Дәріс №6
Сұрақтар
1. Компьютерлік графика түсінігі?
2. Компьютерлік графиканың түрлері?
3. Графикалық деректер форматтары?
4. AutoCAD жүйесі не үшін арналған?
Дербес компьютерлер мен олардың перифериялық құралдарының пайда болуымен сызба-графикалық жұмыстарды, геометриялық есептерді шешуді автоматтандыруға орасан зор мүмкіндіктер пайда болды. Сонымен бірге компьютерлік графика құралдары да күрделеніп, мүмкіндіктері көбейді (дисплейлер, плоттерлер, бағдарламалық құралдар жән т.б.).
Бастапқыда дисплейлердің нүктелік (координаталық), векторлық, растрлық түрлері жасалды. Кейін сапалы түрлі-түсті кескіндерді сомдайтын және экранда күрделі есептерді шешуге мүмкіндік беретін интеллектуалды терминалдар пайда болды. Сонымен бірге плоттерлердің мүмкіндіктері ӛсе бастады.
Дербес компьютерлердің бағдарламалық құралдары жеке қолданбалы бағдарламалардан бастап арнайы графикалық тілдер мен қолданбалы бағдарламалар пакеттеріне (графикалық жүйелер) дейін дамыды. Дербес
компьютерлердің қазіргі заманғы қолданбалы бағдарламалық қамсыздануы интерактивтік режимде жұмыс істеуге, яғни адам мен компьютердің арасында оперативтік графикалық қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графика деп сызба-графикалық жұмыстарды және инженерлікгеометриялық есептерді шешудің алгоритмдерін автоматтандыруды, сонымен қатар, графикалық ақпараттарды дербес компьютердің және оның перифериялық құрылғыларының көмегімен дайындауды, сақтауды және баспадан шығаруды автоматтандыруды айтады.
Компьютерлік графика күрделі графикалық жұмыстарды автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді, ал бұл еңбек өнімділігін арттырады. Осының нәтижесiнде бұл мақсат жалпы техникалық және графикалық мәдениеттi, кеңiстiкте ойлау қабiлеттi дамытады.
Деректерді компьютер мониторында графикалық түрде көрсету алғаш рет ӛткен ғасырдың 50-ші жылдарында ғылыми және әскери бағытта қолданылатын ЭЕМ-дердің кӛмегімен жүзеге асырылған болатын. Содан бері ақпаратты графикалық тәсілмен беру компьютерлік жүйелердің, әсіресе дербес компьютерлердің ажырамас бӛлігі болып табылады.
Компьютерлік графика монитор экранында немесе сыртқы тасымалдаушыларда (қағаз, кинопленка, мата және т.б.) көшірмелерінде кескіндерді бейнелеудің барлық түрлерін қамтиды.
Деректерді көрнекілеу адамзат қызметінің әр түрлі салаларында орын алып келеді. Мысалы, медицина (компьютерлік томография), ғылыми зерттеулер, киімдерді модельдеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және т.б.
Кескіндерді жасаудың тәсілдеріне қарай компьютерлік графика келесі түрлерге бөлінеді:
- растрлық;
- векторлық;
- фрактальдық.
Пәннің тағы да бір ерекше бөлімі – үшөлшемді (3D) графика. Бұл пән объектілердің көлемдік модельдерін виртуалды кеңістікте құрастырудың әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Әдетте, мұнда кескіндеудің векторлық және растрлық тәсілдері үйлесімді қолданылады.
Түстеріне байланысты графика қара-ақ және түрлі-түсті болады. Әр түрлі салаларға мамандандырылғанына байланысты инженерлік графика, ғылыми графика, Web-графика, компьютерлік полиграфия және т.б. түрлер болады.
Компьютерлік графика көбінше тек құрал ретінде қолданылғанмен, оның құрылымы мен әдістері математика, физика, химия, биология, статистика, бағдарламалау және т.б. фундаментальді және қолданбалы ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді. Сондықтан компьютерлік графика қарқынды дамуда және көп жағдайда жалпы компьютерлік индустрияда жетекші орын алады.
Векторлық графика
Фрактальдік графика
Растрлық графика
Үшөлшемді графика
Векторлық графикада базалық элемент сызық болып табылады. Сызық бір тұтас объект ретінде математикалық жолмен сипатталады. Сондықтан векторлық графика құралдарымен объектті кескіндеу үшін қажетті деректер көлемі растрлық графикамен салыстырғанда едәуір аз болады.
