаудың халықаралық стандарттары 1994 жылы 24 наурызда күшіне енді.
3 СТАНДАРТҚА ҚОСЫМША «ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ МАҚСАТЫНА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕУЛЕРГЕ СӘЙКЕС КЕЛЕТІН БАҒАЛАУ»
Бағалаудың Халықаралық стандарттарына (БХС) 3 бұл қосымша қаржылық есеп берудің Халықаралық стандарттарында әрекет ететін қолданыстарына арналған нарықтық құн концепциясын шығарумен байланысты қажет болады.
Бұл қосымша оның жекеменшігі айналысатын жылжымайтын мүлікті бағалауға ғана әсер етеді. Ол қаржылық есепберу бойынша Халықаралық комитеттің (ҚЕСХК) 1998 жыл жариялаған қаржылық есеп берудің 16 «Негізгі құралдар» Халықаралық стандарттары өзгерістеріне жауап ретінде қабылданған. ҚЕХС 16 (редакцияда 1998 ж.) 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап жылдық қаржылық есеп беру үшін әрекет ету күшіне енді.
Осылайша, бұрын әрекет етуші қолданысқа арналған нарықтық құн (БХС 3-5.1.2) бойынша бағаланған берілген мүлік нарықтық құн бойынша көрсетілген мерзімнен бастап бағалануы қажет.
Берілген өзгерістер енгізілген Түсініктеме (ХБСК, 2 Түсініктеме, 1999ж. мамыр), бағалауға сипаттамалық әдіс-амалдар тағайындау үшін жарияланды.
Егер ҚЕСХК осы өзгерістерге қатысты жіктемені қабылдаса, онда Бағалаудың Халықаралық стандарттары өзгертіледі және қайта жарияланады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: