Loading…
Transcript

4 стандарт - Қарыздарды, ипотека және қарыз міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін өлшеу

Қарастырылатын сұрақтар:

1. 4-стандарттың мақсаты - қарыздар, ипотека және борыштық міндеттемелерді қамтамасыз ету бойынша бағалаудағы айырмашылықты анықтау.

2. Қолдану аясы, негізгі анықтамалар мен талаптар.

Кіріспе

1.0 4 Стандарттың міндеті – несиелер, салымдық және қарыздық міндеттемелерді қамтамасыз етуге арналған бағалаудың ХБСК 3 Стандартымен сәйкесінше жүргізілетін қаржылық есеп беруге арналған бағалаудан айырмашылықтарын анықтау. 4 Стандарт бағалаушы сенімге негізделген жеке тұлғалар мен кәсіпорындарды несиелендіруден басқа, несиелік мекемелер мен нақты белгіленген активтермен қамтамасыз етуде қаржыландыруды беретін басқа ұйымдардың тапсырмалары бойынша мүлікті бағалауды жүргізе алатын шеңберді тағайындайды. Бағалаушы басқа аумақтарда да кеңес бере алады, алайда бұл Стандарт ссудалар, салымдық және қарыздық міндеттемелерді қамтамасыз етуге арналған мүлікті бағалауға ерекше қатысты болып келеді.

1.1 Қаржыландыру жайлы көптеген келісімдер нақты активтермен қамсыздандырылады. Ссудалар, салымдық және қарыздық міндеттемелер бойынша қабылданатын қамсыздандырылу түсінігі барынша кең мағынада анықталуы мүмкін. Кейбір жағдайларда қамсыздандырылу ретінде нақты активтердің қарастырмай-ақ, кәсіпорынның жекеменшік капиталының кепілі ретінде берілуі мүмкін. Нақты активтерді қаржыландырудың қамсыздандырылуы ретінде бағалау кезінде бағалаушы Нарықтық құнмен әрекет етеді. Кей кезде, қамсыздандыру ретінде жағдайларға, заңдамалар ережелеріне және мүлікті қабылдайтын тараптардың талаптарына байланысты, бағалаушы Әрекет етуші кәсіпорын құны, Ликвидациялық құн немесе алайда тек қаржыландыруды беретін, Нарықтық құн қызықтыратындар үшін ғана құнның басқа типтерін қарастыра алады.

Анықтама

3.0. ХБСК 1 Стандартында анықталған Нарықтық құн өз жұмысын құрастыратын бағалаушыға іргелі негіз болып табылады.

3.1. Нарықтық құн – бұл тиісінше маркетинг жүргізілгеннен кейін мүдделі сатып алушы және мүдделі сатушы арасында, тараптардың әрқайсысы жақсы мәлімденген, есептелген және мәжбүрлеусіз әрекет ете отырып, коммерциялық келісім жасау нәтижесінде бағалау мерзіміне активтерді алмастыруға болатын есептік ақшалай сома.

Қолданылу аясы

Бұл Стандарт бағалау мақсаттары ссудалар, салымдық және қарыздық міндеттемелермен байланысты болған кезде, несиелік мекемеге немесе басқа займдық капитал жеткізішілерге кеңес беретін және есеп беруді құрастыратын бағалаушыдан барлық жағдайларда қолданылады. Бұл Стандартты ХБСК 1 Стандартының кеңейтілуі ретінде қарастыру қажет етіледі.

Қаржылық есеп беру стандарттарымен өзара байланыс

4.0. Cсудалар, салымдық және қарыздық міндеттемелерді қамтамасыз етумен байланысты жүргізілетін бағалаулардың қаржылық есеп беруді көпшілікке жариялау мақсатымен жүргізілетін бағалау сияқты шарттарға жауап беруі міндетті болмайды. Мысалы, әрекеттік қолданыстарға арналған Нарықтық құн концепциясы қамсыздандыруға мақсаттарына арналған активтерді бағалаулар үшін сәйкес келе бермейді. Дегенмен, бағалаушы ХБСК 3 Стандартының талаптары қолданылатындығын тағайындауы қажет, және олай болмаған жағдайда, ол дұрыс қолдануға кепілдеме беруі және тиісінше түсініктеме жасауы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Микерин Г.И., Недужий М.И., Павлов Н.В., Яшина Н.Н. Международные стандарты оценки. Книга 1. – М.: «Новости», 2000.

2. Микерин Г.И., Недужий М.И., Павлов Н.В., Яшина Н.Н. Международные стандарты оценки. Книга 2. – М.: «Новости», 2000.

3. Закон РК «Об оценочной деятельности в Республике Казахстан» от 30 ноября 2000 года. № 109-11.Ук

4. Богатин Ю.В., Швандар В.А. Оценка эффективности бизнеса и инноваций: учебное пособие для вузов. – М.: ИНФРА, 2003.

5. Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и управление стоимостью предприятия: учебное пособие для вузов. – М.: ЮНИТИ ДАНА, 2001.

6. Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и инноваций. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 1997.

7. Грязнова. Оценка бизнеса. Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2005.

8. Есипов В.Е., Маховикова Г.А. Терехова В.В. Оценка бизнеса. – СПб.: Питер, 2006