Магний және кальций . Олардың қосылыстары
Орындаған:Кузбаева Еркежан 10Б
Тексерген: Райса Аяуова
Кальций-күмістей ақ түсті жеңіл металл.Оның тығыздығы 1,55 г/см куб,сілтілік металдардың тығыздығына жақын.Кальций ауамен әрекеттесу нәтижесінде түзілген оксид қабықшасымен лезде қапталады,сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды.Кальций-қатты металл,балқу температурасы 840 градус цельсий.
Магний-ақ түсті металл,ауамен жанасқанда бірден жұқа және тығыз қорғаныш оксид қабықшасымен қапталады,сондықтан мөлдір емес.Оның тығыздығы 1,74 г/см куб,балқу температурасы 651 градус цельсий,ауадан және судан қорықпайтын металдар ішіне магний ең жеңілі.
Магнийдің берік және жеңіл құймаларын авиацияда және машина жасауда кеңінен қолданады.Бұл құймаларға магналит және т.б. жатады.Магнийді шойынға қосқанда шойынның беріктігін және иілгіштігін едәуір жоғарылатады.
Кальций құймаларын жоғары сортты болат алу үшін пайдаланады.Кальций және қорғасын құймалары подшипник өндірісінде қолданады.
Химиялық реакцияларда кальций мен магний белсенді тотықсыздандырғыштар.Жай заттардан бейметалдар,ал күрделі заттардан су,қышқылдар,тұздар,оксидтер олар үшін тотықтырғыш бола алады.Кальций оттекпен оңай әрекеттесіп, қыздырғанда жанады. Металлоидтармен тікелей әрекеттеседі. Кальций металын өнеркәсіпте екі жолмен алады: бірінше әдіс электролиз әдісімен алу үшін балқыған Калций хлориді (CaCl2) арқылы тұрақты ток жіберіп, катодта таза Кальций металын алады;
екінші әдіс Al не Mg ұнтағының әктаспен аралас қоспасын вакумда 1100 – 1200°С-та қыздыру арқылы алады. Калций көмегімен уран, торий, ванадий, хром, цирконий, бериллий, тантал сияқты қиын балқитын, сирек те шашыранды, ілеспе металдарды тотықсыздандырып өндіреді.