Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Негізінен ежелгі гректерден бізге дейін сақталған
агрономиялық, географиялық, биологиялық зерттеулердің ішінде жер,топырақ туралы көптеген мәліметтер бар.Эгей мәдениеті дәуірі кезінде (б.д.д 2 мың.ж) гректерге топырақ арасындағы айырмашылық, өңдеу шеберлігі, меңгеру тәсілдері. Грекияда жауын-шашын аз болғандықтан барлық егіншілік саласы суды топырақта сақтауға бағытталды.Топырақтың сол кездегі гүлденеген сәті б.з 5-4ғ. Эмпидекола, Аристотельдің және оның оқушылары кезінде болды.Олар бұлмен тоқталып қалмай басқа елдерден де мәлімет алды және жорықтарда жүргенде де әрқашан ізденіп жүрді.Топырақтың көптеген қасиеттерін біле тұра олар онда жүріп жатқан процестерді де қарастырды.
Негізінен топырақты б.д.д 8-б.д 3 ғ Грек-Рим цивилизациясы кезінде зерттеп, қарастырып бастады.Яғни топырақты зерттеудің 1-ші кезеңі антикалық кезеңге жатады деп айтсақ та болады.Көне грек философтары: Аристотель, Теофраст топырақты керемет, кұнарлы, құнарсыз, жақсы,жаман,жарамды, жарамсыз, бұзылған, кедей деп бөлген.
Аристотель мен Теофраст топырақты ана мен әйел деп қарастырды.Және топырақты көбінесе агрономиялық аспектіде қарастырған.Гректер топырақты кей уақыт аралығында өзгеріп отыратын дене деп есептеген.Бұл әдеби толғаулардан басқа да ғылыми тұжырымдамалар пайда бола бастаған.Олар топырақтың ең басты сапасы ол- ҚҰНАРЛЫҒЫ деп есептеген.Грецияның топырағын туралы мәліметтер оларды, оларды қолдану, қайта өңдеу мысалдары Ксенофонттың "Үй шаруашылығы" атты трактатында келтірілген.
Көне грек ғылымы біріңғай, онда тарих пен география тығыз байланысты.Бірақ географияға көбірек көңіл бөлінеді. Оны біз Геродоттың "Тарих 9 кітапта" атты кітабынан байқауымызға болады.
Герадот Ніл өзенімен жүзіп келе жатқан кезде оған топырақтың көп бөлігі құрлықта деген ой келеді, және ол алғаш болып топырақты әр түрлі түспен айтуды ұсынған деген пікірлер бар, себебі ол Ливияның топырағын қызыл топырақ деп атаған. Бірақ бұл ойды оның шәкірті Теофраст жалғастырып әкеткен.Теофрасттың қорытындысы "топырақ өте маңызды және ерекше құрылым.Құнарлылық-оның маңызды қасиеті.Ал өсімдіктер мәдениетті және жабайы болады."Қай жағдайда да топырақтанудан ежелгі негізін қалаған Галикарналадан шыққан Герадот.
Римдіктер топырақ туралы білімдерін эллиндердің білімдеріне негіздеген. Олар топыраққа адамзатты қоректендіруші күш ретінде қарады.
Колумелла мен Лукренцияның "Жер барлық уақытта қозғалыс үстінде" деген өлең жолдарынан, Римдіктерде өзіндік топырақ туралы білімдерінің болғандығын көрсетеді. К.Маркстың айтуынша, "топырақ туралы терең білім керек емес, мысалы, Римдіктердің тарихына қарасақ, топырақтың тарихының құпиясын білу үшін олардың жер иеліктерінің тарихына қарау керек."
Б.з.д. 160ж. Катонның жазбалары пайда болғаннан бастап, римдіктердің агономиясының гүлденген кезеңі деп қарастырылады. Ол б.з.д 5ғ. дейін Палладияның шығармаларымен аяқталды.
Римдіктер топырақ туралы білімнің дамуын:
1.Катон кезеңі
2.Варрон-Вергилия кезеңі
3.Колумелла-Плиний Старшийдің кезеңі
4.Палладий және басқалардың кезеңі
Катон: "Топырақты жақсы өңдеу деген не?-Жақсы қазу. Ал екіншіден?-Қазу. Ал үшіншіден?-Көңдеу"-деген.
Марк Теренций Варрон-Юлий Цезарьдың бұйрығымен қоғамдық кітапхана ұйымдастырады. Ол Герадот пен Феофрасттың топырақ туралы туындыларын өте жетік білген. Б.з.д. 37жылға қарай ол ауыл шаруашылығы туралы 3 кітабын жазып бітеді.
1957ж. Я.Г.Гулямов өз зерттеулерінде ерте кездегі жерді қолдан суару Орта Азияда б.з.д 2 мыңжылдықта пайда болған деп жазған. Мәселен, Хорезмде бастапқы кезде "табиғи каналдар"-ескі арналар, ағыстар; кейін жасанды каналдарды жасауды үйренді. Әмударияның жанындағы топырақ ауыр және құнарлылығы төмен еді. Сондықтан Хорезм егіншілері оны әртүрлі қалдықтармен құнарлардырды. Осы жерлерде көптеген үлкендігі 3м, жасы 4000 жыл болатын суландыратын сорғыштар табылған.
Ертедегі Үндістердің "Артхашастра"трактатында, аудармасы "Пайда туралы ғылым", б.з.д 4ғ. мем.қайраткер Каутилье, алқаптарды суландыруға арналған бөгендерді салу мен эксплутациялау туралы, суландыру жүйесін бұзғаны және жерді су басқаны үшін жазалар туралы жазған.
В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша, Қытайда егіншілік ұрпақтан ұрпаққа дейін дамып, 4000 жыл бойы өмір сүрген. Қытайдың егін шаруашылығын Қытайда 14 жыл бойы тұрып келген Н.А.Бичуриннің жазбаларынан білсек болады. Ол б.з.д Қытайда егіншілік туралы ақпараттар көп болған, үкімет басшылары сол мәліметтер арқылы халыққа жерді жырту, оны тыңайту, егу және жинау уақыттарын хабарлап отырды. Б.з.д. 2ғ. Князь Юй топырақтың сапасына және орналасуына қарай 3 топқа бөлген: жақсы, орташа және жүдеу.
ВИЗАНТИЯ
Липщицтің ойы
410 ж Аларих көсем "мәңгі қаланы" 3 күндік апатқа ұшыратады, соңында Батыс Римдік империя құлап оның орталығы Византияға көшіріледі. Византиялықтар өздерін "Ромеев империясы деп атаған " және 1000 жылдан астам өміс сүрген. Басында олар құл иеленушілер болған, содан соң феодалдық мемлекетке айналнған. Бұл кезде жермен крестьян шаруалары айналысқан, яғни олар жерді жалға алып оны өңдеген.
Бірақ Липщицтің ойы бойынша "Геопоник" бірнеше ғалымдардың жұмысы емес, ол оны ұлы трактат дейді.Оның ойынша онда негізгі ойлар нақты, жинақты жазылған.Онда ауа-райы, климаты,жер құрамы, құнарлығы сияқты мәліметтер болған. Көбінесе іші ырымшыл мәліметтерге толы болған, бірақ оны ғылыми түрде дәлелдеуге тырысқан.9- 11ғ Византияның солт.шекарасы Дунаймен өтіп жатты, төменгі ағысы жағындағы құнарлы жерлері де әрине империянікі болды.Ол жерлер қарашірікке бай болған.Сондықтан болар кітаптың 9 тарауы "Қандай жер ең жақсы?Ең жақсы жер: қарашірігі, қара топырағы мол жер" деп басталады.
Көне ғасырларда Индия, Двуречье, Мысыр, Ассирия, Вавилон, Қытай, Орта Азия елдеріндегі топырақ туралы білім
Ертедегі адамдар топырақты зерттеуге аңшылық пен терімшіліктің дамып, егіншілік пайда болған кезде кірісті. Мысырлықтар өздерінің топырақтарын өте жақсы білген және олар Нілде су тасқындары болған кезде өрістерді дымқылдататындығын, құнарландыратындығын, құрғақшылық кезінде бетінде жиналған тұздарды шайып әкететіндігін білген. Француз тарихшысы Г.Масперо және орыс саяхатшы-агрономы Н.Н.Клингеннің деректері бойынша, олардың алғашқы фараондары кезінен бастап қатал кадастр болған. Ол: жерді аумағына, құнарлылығына және табыс әкелуіне байланысты бағалау.
Б.з.д 10-3 ғ.ғ папируста егістік жерлерді: "немхун" және "шета-тени" деген екі дәрежеге бөлген. Немхун- 1 сечат жері жарты ките күміс, ал Шета-тени-тек 1/5 ките күміс қана тұрады. Ал бұданда ерте құжаттарда- б.з.д 25ғ. Палермс тасында, әртүрлі егістік жерлер туралы көптен жазылған. Мысалға, өңделмеген жер, шөлдің қиыр шығысындағы жер, үлкен жүзім бағына арналған жер. Кадастрда: "5-ші жыл" үшін алтын мен жердің 8-ші есебі жүрген." Бұл жердің қалай жоғары бағаланғанын көрсетеді.
"Алтын мен жердің есебі" үнемі жүргізілген. Бруклин мұражайының папирусында, фараоннан кейінгі адамның жұмысына егістік жер мәселелері кірген. Мысырлықтардың өздерінің жерлерінің механикалық-құрылыстық қасиеттерін, топыраққа климаттың әсерін біліп, оны жүйелей білгені белгілі.
Б.з.д 6-5 мыңжылдықтарда, кең Тигр мен Ефрат дельтасында аталмыш Убей кезеңінде жер шаруашылығы пайда болды. Бастапқы кезде, шағын өшпелі өзен тармағы мен ескі арнадағы топырақты үюіп, шағын жасанды жайылым жасауды үйренді; кейін қиын су реттеуші құрылғылар салуға көшті. Жұмсақ аллювиал топырақтар қарапайым жер өңдеуші құралдармен өңделгенімен, оған үздіксіз еңбек керек болды. Сондықтан, Двуречье мемлекеттерінде: Шумер, Ассирия, Вавилон- жаппай құлдарды қанау басталды.
1902жылы француздардың археологиялық экспедициясын кезінде вавилон патшасы Хаммурапидың қара базальтты бағанасына ойылған заңдары табылды. Заңдарының бірі жерді қорғайға арналған. Онда: "Егер адамның өз жеріне дұрыс қарамағандығынан, көрші жерді су басып кетсе, сол адам көршісіне зиян келтірген дәндерін сондай мөлшерде кайтару керек."
Осы кезден бастап елдің басты экономикалық табыс көзіне ауыл шаруашылығы айналады және оны зерттеуге қызығушылық болады.Византия астанасы Константинопольге көптеген жазбалар соның ішінде Римдік аграрлық құнды жазбалар да келеді.Содан соң олар Ренесанс кезінде Италияға жол тартады. Бұл кезде олардың өздерінің де ғылыми жазбалары пайда бола бастаған. 4ғ соңында Паладий мен Феофрас бір-біріне тәуеліз топырақ пен миералдар туралы еңбектер жазды.
8 ғ империяда "Жер заңы" шықты. Яғни жерді қолданғанына, құнарлылығына, көлеміне қарап салықтар төлейтін болған.
ҚЫТАЙ
Қытайлықтар топырақты топқа бөліп бағалаған.Құндылығына қарай топырақ:
Келесі есеп бойыншаолардың сапасын білген болатын:
Осыған қарай Қытайда б.з.д 2-6ғ. бірдей жер мөлшері системасы қалыптастырылды.
1115ж император Гинь жердің құнарлылығына байланысты салық енгізді, ал 1387ж император Минь салықты жердің орналасуы мен құрамына байланысты орнатуды бұйырды.Олар жерді өңдеу мен көңдеу уақытын жүйелеген және Дифанжи кітабында жердің қасиеттері туралы жазған.Қазіргі кезде осы кітаптың 5832-сі, 90000 томы бар.Қытайлықтар феодалдық кезеңде жерді өңдейтін құралдырды жасаудан да үлкен жетістікке жетті.
ЖАПОНИЯ
Темір дәуірінде жапондықтар жерді өңдейтін құралдарды дамытқан.Мысалы, бұқаға асылған соқа.4-7ғасырларда ұлы каналдар салына бастаған.Олар арқылы 600000 шақырым жерді суландыра алған.
Аңыз бойынша, жасанды террасаға жақсы жерді трансплантациялап, кейін оның үстіне сәндік және жеміс ағаштарын еккен. Бақшаны жасанды түрде суландырған. Патшайымның қабірінде: "Мен өзендерді менің иеліктерімнің маңайыннан өтіп, бұрын құнарсыз және өнім бермейтін жерлерімді тыңайтуға мәжбүрледім"-деп жазылған.
ГЕОПОНИК
ҮНДІСТАН
Үндістанда топыраққа ерте кезден бастап мән берген.Олар Инди мен Ганга жағалауларында суландыруды қолданған.Араб саяхатшысы Ибн-Батура "Үндістан керемет және жомарт топырақпен қамтамасыз етілген" деген. Әр ғалым немесе саяхатшы әр түрлі пікір айтады, біреулері өте құнарлы емес десе, біреулері әр тасталған 1 уыс дәннен 80 немесе 800 есе көп дәндер береді деп айтқан.Бұның асыра сілтеу екені анық, бірақ бұл сөздерден Үндістан топырағының шынымен де құнарлы екендігін білеміз.
Араб халифаты
Византиялықтардың білімін дәлелдейтін "Геопоник" немесе "Кассия о сельском хозяйстве" деген кітабы болатын.Бұл кітаптың авторы жоқ, бірақ оны зерттеп қарағанда оның көптеген ғалымдардың көмегімен жазылған деген тұжырымдамалар бар.Себебі ол кітапты оқи отырып Колумелланың, Варон, Вергилийдің, Флорентин,Квентилий сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене жазылғанын байқауға болады.
Римдіктер сияқты Геопониктің авторы топырақ қасиеттерін зерттеуге тырысқан және көптеген жаңа әдістерді қарастырған.Бұл еңбектің 50-дей жазбалары грек,сири,араб тілдерінде қалған. Олар Константинопольге жасалған қаншама шабуылдан кейін қалған қалдықтары.Яғни бұл шығарма өте кең көлемде жазылған деп ойлаймыз.
Арабтардың ғылыми еңбектері маңыздылардың бірі,бірақ та көптеген шығармалары жоқтың қасы.
7ғ Бағдатта, 12ғ соңында Севильде агрономиялық трактаттар пайда болды.Оның авторы Ибн-аль Аваль көптеген мәліметті "Геопоник" кітабынан алған.Арабтардың топырақты зерттеуі сол көшпенді арабтардың кезінен басталды.
Арабтар шөлді аймақтардығы опырақты 3 түрге бөлді:
Онда сирек жауын-шашын жауып тұратын жерлерді де тапқан,олар уақытша құнарлы болатын жерлер, сондықтан да оларды колданбаған.Муаллака Ибн-уль-Кайса бұл жерлерді есектің іші деп атаған.Бірақ осындай жер Мекке мен Мединаның арасында табылған,ол жер құнарлы және онда бақшалар қаулап тұратын болған.
1,2-СӨЖ
Рүстем Ұлпан
Кулмаганбетова Дина