Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Ж. Аймауытовтың психологиялық қисындарына негізгі желісі – оның өзі тұжырымдаған мына төмендегі қисындарға келіп саяды, тән қуаты болса, жан қуаты да жарлы болады.

Нашар жаннан – осал мінездер туады. Жалынды сөз, жалынды жүректен шығады. Аймауытов кітаптары ерекше назар аударатын тағы бір басты ерекшелігі –

бұлар төл тіліміздегі тұңғыш психологиялық дүние болумен қатар бұрынғы кеңес елін мекендеген түркі тектес халықтар тілдерінде алғаш жарық көрген бірден-бір туындылар екендігінде.

Қазақстандағы ғылыми психологияның тарихы.

Шоқан психологияда өзіндік теориялық тұжырымдар ғана жасап қоймай, өзін шын мәніндегі практик психолог ретінде де көрсете алды.

Көркем очерк түрінде жазылған Шоқан күнделіктері мен жол жазбалары— « Құлжа сапарының күнделігі», « Қашқария сапарының күнделігі» психологиялық жағынан құнды дүниелер. Табиғатты көз алдына әкеліп, кісіні қызықтыратындай бейнелеп жазу, бұларды сол өңірдегі халық әмірімен, жеке адамдардың қайталанбас өзіндік психологиялық ерекшеліктерімен байланыстыру шеберлігі жағынан Шоқан күнделіктері Байрон мен Лермонтовтың Кавказ очерктерімен өте ұқсас және бұлардан еш кем түспейді,-деп жазды Әлкей Марғұлан.

Шоқанның психологиялық пікірлері осы айтылғандармен шектелмейді, оның мол рухани мұрасында жан сырлары туралы басқа да түйінді ойлар баршылық.

Абай Құнанбаев (1845-1904)

Ақын творчествосында психологияның негізгі мәселесі— жан мен тәннің арақатынасы, адамның психикалық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық, ұлттық психологияның жекеленген мәселелері де көрініс тапқан. Ол бұларды талдап-талқылағанда адамның психикалық өмірінің қыры мен сырына жаратылыстық-ғылыми тұрғыда түсініктеме бере қоймады.

Абайдың психикалық көзқарастары жалпы және педагогикалық психология мәселелерімен ғана шектелмейді. Ақын туған халқының әлеуметтік жағдайымен, оның әртүрлі топтарының мінез-құлықтарына да ерекше зейін қояды.Ол өз жұртының мінез-құлқын,көңіл-күйін, іс-әрекеттерін, күйініш-сүйінішін, талап-талғамын, салт-санасын жақсы білді.

Абай бала психологиясының басты ерекшелігі- білуге құштарлық деп есептейді. Өсе, ержете келе, тәрбие құралдары арқылы бала жанына жақсылық ұрықтарын егіп, игі сезімдерге, адамгершілікке тәрбиелеуге болады.

Бал жанының зергері Ы. Алтынсарин әңгімелерінің бәрі-бәрі де балалардың жас ерекшеліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан-дүниесіне әсер етерліктей етіп іріктелініп алынған. Осы әңгімелерде мұғалімдер мен ата-аналардың балаларды әр түрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Ы. Алтынсарин көтерген психологиялық мәнді мәселердің енді бір тобы оның әдістемелік пікірлерімен астарласып жатады. Ыбырай жақсы тәрбиеші ғана емес, ол сонымен бірге тәжірибелі, ой-пікірі озық мұғалім де еді.

Ыбырай Алтынсарин өз халқының жарқын келешегі үшін бар саналы өмірін сарп еткен, халыққа қызмет етуден артық іс жоқ деп түйген, туған халқын,ел-жұртын шексіз сүйген, нағыз отаншыл азамат еді. Сондықтан да оның көптеген шығармаларында қазақ халқының өзіндік психологиялық қасиеттері, салт-санасы, әдет-ғұрпы жайлы айтқандары ерекше назар аудартады.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Шоқан еңбектерінде психикалық мәселелерге байланысты әртүрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны-халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшіліктері туралы мәселе еді,

Шоқан Уәлихановтың пікірінше халықтардың ұлттық психикасын көрсететін белгілердің бірі— сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. Халықтың тұрмысы мен әдет—ғұрпы,- деп жазды ол, бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өйткені қастерлеу және аңыздардың молдығы— терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл»...