Сызық – векторлық графиканың элементар объектісі. Кез келген басқа да объекттер сияқты, сызықтың да өзіне тән қасиеттері болады. Мысалы, оның формасы (түзу немесе қисық), қалыңдығы, түсі, түрі (тұтас, пунктирлі). Тұйық сызықтардың ішін толтыру қасиеттері болады. Тұйық сызықтардың іші басқа объекттермен немесе таңдалған түспен толтырылуы мүмкін. Қарапайым тұйық емес сызық түйіндер деп аталатын екі нүктемен шектеледі. Ол түйіндердің де қасиеттері болады. Қалған объектілердің барлығы сызықтардан құралады.
Мысалы, кубты өзара байланысқан алты тік төртбұрыштардан құрауға болады, ал ол тік төртбұрыштардың әрқайсысы өзара байланысқан төрт сызықтардан тұрады. Немесе кубты өзара байланысқан он екі сызықтардан құралған деп қарастыруға болады.
Әртүрлі объекттердің векторлық графикада берілу тәсілдері:
Нүкте. Бұл объект жазықтықта координаталар басына қатысты орнын анықтайтын екі санмен (x,y) беріледі.
Түзу. Түзудің теңдеуі y=kx+b. Егер k және b параметрлері берілсе, онда белгілі координаттар жүйесінде шексіз түзуді кескіндеуге болады.
Кесінді. Түзуден айырмашылығы – кесіндіні кескіндеу үшін қосымша тағы да екі параметр белгілі болуы керек. Мысалы, кесінді ұштарының координаттары.
Екінші реттік қисықтар. Қисықтардың бұл класына парабола, гипербола, эллипс, шеңбер жатады. Басқаша айтқанда, екінші реттік қисықтарға теңдеулеріндегі дәрежелері екіден артық болмайтын барлық сызықтар жатады.
Түзу екінші реттік қисықтың дербес жағдайы болып табылады. Жалпы жағдайда екінші реттік қисықтың теңдеуі келесі түрінде болады:
Үшінші реттік қисықтар. Бұл сызықтардың екінші реттік қисықтардан айырмашылығы – сыну нүктелерінің бар болу мүмкіндігінде. Жалпы жағдайда үшінші реттік қисықтардың теңдеуін төмендегідей жазуға болады:
Безье қисықтары – үшінші реттік қисықтардың дербес бір түрі. Безье (Bezier) сызықтарын тұрғызу әдісі кесіндіге оның ұштары арқылы өтетін екі жанама түзулерді қолдануға негізделген. Безье қисығының кесінділері сегіз параметрмен анықталады, сондықтан олармен жұмыс істеу қолайлы. Сызықтың формасына жанаманың кӛлбеулік бұрышы мен жанама кесіндісінің ұзындығы әсер етеді. Яғни, жанамалар қисық сызықты басқаруға арналған виртуальды «рычагтар» рөлін атқарады.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық графикада ұзындық бірлігінде нүктелер санын анықтайтын мүмкіндік ұғымының маңызы зор. Оның келесі түрлері болады:
- түпнұсқаның мүмкіндігі;
- экран кескінінің мүмкіндігі;
- баспа кескінінің мүмкіндігі.
Түпнұсқаның мүмкіндігі. Түпнұсқаның мүмкіндігі бір дюймдегі нүктелер санымен өлшенеді (dots per inch - dpi) және кескін сапасына қойылатын талаптарға, цифрлау тәсіліне, файлдың форматына және басқа да параметрлерге байланысты болады.
Экрандық кескіннің мүмкіндігі. Кескіннің экрандық көшірмесінде растрдың элементар нүктесін пиксель деп атайды. Пикселдің өлшемі таңдалған экрандық мүмкіндікке, түпнұсқа мүмкіндігіне және кескін масштабына байланысты. Диагоналі 20-21 дюйм болатын мониторлар 640×480, 800×600, 1024×768, 1280×1024, 1600×1280, 1920×1200, 1920×1600 нүктелі экрандық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Экрандық көшірме үшін 72dpi мүмкіндігі жеткілікті, ал түсті немесе лазерлік принтерлерде басып шығару үшін 150-200 dpi, фотосурет басып шығару үшін 200-300 dpi мүмкіндіктері болуы керек.
Фрактальдік графика математикалық есептеулерге негізделеді. Фрактальдік графиканың базалық элементі математикалық формула болып табылады. Яғни компьютердің жадында ешқандай объектілер сақталмайды, ал кескіндер берілген теңдеулер бойынша тұрғызылады. Осы тәсілмен қарапайым құрылымдардан бастап табиғи ландшафттар мен үшӛлшемді объектілерді имитация жасайтын күрделі кескіндерге дейін тұрғызылады.
Үшөлшемді графика ғылыми есептеулерде, инженерлік жобалауда, физикалық объекттерді компьютерлік модельдеуде кеңінен орын алады. Мысал ретінде үшӛлшемді модельдеудің күрделі вариантын – физикалық дененің қозғалыстағы кескіндерін құрастыру. Объектіні кеңістік модельдеу үшін келесі қадамдарды орындау керек:
- объектінің нақты формасына барынша сәйкес виртуалдық каркасын «скелетін» жобалау және жасау;
- физикалық қасиеттері объектінің нақты материалдарына ұқсас болатын виртуалды материалдарды жобалау және жасау;
- объектінің беттерінің бөліктеріне тиісті материалдарды тағайындау (кәсіби жаргонда оны «текстураларды объектіге проекциялау» дейді);
- объект орналасқан кеңістіктің физикалық параметрлерін келтіру керек – жарықты, графитацияны, атмосфера қасиеттерін, өзара байланысты объектілер мен беттердің қасиеттерін беру;
- объектілер қозғалысының траекториясын беру;
- кадрлардың қорытынды реттілігін есептеу;
- анимациялық роликке қажетті эффекттерді беру.
Объектінің реалистік моделін құру үшін геометриялық примитивтер (тік төртбұрыш, куб, шар, конус және т.б.) және онлайндық деп аталатын жатық беттер қолданылады.
Компьютерлік графикада кескіндерді сақтайтын файл форматтарының отыздан аса түрлері бар. Солардың ішінде жиі қолданылатын түрлері:
TIFF (Tagged Image File Format). Бұл формат жоғары сапалы растрлық кескіндерді сақтауға арналған (файлдардың расширениесі - .TIF). Бұл формат өте кең таралған. Ол IBM PC және Aрple Macintosh платформаларының екеуінде де қолданыла береді. Көптеген графикалық, дизайнерлік бағдарламаларда қолданыс тапқан. Түс диапазоны өте кең – монохромды қара-ақ түстен бастап CMYK 32- разрядты түсті бөлу моделіне дейін.
PSD (PhotoShop Document). Adobe Photoshop бағдарламасының меншікті форматы (файлдардың расширениесі .PSD). Графикалық деректерді сақтау жағынан мүмкіндіктері өте көп, кең тараған формат. Әртүрлі түстік модельдер, түс бөлу, түсті 48-разрядтық кодтау қамтамасыз етіледі.
JPEG (Joint Photographic Experts Group). Бұл формат та растрлық кескіндерді сақтауға арналған (файл атының расширениесі .JPG). Файлды қысу дәрежесі мен кескіннің сапасы арасындағы қатынасты өзгерту мен басқаруды қамтамасыз етеді. Мұнда қолданылатын қысу әдістері «артық» ақпаратты жоюға негізделген. Сондықтан бұл форматты кӛбіне электрондық кескіндер үшін ұсынады.
GIF (Graphics Interchange Format). Түстің белгілі бір тұрақты саны бар (256) қысылған кескіндерді сақтауға арналған (файл атының расширениесі .GIF). Үлкен файлдарды қысуға мүмкіндік беретін бұл формат Интернетте кең қолданыс тапты. Түстер санының шектеулігіне байланысты бұл формат тек электрондық жарияларымдарда қолдануда.
PNG (Portable Network Graphics). Бұл формат басқалармен салыстырғанда жаңалау (1995 ж.) және кескіндерді сақтауға және оларды Интернетте жариялауға арналған (файл атының расширениесі .PNG). Үш түрлі кескіндер сақталады:
- 8 бит тереңдігі бар түрлі-түсті;
- 24 бит тереңдігі бар түрлі-түсті;
- сұр түсінің 256 реңдік градациясы бар қара-ақ түсті.
PDF (Portable Dokument Format). Құжаттарды сақтау форматы. Adobe фирмасы жасаған (файл атының расширениесі .PDF). Бұл формат құжаттарды түгелімен сақтауға арналғанымен, оның мүмкіндіктері өте көп. Кескіндер жоғары сапалы болады және оларды экранда да, баспада да шығаруға болады. Кескіндер мүмкіндігін басқаруға мүмкіндік беретін қуатты қысу алгоритмі кескіндердің жоғары сапасын жоғалтпай файлдарды қысуды қамтамасыз етеді.
Басқа пәндермен байланысы
«Информатика»
«Сызба геометрия және инженерлік графика»
Пәнді оқыту мақсаты:
«Инженерлік графика (AutoCAD)» пәнін оқытудың мақсаты – бұйымдардың, нысандардың сызбаларын және технологиялық сұлбаларды орындау кезінде инженерлік есептерді шешу үшін қажетті білім беру.
AutoCAD графикалық жүйесін қолдану арқылы конструкторлық құжаттарды автоматты түрде орындаудың теориялық негіздерін үйрету.
Пәнді оқу барысында алған білімдер арнайы пәндерді оқу кезінде, курстық және дипломдық жобаларды автоматты түрде орындау кезінде және магистратура мен аспирантурада оқу кезінде қолданылады.
Пәндi оқыту мiндеттері: