Н.ХРУЩЕВ "ЖЫЛЫМЫҒЫ"
Хрущев 1956 жылы 25 ақпанда КПСС-тің ХХ съезінде Сталиннің жеке басына табыну дәстүрін айыптап сөз сөйледі.
Сталин өлгеннен кейінгі алғашқы съездің соңғы күнінде баяндама жасаған СССР Комунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Никита Хрущев күтпеген жерден айды аспанға бір-ақ шығарды. Арада 55 жыл өтсе де осы баяндама төңірегінде сан қилы пікір айтылып келеді.
«Никита Хрущевтің бұл баяндамасы тыныш жатқан қоғамның ұйқы-тұйқысын шығарып, елді тұрақсыздандырды» десе, енді біреулер «осы баяндамадан кейін Сталиннің кезінде қатқан «тоң» жібіп, елде саяси жылымық пайда болды, СССР-дің демократия жолындағы алғашқы қадамдары басталды» деп санайды.
Иосиф Сталиннің сүйегін көтеріп келе жатқан совет басшылары. Солдан оңға қарай: Лаврентий Берия, Климент Ворошилов, Никита Хрущев, Анастас Микоян және Михаил Суслов. Мәскеу, 1953 жыл.
Назарларыңызға рақмет!
Хрущев КПСС-тің ХХ съезінде сөз сөйлеп тұр. Мәскеу, 25 ақпан 1956 жыл.
«Бұл мәселелердің партия ішінен сыртқа жайылуына, әсіресе баспасөз бетіне шығып кетуіне жол беруге болмайды. Мұны съездің жабық отырысында талқылап отырғанымыз да сондықтан... Өз ішіміздегі былықты сыртқа шығарудық қажеті жоқ» деді.
Хрущевтің «құпия» баяндамасы сол жылдың 16 наурызында-ақ «Нью-Йорк Таймс» газетінде жарық көрді, әрі қарай әлемдік баспасөз «қол-аяғын жерге тигізбей» іліп әкетті.
Совет Одағында баяндаманың негізгі мазмұны тек ауызша таралды, Горбачевтің қайта құруы басталғаннан кейін, 1989 жылы «Известия ЦК КПСС» журналында ғана толық нұсқасы жарияланды. Бірақ оны оқып шыққан аты-шулы съезд куәлары бір жайтқа айран-асыр болды. Өйткені «Известия ЦК КПСС» жазғандай, съезде Хрущевтің сөзіне делегаттар жаппай қол соғып, дүркіреп кетпеген еді. Шындығында, баяндама кезінде өлі тыныштық орнаған болатын.
Қазір тарихшылар «Никита Хрущев Сталинің озбырлығын қанша әшкерелесе де, Советтердің авторитарлық билігін сынаудан бойын аулақ салды» деген ортақ пікірге келіп отыр.
Совет басшысы Никита Хрущев (оң жақта) және Югославия президенті Иосип Броз Тито БҰҰ Ассамблеясының штаб-пәтерінде. Нью-Йорк, 29 қыркүйек 1960 жыл.