Ислам Айбарша:
Концепттің басты белгілерінің бірі- оның мәдени реңкте болуы. Сондықтан ол ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналады. Сонымен, концепт дегеніміз- этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан- ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қайдаров Ә. Этнолингвистика//Білім және еңбек. –1985. – №10.
2. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997. – 224 б.
3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным. –№ 4, 2001, –Б. 39-44бб.
4. Смағұлова Г.Н. Көркем мәтін лингвистикасы : оқулық /, Алматы: Триумф, 2007.-150 б.
5.Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы лингво-мәдени сараптама): филол.ғыл.док. дисс. –Алматы, 2004.
Метафизикалық концепт
Ақиқат дүниедегі абстракцияның жоғары дәрежедегі құндылықтарын танытатын ментальді мазмұн. Метафизикалық концептілер перцептивтік,сенсорлық қабылдау, яғни сезіну әрекеті арқылы рухани құндылықтарды тану нәтижесінде ғана хабарланады.
Ұлттық- мәдени концептілер
Ұлттық танымда ғана жан- жақты ақпаратымен жүйеленіп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсетеді.
«Сағыныш» концептісі ақынның шығармашылығында әртүрлі мақсатта жұмсалады. Сағыныш сезімі адам баласындағы рухани құндылық.
...Айтамын өзің жайлы топқа сырды,
Жүдеткен жоқпын, апа, от басыңды.
Сипалап топырағын қабіріңнің,
Жиі кеп, сүртіп қайтам көк тасыңды.
С.Оспанов, «Анамды аңсау»
Мұндағы лингвомәдени бірлік- қара қазан.
Жырмен ұйықтап оянған өлеңменен.
Дала деген- күйсандық бұл қазаққа,
Абай десе құлағы елеңдеген,.
Уһ, дала! Дала толған көл- көсір жыр,
Дала- қобыз, тұтпайды пернесін кір. ( М. Мақатаев “Өлеңдер жинағы”)
Эмоционалды концептілер
Ақиқат дүниелер адам санасындағы эмоционалды, аффективті көңіл- күй арқылы, ішкі сезімі арқылы танылатын концептілер.
Уайым ұғымы жағымсыз мағынада танылатыны, оның “сары уайымға салыну, күйзелу, көңіл- күйі болмау” деп объективтіленетіні белгілі. Бірақ оны нақты денотатпен көрсете алмаймыз.
М. Мақатаев шығармашылығында уайым концептісі тұман, бұлт бейнелерімен күңгірт, бұлдыр, түсініксіз, ауыр, пәс күйге ену белгілері арқылы беріледі.
Отырмын ой тұманы шытырманды, басымды бейуақыт қоршап алды.
Шұғыла боп содан соң ашылдағы, бұлтымды таста серпіп басымдағы.
Фрейм
-санада концепт түзеуші оқиға бірліктерінің бірінен кейін бірінің жүйелі, тәртіпке сай өтілуін қадағалайтын ақпараттар жинағы, концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым түр.
Концепт және оның түрлері
Сценарий
М. Мақатаев поэтикалық мәтінінде кәрілік ұғымын жан- жақты танытуда концептуалдық құрылымдарды түгел дерлік қолданады. Дегенмен фрейм типіне салып тану шеберлігі басымырақ екені анықталады. Мысалы:
Қарамай сақалыңа, шалдығыңа,
Жарасып тұрушы еді қалжыңым да,
Қарабайдай қатайып қалыпсың ғой,
Ата, сен шынымен алжыдың ба?!
Концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін жинақтауға болады.
Поэтикалық контекстегі «тірі шежірелер» метафорасы арқылы танылған кәрілік концептісі авторлық санада сценарий құрылымына салынған. Себебі, ойда ұрпақтан ұрпаққа тарау процесі (сюжеті ) шежіре ассоциациясын тудырған болса керек.
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?
Қанеки, нелерің бар, Аталарым?
Ұрпағыңа ұран қып апарамын.
Ойсурет
Концепт қалыптастыру операциясының ең күрделі формасы.
Концепт құрайтын элементтерді санада метафоралау, яғни суреттеу тәсілі.
Ай жүзінен
Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз
(«Туған ауыл»)
Арманымның көріп қалып бейнесін,
Алаулаған аспан жақтан мұң құшам.
(«Арманымның бейнесі»)
Символ
Ойдағы дүниені танытуда, қиялдың күші жетпей дәл нақты бейнелеуді қажет етуде, рационалды ойды таңбалауда символ көмекке келеді.
Мұқағали ақынның танымында кәрілік тау бейнесімен дәріптеледі. Себебі таудың ақ басты болуы, уақыт өткен сайын ескіріп шөгуі қарттың бойында болатын белгілермен салыстырылады. Оған қоса таудың тірегі, қорған болу мәртебесі қарияның ақыл беру, жолға салу қасиетімен теңестіріледі. Демек кәріліктің авторлық символы- тау.
Схема
Когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда таныту тәсілі.
М. Мақатаев "Кәрілік" концептісін «Иілген сұрау белгі» бейнесімен таныту шеберлігі қарт кісінің сыртқы формасына қарап модельдеу негізінде туындатады. Бұл автордың схема құрылымына салып, нақты бейнемен объективтендірілгенін байқатады.