Ақын:

« Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей, Шу дегенде құлағың тосаңсиды,

Өскен соң мұндай сөзді бқрын көрмей,

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей,- деген жолдарда «түйсік» деген ұғымды арнайы айтпағанмен психологиялық құбылыстың мәніне көңіл аудартады. Ол түйсік пен қабылдау адамның жиған-терген тәжірибесіне байланысты, сөзді дұрыс қабылдап, меңгеріп алмай келесі сөзді түсіну қиын деп дұрыс тұжырымдайды.

Абайдың психологиялық мәселелерге көзқарасы, ең алдымен, поэзия мен өнердің міндеті— адам өмірін олардың көңіл-күйі мен іс-әрекеттерін шыншылдықпен көрсете білу деген түсінігіне орай қалыптасқан. Ол поэзия саласындағы талант иелерінің психологиялық қызметінің ерекшеліктерін, оның даму заңдылықтарын жете зерттеуі керектігінезор мән берді. Ол өнердің кез келген түрі адамның белсенді шығармашылық қызметінің барысында қоршаған орта шындығынан нәр алып, мазмұндық жағынан байи бермек деп есептеді.

Ыбырай Алтиынсарин (1841-1889)

Ыбырай Алтынсарин де Шоқан сияқты арнаулы еңбектер жазып қалдырмаған кісі, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады. Бұл пікірлер оның өзі айналысқан практикалық істерінен туындаған сияқты. Ой қозғаған осындай түйіндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту процесінің психологиялық, педагогикалық негіздері, мұғалім-ұстаз проблемалары, қоғамдық психология мәселелері, т.б. жатқызуға болады.

Психология ғылымы—адам өмірінде әр түрлі әдеттің алатын орны ерекше екендігін, істеген істің жүріс-тұрысың,демалыстың, яғни өмірдің сан алуан саласының қай-қайсысы да біртіндеп ұнамды, не ұнамсыз әдетке айналып отыратындығын, бірақ әдеттің де әдеті бар, яғни адамда жарамды жақсы әдеттермен қатар жарамсыз жаман әдеттер де болатындығын ескертеді.Мәселен, салақтық- жаман әдет, одан тәнге де,жанға да пайда жоқ. Осы орайда

Ы. Алтынсариннің « Салақтық» атты әңгімесі жарамсыз әдеттің адамға зиян екендігін жақсы көрсетеді. Кәрім деген жас жігіт жұмысқа ыждағатты болғанмен жуынып, таза жүруді білмейді. Ақыры сол тазалыққа бейғамдығының кесірінен ауырып, қайтыс болады.

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай

жасаған басқа факторлар да аз болған жоқ. Соның бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыда, сондай-ақ республиканың кейбір облыс орталықтарында Ресей, Украина, т.б. жерлерден уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет еткені мәлім. Бұлардың арасында психология ғылымының көрнекті өкілдері де бар еді. Мәселен, ҚазПи-де профессор-психолог М.П.Рубинштейн, Қызылордада- белгілі украин психологы, кейін академик болған Г.С. Костюк, Қостанайда профессор В.Я.Резник, т.б. жұмыс істеді. Олар жергілікті ғалымдармен бірлесіп бірнеше еңбектер жазды. Мәселен М.П.Рубинштейннің « Батылдық психологиясы» атты зерттеуі кезінде баспасөз беттерінде жылы лебіз білдірілді.

Қазақстанда 1935-1948 жылдары арасында аты бүкіл әлемге әйгілі, Ресейдегі педагогикалық психлогияның негізін салушылардың бірі— профессор А.П.Нечаев (1870-1948ж.ж.) қызмет етті. Нечаев елу жылдан астам психология саласында белсенді қызмет еткен, аты әлемге әйгілі ғалым еді. Ол араласпаған психология саласы кемде-кем. Ғалым көп жылдар бойына адамның есте сақтау ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде тексеріп, оны мектеп практикасына ендіруді көздеді, яғни психологияның қолданбалы салаларынан дамытуға зор еңбегін сіңірді. Ол—елуден астам кітаптың, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы.

Республикада психология саласына да диссертация қорғаған алғашқы ұлт кадрлары Е.Суфиев, Ә.Темірбеков, М.Мұқановтар болды. Мәселен, 1952 жылы «Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» атты тақырыпта диссертация қорғады. Мұнда автор қазақ оқушыларының орыс тілі сабағында ақыл-ойы мен ауызекі сөйлеуінің даму ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін кейбір орыс тіліндегі атауларға тоқталып, мұның табиғи— ғылыми жағын И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негіздей отырып түсіндіреді, оқушылардың кейбір психикалық функцияларының дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс-кеңестер береді.

Психологияның жекленген салалар бойынша бірнеше монография жарық көрді. Олардың кейбірі: М.Мұқановтың « Педагогикалық психология очерктері» мен « Ақыл-ой өрісі», Н.Жанділдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты», Ө.Жөкебаевтың «Қылмескер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері», Ғ.Досболовтың « Алдын ала тергеудің психологиясы», Н.Фелифоровтың «Басқарудың әлеуметтік-психологиялық негіздері», В.Яковлевтің « Діндардың жан дүниесі», Ә.Алдамұратовтың « Қызықты психологиясы», Р.И.Илешованың «Медициналық психология», т.б. Осы жылдары проф. Қ. Жарықбаев психологиялық еңбектер жариялауда өндіре әрекет етті. Оның қаламынан 60-90 жылдар арасында « Психология» (1962ж.), «Қазақ ағартушылары жастар тәрбиесі туралы» (1965ж.), « Қазақстанда психологиялық ой-пікірлердің дамуы» (1968ж.), «Әл-Фараби»(1978ж.), « Аталар сөзі-ақылдың көзі»(1980ж.),

«Ұстаздық еткен жалықпас» (1987ж.), «Ақылдың кені» (1991ж.),т.б. Соңғы жылдары қазақ халқының сан ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму жолдарын көрсететін диссертациялар қорғалып, бірнеше төлтума еіңбектер жарық көрді.

Республикадағы психология ғылымы әсіресе соғыстан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Оған да бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. Мәселен,1947 жылы ҚазПи-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды.1946 жылғы БК (б) Орталық Комитетінің орта мектептерде логика мен психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды.1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты. Оның көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканың жоғары және орта арнаулы оқу орындарына мұғалімдік қызметке жолдама алды. Республика үшін психолог кадрларды дайындауда оқыту жөніндегі проф. Т.Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан келген проф. И.Л. Стычинский (1896-1969ж.ж.)зор үлес қосты. Осы кезде ҚазПи мен ҚазМУ-де психологиядан аспирантура ашылды.

М.Мұқанов «Совет жауынгерлерінің ерлік істерінің психологиялық ерекшеліктері» (1953ж.) атты диссертациясында көптеген жергілікті әскери— әдеби архивтік материалдарға сүйеніп, Ұлы Отан соғысының майдандарында қазақстандықтар көрсеткен ерлік істерге психологиялық талдау жасаса, Ә.Темірбеков мектеп оқушыларында отаншылдық сезімінің қалайша қалыптасатындығын зерттеді.

Осы жылдары республиканың психология ғылымы саласындағы сұраныстарына орайлас бұлардан басқа да бірнеше диссертациялар қорғалды, жеке еңбектер жарық көрді. Мәселен, Қазақтың Абай атындағы пединститутының ғалымдары халқымыздың интеллект, ақыл-ой ерекшеліктерін этнопсихология, этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары тұрғысынан зерттей бастады.

Осындай тақырыптардың бірінде « Хат танымайтын адамдардың затты топтастыруының ерекшеліктері» (В.В.Стативкин),

« Жұмбақты шешудің психологиясы» (Қ.Нұрғалиев), «Айтыс өнері мен мақал- мәтелдердегі кісінің ақыл-ой ерекшеліктерінің көрінісі» (М.Мұқанов) зерттелді.Кейіннен психология ғылымының жеке саларынан да зерттеулер жүргізіліп, бірнеше еңбектер жазылды. Олардың қатарына Ш.Бәймішеваның « Нейропсихологиядағы синдромдық талдау формалары», М.Мұқановтың « Қабылдау мен есту микроструктуралық талдау», Б.Есенғазиеваның « Силлогизм және ойды психологиялық талдау», Қ. Шернияздаеваның

« Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау ерекшеліктері, т.б. зерттеулерін жатқызуға болады.

ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламалары мен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Шәкәрім Құдайбердіұлы адам жанының әртүрлі жағдайда көрінетінін айтады.Өзінше бұлардан орысша-қазақша термин жасағысы келеді .« ... инстикт- сезімді жан, сознание-аңғарлық жан, мысль-ойлайтын жан, ум –ақылды жан» дегендей әртүрлі қасиеттерді тізбектейді. Дене әр түрге түскен сияқты жан да өсіп, өніп, жоғарылайды... толық терең ақыл адамнан шығады…Совесть(ұждан)-жанның тұрағы, тірегі… ми, жұлын-жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия сияқты жан да кетеді» дейді. Ақын « Тәңірі мен жан» деген өлеңінде туу, өсу, алу сондай-ақ өлген жанның топыраққа,

өсімдікке нәр болып тіршілікке қайта айналып келуі табиғи құбылыс, бар зат мүлде жоғалып кетпейді, жоқтан пайда болмайды, тек заттың, құбылыстың түрі ғана өзгереді, жан мен тәннің байланысы осында деп, былайша ой қозғайды

Ғылыми кадрлар даярлау ісімен профессор Қ.Жарықбаев,Н.А.Логанова, Ж.Намазбаева, Б.Хамзин, В.Шабелышков, т.б. ғалымдар айналысып жүр. Психологияның салиқалы проблемалары Мәскеу, Киев, Тбилисидегі ғылыми-зерттеу институттарында, университеттер мен пединситуттардың арнаулы кафедраларында зерттелуде, осы ғылым саласындағы үздік ғылыми еңбектері үшін С.Л.Рубинштейнге 1940 жылы,Соколянский мен Мещеряковтарға 1980 жылы Мемлекеттік сыйлықтар берілді. Елімізде психология кадрлары көптеген университеттерде даярланады. 1957жылдан бастап психологтардың Бүкілодақтық қоғамы жұмыс істеді. Диссертациялық зерттеулер үшін психология ғылымының кандидаты, докторы деген арнайы ғылыми атақтар беріледі.

1988 жылдан бастап Қазақ, кейіннен Қарағанды, Қазақ педагогикалық, Шығыс Қазақстан университеттерінде, Ақтөбе пединститутында психолог кадрлары даярлана басталды. Қазақ тілінде бірнеше психологиялық төлтума оқу құралдары мен оқулықтар, терминологиялық сөздіктер, библиографиялық көрсеткіштер, ұлттық психология салаларын арнаулы дәрістердің бағдарламасы,т.б. басылымдар жарық көрді. Республикадағы психология ғылымының дамып, өркендей түсуіне: «Ойлау және қарым-қатынас» атты бүкілодақтық симпозиумы ( Алматы,1973ж.),

« Кісінің белсенділігі және оқыту мәселенің психологиясы» атты республикалық конференция ( Целиноград,1976ж.),

« Мектеп реформасының талаптарына орай бала және педагогикалық психологияның проблемаларын жандандыру» ( Алматы,1986ж.), академик Т.Тәжібаевтың туғанына 80 жыл толуына байланысты өткізілген « Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары» атты ғылыми-теориялық конференция (Алматы,1990ж,), сондай-ақ 1992 жылғы « Халық педагогикасы мен психология дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде» қолданылуы ғылыми-практикалық конференцияның материалдары үлкен демеу болды. Қазірде психологияның әр түрлі саласынан 70-тен аса ғылым кандидаты мен бес доктор, профессорлар бар. Бұлардың кейбірі ұлттық психологияның дамуына елеулі үлес қосып отыр.

Міржақып Дулатов (1885-1935)

Ғылым – педагогика... Мектеп програмасында бірінші орын алған нәрсе қирағат баяндап оқыту... Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды... Жас балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның мағынасын, қасиетін, сездіруге қалай үйретпек керек. Балаларды оқыған нәрсесін бір-біріне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққаннан кейін жадында ретті һәм толық мағынасы мен қалдыруға әдеттендіру керек. ( М. Дулатов. Шығармалары. Алматы Жазушы 191 бет, 203 бет)

Республикада 1958жылдан бастап Қазақ республикалық психологтар қоғамы, жастар қалалық зерттеу орталығы (1987ж.), « Отбасы қызметі» атты консультациялық кабинет жұмыс істейді. Психологиялық проблемаларды зерттеу ісімен жиырма педагогикалық институт пен бес университеттің арнаулы кафедра айналысады. Қазіргі кезде үш жүзден астам ғылыми қызметкер психологиялық зерттеулер жүргізуде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында студенттерге дәріс оқумен айналысуда. Бұлардың жетпістен астамы— психология ғылымының кандидаттары мен доктор профессорлары, Ғылыми кадрлар даярлау ісімен профессор Қ.Жарықбаев,Н.А.Логанова, Ж.Намазбаева, Б.Хамзин, В.Шабелышков, т.б. ғалымдар айналысып жүр.

Ол орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский айтқандай оқу- тәрбие процесіне шәкірттердің сезім мүшелерін түгелдей қатыстырып отыру қажеттігін орынды аңғарып, мұны тәлімгерлердің жадына ойластырады. Осыған орай ол былай деп жазды: «... Әрбір жазылған сөз – жазушының сезімімен, естуімен, көруімен шыққан нәрсе» (239 бет).

Міржақып Дулатовтың психология ғылымының оқу-тәрбие процесінде алатын орны жайлы айтқандары осы айтылғандармен шектелмейді. Бұлар арнаулы зерттеуді қажет етеді.

Тіпті кетпес еш жоғалып,

Байқасаңыз барша жан

Тағы дене тауып алып,

Тағы өседі қайтадан.

Түрлі жанда дене түрлеп,

Өзгеріп түр бұл ғалам.

Жоғалатын нәрсе жоқ деп,

Айтты ғылым байқаған.

Шәкәрімнің психологиялық пікірлерінің негізгі жүйесі, оның 1919 жылы қазақ тіліне тәжңрмаланған «Психология» дейтін кітапқа жазған сын-пікірінен жақсы байқалады.Қолжазба түрінде оншақты беттік материалдың жекеленген үзінділеріне назар аударатын болсақ, оның психологиялық көзқарастары жайлы толығырақ мағлұмат алатынымыз хақ.

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ( 1857-1931)

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде педагогика, психология саласында өздерінің соны да сындарлы пікірлерімен көрінген қазақ ғұламаларының ішінде М.Ж.Көпеев ерекше орын алады. Көпеев еңбектерінде тәлім-тәрбие, педагогика, психология мәселері,атап айтқанда сезім мүшелері, ми мен жүрек, қиял, ойлау, бала мен үлкендердің қарым-қатынасы, әйелдерге білім беру т.б. қатысты ой-пікірлер көптеп кездеседі. Мәселен « Аспан, жер және адам жаратылысы туралы» еңбегінде ол былай дейді: « Дене бір қараңғы үй. Жан сол үйдегі жарық қылып тұрған бір сәуле. Әркімнің жаны бір қалыпта, бір түрде болмайды. Сондай болғаны үшін айтылады. « Арық пен семіздің басы бір ме, жақсы мен жаманның жаны бір ме?»-дейді. Алайда жан бар, дене бар. Екеуі бірінен-бірі жасырын емес, бірақ жан деген мәселені ешкім көрген емес. Адамның денесі өзінде, басқаға да көріністе тұр. Жанның өзі көрінбейді, бірақ белгісі көрінеді, жанның барлығы соңынан танылады. Барлық белгісі— адамда бар нәрсені ойына салып ойлау бар, сезу бар. Ойланып сезген нәрсесін орындап, орына келтіру бар. Жылынады, тынығады, бір нәрсені жақсы көреді, бір нәрсені жек көреді.Міне, осындайлар –жанның барлық белгісі... Денедегі жанға серік болуға жарайтұғын нәрсе –қан».

Ғұмар Қарашаев (1876-1921)

Ғұмар Қарашаев қазақтың рухани мұрасының дамуына елеулі үлес қосқан, педагогика, психология ғылымдары саласында сындарлы ой-пікір айтқан ғұлама тәлімгер ақын, кезінде ишан, ахун, қазы атанғанымен, өмірінің соңғы жылдарында ол ағартушылық жолға түседі. Оның демократиялық көзқарасының қалыптасуына 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс буржуазиялық төңкерісінің, сондай-ақ орыс, қазақ ағартушы-демократтарының идеялары елеулі әсер етеді.

Ғұмар Қарашаев тіл үйрену, білім алу мәселелеріне ерекше мағыз береді. Бұл жайында ақын пікірлерін қысқа да нұсқа афоризм түрінде келтіріп отырады.Олар: тіл-көңілдің ашқышы. Көңіл-жарық, жан-қиял, білім-бақтық. Қараңғы да жол қия т.б.

Балаға ұрсу, жекіру жолымен үгіттеудің пайда бермейтіндігін айта келіп: « Бала өзіне жаза күтіп тұрған кезінде, иә болмаса жаза тартып болысымен үгіттеуден сақтану керек. Мұндай кезде берілген үгіттің тудыратын әсері, жақсы сөзден жиренуден басқа ештеңе де емес!»- деп мәселенің психологиялық астарына үңілді.

1919 жылдан бастап баспагерлік жұмыспен айналысады. 1920 жылы ҚазАССр бірінші Кеңесінің съезіне құрметті қонақ ретінде қатысады. 1937 жылы халық жауы ретінде тұтқындалып, өлім жазасына кесіледі. 1989 жылы СССр Бас прокурорының шешімімен толық ақталды. Оның әр жылы түрлі тақырыптың төңірегінде жазған шығармаларынан ұлт психологиясына қатысты, сондай-ақ психология ғылымының кейбір теориялық қағидаларымен тоқайласатын түйіндерді көптеп кездестіруге болады.

Әлихан Бөкейханов (1866-1937)

Қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1888 жылы Омбы техникалық училищесін, 1894 жылы Санкт- Петербургтегі орман- техникалық институтының экономикалық факультетін бітірген. Ол « Россия. Общее географическое описание нашей Родины» атты 18 томды іргелі ғылыми еңбектің авторларының бірі. Семей облысының бірінші Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланады. 1905-1907 жылдары Омбы кадет партиясының губерниялық комитетіне мүше болады, 1913 жылы Қазақ газетін ұйымдастыруға ат салысады. 1917 жылы кадет партиясы қатарынан шығып, алашорда үкіметінің төрағасы болып сайланады.

Ахмет Байтұрсынов ( 1873-1937)

Қазақ ғылымы мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, әмбебап ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту, тәлім-тәрбие саласында артына аса бай мұра қалдырады. Ол психология ғылымы саласында да өзіндік қолтаңбасымен дараланады. Мәселен тек « Әдебиет таныштқыштың» (1926ж) бір өзінде психологияға қатысты толып жатқан ой-пікірлер мен салмақты түйіндер баршылық. Мұндағы « Көркем өнер», « Сөз толғау, жан жақтау, жан қоштау, көріктеу,ес ұғымы, іс ұғымы, зейіндеме т.б. атаулар мен ұғым түсініктерде, жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтың психологиясының теориялық қисындары үшін іздесе таптырмайтын әдістемелік қазық боларлықтай түйіндер мол. Ғалымның тіл мен сөйлеу психологиясы жайлы айтқандары да аса мәнді.

Ахмет Байтұрсыновтың психология ғылымының төңірегін де ой қозғаған терең мәнді, салиқалы пікірлері

« Әліппе- таңбалар жұмбағы» дейтін еңбегінен елеулі орын алған.

Ғұлама ғалымның телегей-теңіздей рухани мұрасында осы айтылғандардан басқа да психологиялық мәні терең ой-тұжырымдары көптеп кездеседі. Бұларды саралап, зерттеп, халық игілігіне айналдыру-қазақ психологиясының келешектегі міндеті, парызы болмақ.

Орындағандар:

Кулмаганбетова Дина

Рүстем Ұлпан

Табылғанова Гаухар

Отызыншы жылдары қазақ психология ғылымының жекелеген мәселері Ә.Сыдықовтың (1898-1982ж.ж) С.Қожахметовтің (1910-1945ж.ж.), С. Балаубаевтың (1902-1972ж.ж) педагогикамен астарластыра жазған бірнеше кітапшалары мен мақалаларында жарық көрді. Сол жылдары « Жаңа мектеп» журналының беттерінде қазақ психологтарының аға буын өкілдерінің бірі— С.Балаубаевтың бірнеше мақалалары басылды. Мәселен, оның « Қиын балалар» атты мақаласында жас өспірімдердің психологиясындағы кейбір ұстаз бен ата-анаға тәрбие процесінде қиындық келтіретін кейбір жайттар талдауға алынып сөз болады.

Олардың кейбірі:

« Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысты» (1908ж.), «Кітапхана ісінің психологиялық мәселері» (1922ж.), «Дене тәрбиесінің психологиясы» (1928ж.), «Техникалық өнертапқыштардың психологиясы» (1928ж.),

« Ес және оны тәрбиелеу»(1930ж.),т.б. Ол өмірінің соңғы жылдарында Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында психология пәнінен сабақ берді, сырттан оқитын студенттерге арнап, «Психология» оқулығының қолжазбасын даярлады.

