Ішкі саясат бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:
Ішкі саясат бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:
1. Бөлімнің құзыреті шегінде Президенттің ішкі сая¬сат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету
• мемлекеттің ішкі саясатын, оның ішінде мемлекеттік ақпарат және жастар саясатын, азаматтық қоғам мен адам құқықтарын қорғауды дамыту салаларындағы саясатты, білім, қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласындағы, денсаулық сақтау, демография, мәдениет, тіл саясаты мен спорт саласындағы саясатты қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
• елдегі ішкі саяси тұрақтылықты, сондай-ақ конфессияаралық қатынастар мәселелерінде қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;
• Президентті елдегі әлеуметтік-саяси ахуалдың дамуы туралы хабардар етіп отыру;
• Елбасының және Әкімшілік басшылығының азаматтық қоғам институттарымен, сонымен қатар саяси партиялармен, діни және қоғамдық бірлестіктермен, қорлармен, өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
• Президенттің қызметін, сондай-ақ оның қатысуымен өтетін іс-шараларды Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету
• Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің және басқада құрылатын консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеу, олардың қызметі туралы есеп берулерді дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ шешімдерінің орындалуын бақылау;
• мемлекеттік рәміздер жөніндегі, Тұңғыш Президенттің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі, Қазақстан Республикасының Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі, Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі республикалық комиссиялардың отырыстарына материалдар дайындауға қатысу.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің өзге өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету
• елдегі ахуал және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі бағыттары туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының Бөлім құзыретіне жатқызылған бөлігін дайындауға қатысу;
• бұқаралық ақпарат құралдарында Президенттің жүргізіп отырған ішкі саясатын түсіндіруді ұйымдастыру.
Сыртқы саясат орталығы (ССО) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Сыртқы саясат орталығы қызметінің негізгі міндеттері:
2. ҚР Президентінің және Әкімшілік басшылығының өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру
• Елбасының атына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ССО-ның құзыреті шеңберінде қарау жүргізу;
• ҚР Үкіметінің, мемлекеттік органдар мен уәкілетті тұлғалардың ҚР Президентінің алдында жасайтын есептерін, баяндамаларын, ақпараттарын қарауды дайындауға қатысу;
• Сыртқы саясат саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру.
• сыртқы саясат және дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
• мемлекеттік органдардың сыртқы саясатты іске асыруына, сыртқы саясат бойынша Президентінің және Әкімшілік басшылығының актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жүргізу;
• Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, қолданысын тоқтата тұру және тоқтату мәселелері бойынша құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларын дайындауға қатысу; заң жобалары мен Мемлекет басшысына қол қоюға енгізілетін ҚР-ның заңдарына талдау жасауға, сондай-ақ сыртқы саясат мәселелері бойынша ҚР Президентінің актілерін, соның ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу.
Елімізде ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, үшінші жаңғыруды жүзеге асыратын ұлттық идеологияның басты қағидасы осы бір тарихи құжатта көрсетілген. Елбасы жастардың санасында туған жер мен туған елге деген ерекше сезімді, ілтипатты оятып, оны дәріптеу арқылы ел бірлігін сақтаудың жаңа заңдылығын ұсынды.
Білімнің салтанат құруы дегенде елімізде «Болашақ» бағдарламасы бойынша жастарымыз әлемнің таңдаулы университеттерінде оқып, бәсекеге қабілетті білім алып жатқанын баса айтуымыз қажет. Дегенмен елімізде білімнің салтанат құруына кері ықпалын тигізетін проблемалар да баршылық. Осындай мәселелерді шешуде әлемдегі дамыған елдердің тәжірибесі бізге үлгі болуы керек.
АҚШ мектептерінде зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, ер балалар мен қыз балалардың оқу үлгерімін салыстырғанда ұлдар қыздардан әлдеқайда артта екен. Олар бұл мәселені экономикалық жағынан қызықтыру арқылы шешкен.
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері:
Біздің елде білім – жалпыға ортақ. Соңғы жылдары экономикалық дамудың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір уақытта осылайша жедел өзгермеген болатын.
Технологияның қарқынды революциясы бізге таяу онжылдықта қазіргі кәсіптердің біразы жойылып кететінін көрсетеді. Елбасының сөзімен айтқанда: «Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.
Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».
Ғаламдану жағдайының заңдылығына сүйенсек, сананың ашықтығы адамзат баласын үлкен жетістіктерге жеткізеді. Ұлы даладағы қалыптасқан сананың ашықтығы мен ой еркіндігі нәтижелі түрде дала демократиясына әкеледі.
ХХ ғасырда егемендікке қол жеткізсек, рухани жаңғыру арқылы ХХI ғасырда «Мәңгілік ел» бағытында көшімізді түзедік.
ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы айтқанда, Ұлы дала елінің рухани қайта түлеп, жаңғыруына төмендегідей тарихи факторлар әсер ететінін ескергеніміз абзал.
Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң
шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.
1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.
