Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Қорытынды

Хатчинсон-Гилфорд (Прогерия)

Осындай құбылыс 2001 жылы Атырау облысының тұрғыны 9-10 жастағы Нұржан атты балада байқалған.

Қорыта келе, қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері барлық уақытта ғалымдарды ойландырып келген мәселе. Қарттылық өзгерістер ең алдымен адамның сыртқы келбетінен біліне бастайды: дене сымбаты және пішіні өзгереді, ақ шаш пайда болады,терінің серпінділік қасиеті жоғалады, көздің көру және есту қабілеті нашарлайды,есте сақтау қабілеті төмендейді.

Уақыттың жылжуына байланысты организмнің қартаюы болмай қоймайтын жағдай. Бірақ оның даму қарқынын азайтып, адамның мәнді өмір сүру уақытын ұзарту бүгінгі медицинаның алдында тұрған күрделі мәселе болып есептеледі.

Ерте кездердегі геронтологтардің пікірінше (Пархон) қартаю -емдеуге болатын ауру. Бірақ қартаю - ауру емес,ол онтогенездің заңды нәтижесі екенін естен шығармауымыз қажет. Ғылымның негізгі мақсаты - ерте қартаюдың алдын алу, болдырмау, адамдарға физиологиялық қартаюға дейін толыққанды, белсенді өмір сүруге мүмкіндіктер жасау болып табылады.

Өмірді ұзарту мен жақсартуды зерттеу тек қана ғалымдардың міндеті емес, ол - әр адамның өз өміріне жауапкершілікпен қарауы екенін есте ұстау қажет.

Вернер синдромы

Балалардың прогериясы деп аталады. 6 жастағы бала егде жастағы адам сияқты көрінеді. 13 жасында күшті атеросклероздан өліп кетеді.Бұл аурудың ерекшкелігі бойдың өспеуі, липоатрофия, сүйектерінің аномалиясы, кішкентай тұмсық тәріздес мұрын, иегі кесілген, шаштың мүлдем болмауымен ерекшеленеді. Аурудың дамуымен атеросклеротикалық түйін туындайды, өлімге және жүрек ұстамалрына душар етеді.

Ең кәрі адам

  • 168 жас Шерәлі Мүслімов (әзірбайжан)
  • 138 жас – Хабиб Мийан (ер адам), Индия
  • 134 жас – Молоко Темо (әйел адам), Лимполо
  • 122 жас – Жанна Луиза Кальман, Франция
  • 121 жас – Мэриам Амаш (1888 жылы туған), Израиль
  • 118 жас – Григорий Нестор (15 наурыз 1891 жылы), Украина
  • 114 жас – Эдна Паркер Индиана, США
  • 114 жас – Томодзи Танабэ,Кюсю, Япония (18.09.1895-19.06.2009)

Бұл аурудың алғашқы көрінісі баланың 15 – 25 жас арасында байқалып, тез қарқынмен дамиды. Баланың бойы өсуі баяулайды, шашы ағарып, түсе бастайды, терісі жұқарып, қатпарланып кетеді. Көз бұршағының бұлыңғырлануы (катаракта), өкпе эмфиземасы, қан тамырларының атеросклерозы, т.б. дамиды. Кейінгі жылдары иммунитет жүйесі бұзылған организмде түзілген антиденелер бөгде заттарды ғана емес қалыпты клеткаларды да бұзып, жоятыны анықталды.

Ұзақ өмір сүру, қартаю. Клиникалық және этникалық аспектілері. Құқықтық актілер. Ұзақ өмір сүрудің генетикалық және қоғамдық механизмдері.

Құқықтық актілер

«Қазақстан Республикасында гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабы, 1-тармағының 6 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген

Осы Стандартта мынадай терминдер пайдаланылады:

1) ересек жастағы топтар – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген халықтың үш жастық құрылымына арналған жалпылама ұғым - 60 – 74 (егде), 75 – 89 (қарттық), 90 жас және одан жоғары (ұзақ өмір сүретіндер);

2) халыққа гериатриялық көмек көрсету

3) уақытынан бұрын қартаю

5) мамандандырылған гериатриялық қарап-тексеру

6) қарттық астения

https://bestprofi.com/document/640541438;jsessionid=721B006B51D60AA15528C73F40B18BF6?0

Қартаю кезінде жүйелік өзгерістер

- ми

- эндокринді жүйе

- қанайналым жүйесі

Ағзаның қартаю құбылыстары және герантология мәселелері

Ми

Эндокриндік жүйе

Қанайналым жүйесі

Қартаю кезіндегі мидың сыртқы қыртысының жүйке жасушалары азайып, глия жасушалары көбейеді. Нейрондардың денесінде липопусцин жиналады. Осыдан келіп олардың  функциялық қасиеті өзгереді, серпінділердің жүйкелер арқылы өткізілу жылдамдығы баяулайды, туйіспелерде жүйкелік медиаторлардың түзілуі және рефлекстер әлсірейді. Сонымен бірге қартаю  кезінде жадыда сақтау қабілеті бұзылады, оқуға құштарлық азаяды. Бірақ бұрынғы қалыптасқан әдет, сөз қоры, алынған білім жастың ұлғаюына қарай көп өзгермейді. Бұл кезде мидың біршама құрылымдары әртүлі өзгерістерге ұшырайды. Соның ішінде гипоталамустың өзгерістері дербес жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйенің өзгерістеріне әкеліп, адамның қартаюына бірталай ықпал етеді.

Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады.

Қартаю — онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық, қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс.

Қартаю проблемаларын зерттейтін ғылымды герантология (гр. geron — шал) деп атайды. Герантология қартаю құбылысының негізгі зандылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейден бастап тұтас ағза деңгейіңде анықтайды, оның даму ерекшіліктерін, емдеу және аурудың алдын алу проблемаларын зерттейді. Қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері барлық уақытта ғалымдарды ойландырып келген мәселе. Ол әсіресе XX ғ. халық құрамында терең демографиялық өзгерістердің белең алуына байланысты ерекше мәнге ие болып отыр, себебі көптеген экономикалық дамыған елдерде кәрі адамдар саны өсуде. Герантологияның міңдеті теқ қана адам өмірін ұзарту емес; сол сияқты, кәрі адамдардың коғамдық өмірге және еңбек қатынастарына белсенді араласуына көмектесу, яғни олардың белсенді және толыққанды өмір сүру мүмкіншіліктерін ұзарту болып табылады.

Бұл кезде кейбір гормондардың өндірілуі өзгеруімен қатар, олардың реттеуші әсерлерін қабылдайтын нысана тіндер мен жасушалардың сезімталдығы өзгереді. Эндокриндік жүйенің кері байланыс бойынша өзін-өзі реттеу жолдары бұзылады. Қарт адамдарда жыныс бездерінің қызметі әлсірейді. Осыдан жыныстық гормондардың қандағы деңгейі төмендеуінен гипоталамуста гонадолиберин мен гипофизде гонадотропиннің өндірілуі артады.Бірақ бұл гормондарға жыныстық бездердің сезімталдығы төмендеген. Сондықтан олар қанда гонадотропиннің көбеюіне қажетті гормон өндірумен жауап қайтармайды. Қарт адамдарда гипофиз бен бүйрек үсті бездерінің өзара қатынасы бұзылады. Гипофиздің самототропиндеріне бүйрек үсті бездерінің кортизон гормонының қандағы деңгейіне гипофиз, кері байланыс бойынша, әлсіз жауап қайтарады. Шеткері ағзалар мен тіндердің жасушаларында (лимфоциттер мен гепатоциттер) кортикостероидтарды қабылдайтын рецепторлар азаяды. Осыдан әртүрлі қоздырғыштарға қарттардың төзімділігі төмендейді. Қартаю кезінде гипофизде тироксин түзілуі азаюдан қалқанша бездің қызметі төмендейді, зат алмасу үрдістерінің реттелуі бұзылады. Бұл кезде ұйқы безінің қызметі әлсіреуінен инсулин аз өндіріледі және өндірілген инсулиннің өзі қанда тез әсерсізденеді. Сонымен бірге тіндердің инсулинге сезімталдығы төмендейді. Осылардың нәтижесінде қарт адамдардың организмінде инсулиннің жеткіліксіздігі қант диабетін дамытады.

Қартаю кезінде қанайналым жүйесінде де өзгерістер дамиды. Бұл кезде Жүректің жиырылу күші, қанның минуттық көлемі азаяды, шеткері қан тамырларының таралуынан айналымдағы қанға олардың жалпы кедергілік қасиеті көтеріледі.Тіндерде қан қылтамырларының саны азаяды, олардың қабырғаларындағы тіректік мембрананың қалыңдап кетуінен қаннан тіндерге және, керісінше, тіндерден қанға газдардың диффузиясы бұзылады.Бұл бұзылыс, әсіресе өкпеде болатын болғандықтан, сыртқы тыныстың жеткіліксіздігіне, тыныстық гипоксия дамуына әкеледі. Қарттарда артериалдық қан қысымы  көтеріледі. Қан тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеро және  атериосклероздар дамиды. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларының жүйкелік-сұйықтық реттеулері өзгереді. Осыдан қарттарда артериалдық гипертензия, жүрек аритмиялары жиі кездеседі.

Қартаюдың морфофизиологиялық сипаттамасы

Қартаю - жастық өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның қызмет ету мүмкіншілігін бірте-бірте қысқартады. Ағза денесінде қартаю белгілері әртүрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жүйелік және ағзалық. Ағзалық деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы өзгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады, түседі; терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді. Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. 50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер — тыртықтар, меңдер, сүйелдер, әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаты бірте-бірте жұқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді. Ас қорыту жүйесіңде мынадай өзгерістер байқалады — тістер босап, қаусап түсе бастайды, асқорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды. 40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар қабырғасына холестерин сіңіп, жинақталып, оның иілімділігі төмендейді. Кәрілік кезеңде бүйректің фильтрациялау қарқыны азаяды. 40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды. Бұлшықеттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесіңде адам тез шаршайтын болады. Жас ұлғайған сайын ағзаның иммундық реакциясы өзгереді, гуморальдық және жасушалық иммунитет төмендейді.

Орындаған: Құрман Бибінұр

Топ: ЖМ13-043-1

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi