ЖМЖ қызметінің ұйымдастырылу принциптері
- Географиялық белгілері бойынша:
- қалалық
- ауылдық бөлімшілер, пункттер
- Ауруханалармен қарым-қатынасы бойынша және әкімшілік басқару типі бойынша
- өз бетінше бекеттер
- біріккен (ауруханалардың құрамында)
- қалаларда - көп салалы ауруханалармен бірге
- ауылдық жерде - орталық аудандық ауруханамен
- ЖМЖ беру принциптері бойынша
- шақырту және ауру, жарақат, қайғылы оқиғаның түріне қарай
- Оқиға жеріне байланыссыз шақырту себебінің ауырлық дәрежесі
- Қаржыландыру көзі бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы
Шақырту картасында науқастың мекен-жайы, жасы, шақырту себебі толтырылады. Шақыруды қабылдау уақыты, оны қосалқы бекетпен бригадаға беру уақыты "03" диспетчерімен белгіленеді, дәрігер науқасқа келу және кету уақытың тіркейді. Науқасқа келген кезде науқастың құжаттық мәліметтері толықтырылып, шағымдары, диагноз, жүргізілген ем, қай ауруханаға және қай бөлімге жатқызылғаны жазылады. Госпитализацияланған науқас туралы мәліметтер ЖМЖ бекетінің анықтама бөлімшесіне беріледі. Сонымен қатар, ЖМЖ шақырту қағазында бригаданың құрамы жазылады. Ауруханаға жеткізілген барлық науқастарға жолдама қағазы толтырылады (Ф.№114/у).
Жедел жәрдем бекетінің негізгі тіркеу - есеп беру құжаты
- егер науқас медициналық көмектен және ауруханаға жатудан бас тартса және ол еріксіз болса, оның өкілі немесе туыстарына жазбаша түрде "шақырту картасына" қол қойғызып, бекітіп алуға;
- науқастың және жарақаттанушының туыстарына, таныстарына санитарлы автокөлікке мініп ілесуіне рұқсат беруге;
- ЖМЖ бригадаларының жұмысын жетілдіру сұрақтары бойынша ұсыныс енгізуге;
- ЖМЖ маманы ретінде өзінің біліктілігін 5 жылда 1 рет жетілдіруге, белгіленген тәртіпте мамандығы бойынша аттестация және қайта аттестациядан өтуге;
- өндірістік мәжілістерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдарға қатысуға.
ЖМЖ желілі бригада дәрігері құқылы
- ауруға немесе зардап шегушіге аз уақыт ішінде оқиға орнында немесе ауруханаға тасымалдау барысында соңғы медициналық ғылыми және тәжірибелік жетістіктерге байланысты көмек көрсету
- шақырту түсе салысымен, оны орындауға шығу;
- медициналық жәрдемді тез және нақтылы көрету;
- барлық конфликті жағдайларды басшыға хабарлау;
- науқас ауруханаға жатудан бас тартса, аға дәрігерді ескертіп, шақырту картасына тіркеу;
- жол бойы автокөлік ішінде науқастың қасында отыру;
- ес-түссіз немесе мас болып жатқан науқасты, өлі денені сол орнында қарап-тексеріп, құжаттарын, ақшаларын, бағалы заттарын куәгерлердің қатысуымен тіркеу; куәгерлердің құжаттық мәлімдемелерін шақырту картасы мен ілеспе қағаздарын тіркеу
ЖМЖ желілі бригада дәрігерінің міндеттері
1. Балалар бригадасы
2. Психиатриялық бригада
3. Мамандандырылған қарқынды терапия бригадасы
4. Реанимациялық бригада
Шұғыл және жедел медициналық жәрдем беру бригадаларының түрлері
Жедел жәрдем деп тәулік бойы адам өміріне қауіп төндіретін аурулар мен ауыр жағдайлар туындаған сәттен немесе оқиға болған жерден бастап, емдік-профилактикалық мекемеге жеткізгенге дейінгі уақыт аралығында, науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетуге ұйымдастырылған жүйені атайды.
Шұғыл және жедел медициналық жәрдем беру қызметін ұйымдастыру.
ЖМЖ бекеттерінің міндеттері:
- Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастың және оны қоршаған адамдардың денсаулығына және өміріне қауіп төнген жағдайда ЖМЖ көмек беру;
- Науқастарды емдеу-профилактикалық мекемелерге тасымалдау;
- Төтенше жағдайларда, табиғи, жол аппатарында жою жұмысына белсді араласу.
ЖМЖБ жұмысын ұйымдастырудың негізгі талаптары:
- Тәуліктің барлық уақытында ЖМЖ тұрғындардың толық қолы жетуі;
- ауруханаға дейінгі әр-түрлі медициналық көмектің түрлерін жылдам және дер кезінде көрсетуі;
- барлық категориядағы жарақаттанғандар мен науқастарға қажетті ЖМЖ көлемін көрсету үшін жоғары білікті медициналық мамандармен қамтамасыз етілуі;
- нақтылы медициналық мекемелерге кідірусіз жатқызудың қамтамасыз етілуі.