Парламентаризм - парламенттің өкілетті және заңшығарушы орган ретіндегі басым рөлін мойындайтын, заңшығарушы және атқарушы билік қызметтері толық нақтыланған мемлекеттік билік жүйесі. Парламентаризм жағдайында парламент өз алдында жауапты үкіметті қүрады, бақылайды, қажет болған жағдайда отставкаға жібереді. Заңшығарушы қызметі тек парламентке тиесілі. Парламентаризм жағдайында монархтың немесе президенттің өкілетгілігі тек хаттама-өкілетті сипатта болады
Парламентаризмнің мазмұны басқару нысанының қарай: президенттік, президенттік-парламенттік немесе парламенттік республика болатындығына айтарлықтай тәуелді.
Парламентаризмнің заңның және заң шығарушы биліктің үстемдігін ғана білдірмейтінін, ол биліктің басқа тармақтарының, бірінші кезекте, атқарушы биліктің дербестігі мен жауапкершілігін білдіретінін атап көрсеткіміз келеді.
Бүгінде Қазақстандағы парламентаризм даму үстінде. Парламентаризмнің қазақстандық моделінің қалыптасуы - ұзаққа созылатын үдеріс. Әлемде заң шығарушы органның көптеген модельдері бар. Әртүрлі елдердің озық тәжірибесін зерделеп және оны біздің саяси жүйені одан әрі жетілдіру үшін ұлттық дәстүрлер, діл, құқық мәдениетін ескере, қазақстандық дамудың өзіндік жолын таба отырып, пайдалануымыз қажет.
1991 жылдың 16 қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақ ССР Президентін сайлау туралы» заңды қабылдады. Осы заңмен бірге 1991 жылдың 1 желтоқсанын Қазақ ССР Президентін сайлау күні ретіндей белгілеген қаулы да шықты. Осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет Республика басшысын жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдауға жағдай жасалды.
Президентке кандидатқа сайлау бюллетеньдерін алғандардың 98,76% дауыс берген. Қарсы дауыс берген 1,24% - бұл 109 мыңнан сәл ғана асатын адам.
Нұрсұлтан Назарбаев барша халық сайлаған Қазақстанның Президенті мандатын тұңғыш рет иеленді.
20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, Қазақстан Президенті міндетіне кіріскен болатын. "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деген еді Тоқаев.
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму»"
Конституциялық реформа – мемлекетімізді одан әрі демократияландыру жолындағы маңызды тарихи кезең. Бұл реформалар саяси-әлеуметтік дамуға, экономикалық жаңару мен жаңғыруға үлкен серпін берді. Конституцияның жаңа үлгісімен мемлекетіміз ұзақ жылдар алға қойған үлкен мақсаттарды орындауға қадам басты. Конституциямызға енгізілген демократиялық өзгерістердің негізгі бағыттарын мыналардан көруге болады.
Бірқатар билік уәкілетті Парламентке өтті, яғни құзыреттік міндеттер қайта бөлінді.
Осылайша Парламенттің рөлі күшейіп, мемлекеттік басқаруға жаңа үлгі – президенттік-парламенттік басқару жүйесі бекітілді.
Елбасының депутаттық корпуспен билік өкілеттігін бөлісу күшпен немесе қысыммен емес, Президенттің өзі қабылдаған шешім бойынша жүзеге асып отыр.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, Парламент жаңа өкілеттікке ие болудың арқасында Үкімет құрамын жасақтау, сондай-ақ қажет кезінде үкімет мүшелері – министрлерді кері шақырып алу және атқарушы билік органдарына бақылау жасау құқына ие болды.
Заң шығарушы ұйым реформаларға тиісті заңнамалық база қалыптастырумен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға да бақылау жасайтын болды.
Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде сот билігі өте маңызды орынды алады.
Сот билігі адамдар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, Конституцияның, заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сот билігі жазалап қана қоймай, ең алдымен, адамдардың құқылары мен еркіндіктерін қорғайды.
Реформаға сәйкес Әділет біліктілігі алқасы таратылып, Жоғарғы Сот Кеңесінің рөлі күшейтілді.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Мемлекет басшысы 2017 жылдың басында жариялаған елдің Үшінші жаңғыру процестерін іске қосады және жеделдетілген сапалы экономикалық өсу мен елдегі өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі міндеттерді қойып отыр.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізгі міндеттері мен нысаналы индикаторлары орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар арқылы іске асырылуда.
2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне көтеруге алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуына қол жеткізу.
Экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге, сондай-ақ адамның табиғатқа теріс ықпалын барынша азайтуға негізделуге тиіс. Бұл ретте БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары маңызды бағдар болады.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жеті маңызды жүйелі реформаның және жеті басым саясаттың төңірегінде құрылған, олар 2025 жылға дейінгі кезеңде елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылатын болады. Елдің әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы прогресін өлшеу үшін негізгі ұлттық индикаторлар мен халықаралық индекстер айқындалды.
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі тұс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.