Мәселен, мұнда жас өспірімдердің организмінде болатын жыныстық дамудан туындайтын биологиялық өзгерістер, сондай-ақ кейбір ақыл-ойы кеміс балалардың түрлі топтарға бөлінетіндігі жөнінде кең түрде әңгімеленеді. Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейін психологиялық мазмұны терең,іргелі,қомақты еңбектер жарияланған жоқ. Өйткені бізде осы ғылымның теориялық жақтарын насихаттайтын ғалымдар ол кезде саусақпен санарлық еді.

1938 жылы Т.Тәжібаев Ленинградтан диссертация қорғап, Алматыға оралған кезден бастап психологиялық тақырыпқа жазылған төл еңбектер жиі көріне бастайды.

Мағжан Жұмабаев

1922 жылы « Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) кітап жазуы өмірде өте сирек кездесетін тек аса талантты, данышпан адамдарға ғана тән қасиет. Бұл кітап 17 тараудан тұрады, соның 13 тікелей психология мәселелеріне арналған. Мұнда тікелей педагогика қисындарына 2-ақ тақырып ( педагогика бөлімдері, жалпы педагогика) арналыпты, оларды автор бар болғаны 13 бет көлеміне кітаптың қалған тауарлары адамның жан дүниесінің әртүрлі жақтарын сипаттайды.

Мағжан Жұмабаев орыс педагогикасының білгірі К.Д.Ушинскийше педагогиканы жан сырының заңдылықтарын зерттейтін психологиямен астарластыра байланыстырған тұңғыш қазақ ойшылы.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Жүсіпбек Аймауытов 5-6 жылдың ішінде 6 кітап жазып шығарған. 1924 жылы « Тәрбиеге жетекші (Орынбор)», 1926 жылы 2 кітап біреуін Психология ( Қызылорда- Ташкент), 2-шісін Жан жүйесі және өнер таңдау ( Центриздат)

Тәрбие жетекшісінде дидактика мен педагогикалық психологияның ғылыми астарлары, ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік терминдер жүйесі сөз болады. Еңбек 4 бөлімнен, 29 тараудан тұрады.

Психология— деп жазды автор осы кітаптың « Бет ашарында» терең ой, терең білім, терең пәлсапаға соғатын пән... өзге білімдер затшылдыққа табанын тіресе де, психология әлі тіреп, яғни шын басқан жоқ...

Тауарлары:

1. Сөз алды

2. Жетекші сөз. Тәрбие деген не?

3. Педагогика бөлімдері, жалпы педагогика. Дене тәрбиесі

4. Жан тәрбиесі. Психология

5. Жан көріністерін топ-топқа бөлу. Ақыл көріністері, яки жанның білуі, әсерленуі

6. Әсерленуді бөлу

7. Абай

8. Суреттеу

9. Ес (зейін)

10.Қиял

11.Ойлану

12.Хакім

13.Тіл

14.Ішкі сезім көріністері, яки көңіл

15.Қайрат

16.Баланың жалпы жаратылысы

Ташкентте П.Н.Архангельскийдің « Жұма оқулары» дейтін шағын еңбегі қазақ тіліне ықшамдалып аударылды. Сол жылдары қазақтың біртуар ғұлама ғалым қайраткерлері А. Байтұрсынов, Н. Құлжанова, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, т.б. педагогика мен психология саласында бірнеше төлтума еңбектер жазды.

Қазақстанда іргелі ғылыми-зерттеулер соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай,әрине,психология ғылымына да ортақ болатын. Әрине,осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғышарттар сонау ерте замандардан Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20-жылдарда біршама жасалған болатын. Мәселен, Бөкей Ордасында шыққан « Мұғалім» журналында (1919ж.), Ғ.Қарашаевтің бірнеше пәлсапалық, психологиялық сипаттағы туындылары, Н.Құлжанованың

« Мектепке дейінгі тәрбие» (1923ж.), «Ана мен бала» кітаптарында да адамның жан қуаттары жөнінде қозғалған еді.

Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да сонау ерте кезден бастап-ақ аз айтпаған. Асанқайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет, т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады.