Шешем менің - иілген сұрау белгі,
Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді.
Қалай ғана қалпына келтірерсің,
Дауылдар майыстырған мынау белді.
Нақты бір феноменге қатысты коцептіні түсіндірудегі оның ішкі валенттілік байланыстарын жинақтап ұйымдастыратын ментальді- тілдік құрылым.
"Кәрілік" концептісін тануда автор «ақ бас», «төрінен көрі жақын кәрі шал» деп стереотипке салып танытады. Сонымен қатар, «қарт кісінің қолына су құю» ұлттық этикет таңбалары арқылы санада кәрілік ұғымын бейнелейді.
Ассоциация
Дүниені тануда адам санасындағы алғаш пайда болатын ментальді сигналдар, білім алудың бір тәсілі.
Осы бір бел-белестердің кеудесін кесіп әрі асқан қос рельс алдағы күндей алысқа созылып кете береді» (Сафуан Шаймерденов «Инеш», 9 бет).
«Өмір деген мына бір жүріп келе жатқан тротуар емес пе. Ой-шұқыры көп оның. Біреу жау болады, жағаңнан алады. Біреу ит болады, етегіңнен алады. Соның қайсысына болса да қажымау керек» («Инеш», 275 бет).
Қаламгер «жол» сөзін өмірмен байланыстырып, жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, дұрыс және бұрыс таңдау, оң я теріс бағыттарды суреттеп, тек «жол» сөзін ғана емес, оған байланысты «тротуар», «бұрылыс», «рельс» т.с.с. сөздер арқылы адамның өмірлік жолын, мақсатын бейнелеген.
М.Мақатаев "Кәрілік" тақырыбын «ескіру», «естімеу» лексемалары арқылы объективтендіреді. «Ескіру» ассоциациясы арқылы танытудағы мақсаты- ұзақ өмір сүрген қарт адамның тіріліктен, аурудан келе- келе «мүжілуі», денсаулығының нашарлап, күші қайту белгілеріне көз жеткізу. Мұндағы «ескіру» ассоциациясының бойынан құлақ естімеу, көз көрмеу, буындары сырқырап, жүруге әлі келмеу т.б. белгілер танылады.
КОНЦЕПТІЛІК ЖҮЙЕНІҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫ
?
ФРЕЙМ, СХЕМА
СИМВОЛ, СКРИПТ
АССОЦИАЦИЯ
СТЕРЕОТИП
ОЙ СУРЕТ
СЦЕНАРИЙ
1. Тіл білімінде "концепт" терминінің қалыптасуы мен дамуы
2. "Концепт" терминінің тіл білімінде зерттелуі
3. Концептуалдық талдаулар
ҰҒЫМ
КОНЦЕПТ
-энциклопедиялық ақпарат береді;
- ғылыми білімнің нәтижесін береді;
- сөздің ментальді түсінігі.
- сөздің сөздіктегі мағынамен қатар, этимологиясы, басты тарихи белгілерін ғана қалдырып өте ықшам формасын береді;
-қазіргі заман ассоциациясын, бағалау модусын ұсынады;
- сөздің әмбебап мәдени түсінігі
Қазақ тіл білімінде "концепт" терминінің зерттелуі
Қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ф. Қожахметова, Р. Сыздық, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, И.Айбарша, А.Салқынбай, Н. Аитова, А. Әмірбековалар, Қ.Қайырбаева т.б. зерттеушілер бұл мәселені этнолингвистика, лексикология, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде.
Тіл білімінде "концепт" терминінің зерттелуі
Тілді когнитивтік тұрғыда зерттеу әлемдік тіл білімінде М.Минский, Г.Филлмор, Дж.Локофф, Э.Кассирер, Б.С.Мейрах еңбектерінде көрініс тапқан.
Концепт- когнитивтік лингвистика ғылымының басты категориясы. Концепт мәселесіне кешенді түрде зерттеу жүргізген ғалымдар- В.Телия, В.Маслова, Д.Лихачев, А.Вежбицкая, В. Колесов.
Қазақ тіл біліміндегі "концепт" терминінің зерттелуін Ә.Қайдар,А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов,
С. Аманжолов, І.Кеңесбаев еңбектерінен байқауға болады.
Лингвокогнитивтік аспектіде
Концепт- ақиқат дүниенің санада жан-жақты жинақталып тұжырымдалған ақпараттары (денотатты, стереотипті, ассоциативті, ситуациялардың қабылдануы) мен когнитивтік семантикасы арқылы танылған көрінісі (Е.Н. Кубрякова, А.Вежбицкая).
Психолингвистикалық аспектіде
Концепт- ақиқат дүние туралы психикалық қабілеттер (қабылдау, жадыда сақтау, көру, есту, ұғыну, сезу) арқылы қабылданған алғашқы ментальді түсініктер ретінде танылады ( Р.И. Павиленис, Дж.Келли, Дж.Каган).
Лингвомәденитаным аспектісінде
Концепт-ақиқат дүниенің санадағы ұлттық- мәдени, рухани, этикалық, әлеуметтік танымын айқындайтын бірлік (Н.Д. Арутюнова, А.М. Мороховский, Д.С.Лихачев т.б.)