Соңғы кездері ондаған оқу құралдары мен оқулықтар, терминологиялық сөздіктер, библиографиялық көрсеткіштер, ұлттық психология салаларынан арнаулы дірңстердің бағдарламалары, т.б. жалпы саны 100-ден астам басылымдар жарық көрді. Республикадағы психология ғылымының дамып, өркендей түсуіне ғылыми форумдар ұйымдастырудың маңызы ерекше. Осы мақсатта өткізілген « Ойлау және қарым-қатынас», «Кісінің белсенділігі және оқыту мәселесінің психологиясы», академик Т.Тәжібаевтың туғанына 80 жыл толуына байланысты өткізілген « Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары» атты ғылыми-теориялық конференция, сондай-ақ 1992 жылы өткізілген « Халық педагогткасы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы» атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдары біздегі психология ғылымының өрістей түсуіне үлкен серпіліс жасады. Қазіргі кезде психология саласынан 90-нан аса ғылым кандидаты мен 1 доктор, профессор қызмет етеді, бұлар Қазақстан психологиясының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың аса талантты демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық пікірлерінің негізгі желісі Қазан төңкерісі алдындағы дала өміріндегі дүрбелеңнен сабақтасып отыратындығы белгілі.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ тарихында бірінші болып жан мен тәннің яғни психика мен мидың ( дененің) арақатынасы туралы мәселе көтеріп, бұл екеуінің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндірді. Ол жан мен тәннің ылғи да бірлікте тұтастықта байланыста болатынын айта келіп:

Киелі қазақ жерінде тәлім— тәрбие саласында сындарлы ой-пікір айтқан басқа да ғұлама-ғалымдар аз болмаған. Отырардың өзінен 2-3 ғасыр аралығында ғылымның әр саласынан 12 тұлға шыққандығы таңғарларлық жәйт. Солардың бірі— лингвист Имад ад-Дин Әбу-л-Қасым әл Фараби (1130-1210) болатын. Ол ғылым түрлері жайында жазылған « Таза шындық» атты 50 тараудан тұратын еңбектің авторы. Оның ықшамдалған нұсқасын ориенталист И. Ф. Готвальд 1831 жылы Қазанда бастырған.Осы трактатта ақыл мен ғылым, ниет пен әдет, ашу мен ұят, үлкенді сыйлау, кешірімді болу, жомарттық... Автор, сондай-ақ, ғылым-білімді игеру жолы, ғалымдарды құрметтеу, сөйлеу мәдениеті секәлдә жайттарға да біраз тоқталған. Шығарманың түрлі нұсқалары қазірде Берлин, Кайр, Калькутта қаласының кітапханаларында сақтаулы тұр дейді профессор Ә. Дербісәлиев.

Жамал Қарши (1230-1315. Шын аты—Абдуфазыл ибн Мұхаммед) Орта азия мен Қазақстанның Орта ғасырлардағы ғұламалары туралы еңбек жазған, жетісулық тарихшы. Ол сөз өнерінің білгірі әл— Жауһаридің « Тіл тәжі және араб тілі» атты түсіндірме сөздігін парсы тіліне аударған. Мұнда алла тағала, пайғамбар, патша, уәзір,әкім,әмір т.б. туралы тағылымдық мағлұматтар беріледі.

Халқымыздың ХІ-ХІІ ғасырлардағы тарихынан елес беретін, қоғамдық ой— пікірлеріміздің төркіндерінің бірінен саналатын көне туындыларымыздың

бірі— «Құтадтғу білік».

Бұл—дидактикалық, моральдық— этикалық сарында жазылған шығарма. « Құтадғу білік» - түркі сөздері. Мұның біріншісі, «Құдатғу», «құт», «бақыт», «құтты», ал екіншісі «сөз» - «білік», «білім», «кітап» деген мағынаны білдіреді. Олай болса, «Құдатғу білікті» қазақша « білімді құтайтушы кітап», « бақытқа жетудің ғылымы» деуге де болады. Кітап 85 тараудан, 6500 өлең жолынан тұрады. Дастан оқиғасына аз ғана топ қатысады. Автор мұндағы төрт кейіпкерді төрт кейіпкерді төрт қасиеттің иесі етіп алады. Дастан төрт кейіпкердің арасындағы бақыт туралы сөз жарысына – диалогқа құрылған.

« Дене азыққа тоюдан жан ер жетер... Жан ер жетіп, дүниенің сырын табар...» деп адамның тәні өсумен қатар жаны, ақыл-ойы, сана-сезімі де бірге өсіп, жетіліп, дамып отырады»- дейді. Тән мен жан ның қоса өзгеруінің негізін Сұлтанмахмұт тәнде, яғни мида деп түсінеді. Адам өлгеннен кейін онда қимыл жоқ, сезім жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ, өмір жоқ яғни бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жанда ешуақытта өмір болмайды»- деп осы мәселені материалистерше баяндайды.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi