1883 жылы В. В. Докучаевтың тарихта топырақтану жөніндегі əлемге əйгілі «Орыстың қаратопырағы» деген ғылыми жарық көрді. Бұл еңбегінің нəтижесінде Докучаев тек қаратопырақтың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар оның қасиеттерін, кеңістіктегі өзгерістерін, таралу заңдылықтарын анықтай келіп, жалпы топырақ туралы жаңа түсінікке келді. Топырақтың өте күрделі құрылымды екенін, ол өзін түзген тау жыныстардан морфологиялық көрінісі жəне химиялық құрамы жағынан жақсы ажыратылатынын, оның қалыңдығы тек жыртылған қабатпен шектелмейтінін көрсетті.
1888 жылы Ерікті экономикалық қоғам жанынан В. В. Докучаевтың
басқаруымен арнайы топырақ комиссиясы құрылды. 1889 жылы Топырақтану комиссиясы «Топырақтану» журналын шығарды. Ол
журнал күні бүгінге дейін Ресей Ғылым академиясының осы саладағы жалғыз басылымы. 1900 жылы Н. М. Сибирцев топырақ жайындағы идеяларын жүйелі етіп баяндаған алғашқы "Топырақтану" оқулығының авторы болды.
1504-1506ж.ж Леонардо да Винчи "жердің өсуі туралы дәлелдер мен мысалдарды" атап өткен кезде, мынадай жазба қалдырады: "Ыдысты алып, оған таза жер сал да оны шатырға қой: сол кезде, онда тез арада жап-жасыл шөптер өсе бастайтынын көресін және одан әртүрлі дәндер өсіп шығады. Уақыт өткен соң қайтадан жерге құлап, аз уақытта жерге айналып оған құнарлық берді. Кейін осы цикл қайтадан қайталанатынын көресін."
Джон Вудворд дүниежүзілік су тасқындарына дейін Құдай жаратқан "қара топырақ" барлық жерде бірдей болған, су тасқындары олардың орналасуын өзгертті,-деп айтады.
Бернал Палисси: "өсімдіктер топырақтағы тұздармен қоректенеді, сол себепті де топырақ оларға маңызды. Осы себептен де көң тыңайтқыш ретінде тиімді. Өсімдік өртенген кезде ол тұздылау күлге айналады. Бұл күл құрамында өсімдік топырақтан алған тұз болады және ол қайтадан топырақ құрамына кіреді."-дейді. Тұзды теорияны 60жыл өткен соң Ги де Бросс, "тұз- құнарлылық атасы",-деп қолдайды.
Френсис Бекон өсімдіктің қаншалықты су қолданатынын бақылап, суды оларға негізгі қоректендіруші ретінде, ал топырақты тек оларды бекітіп, салқын мен ыстықтан қорғайды деген ойға келеді. Палассидің еңбектеріне қарап, ол әрбір өсімдік топырақтан өзіне керек затты алып, топырақты сол алған заттардан кедейтеді,-дейді. "Silva silvarum" трактатында, ол селитра туралы жазады. Оны құнарлылық тұзы деп атайды.
1851 жылы К.С. Веселовский Ресейдің Еуропалық бөлігі топырағының сызбанұсқа түріндегі картасын жасады. Ал 1879 жылы В. И. Чаславскийдің дəл осы территорияның топырағына арналған жаңа толықтырылған картасы жарық көрді. Карта ғылыми тұрғыда негізделмеген, бір жүйеге келтірілмеген еді. Осы кезде Петербургтің орман институтының профессоры П.А. Костычев (1845-1895) топырақтанудан 1886ж. алғашқы оқулық жазды. П.А. Костычев топырақ қасиеттерін өсімдіктер жəне микроорганизмдер өмірімен тікелей байланыстырды. Ол орыс қаратопырағын зерттеуге үлкен үлес қосып, 1886 жылы «Ресейдің қаратопырақты облыстары» еңбегін шығарып, онда қаратопырақтағы топырақ шіріндісінің түзілуі, оның топырақ құрылымына əсері мен осы топырақтардың құнарын сақтап, ұлғайтудың шараларын ұсынды,
əрі топырақтануды тек агрономиялық қана емес, сонымен қатар оны биологиялық ғылымға жатқызды. В. В. Докучаевтың ең жақын шəкірті Н. М. Сибирцев П. А. Костычевті топырақтанудың ғылыми негізін салушылардың бірі деп бағалаған.
1908жылы Ресейдің бас көші-қон басқармасы Сібір мен Орта Азияға (Қазақстанды қоса) топырақ-ботаникалық экспедициялар ұйымдастырды. Бұл жұмыстарды К.Д. Глинка басқарды. Экспедицияның мақсаты – Ресейдің Еуропалық бөлігінен халқы аз Азиялық бөлігіне көшіру, топырақ жер жағдайын зерттеу еді.Ең соңғы нəтижелері 1920 жылдары К. Д.Клинканың авторлығымен бірнеше монографияларда жарияланды.1913 жылы Ерікті экономикалық қоғамның топырақ комиссиясы өз алдына жеке Докучаев топырақ комитетіне айналды, оны К. Д. Глинка, Л. И. Прасолов пен С. С. Неуструев басқарды.
Мəскеудегі топырақтанудың тағы бір орталығы Тимирязев атындағы ауылшаруашылығы академиясы болды. Мұндағы аса көрнекті тұлға – академик В. В. Вильямс (1863-1939) еді. Ол топырақтанудың биологиялық бағытын қолдады. Топырақтың құнарын арттырудың В. В. Вильямс(1863-1939)
егіншіліктегі шөптанапты жүйесін ұсынды. Егіншіліктің бұл жүйесі ТМД елдерінің көп аймақтарында осы күнге шейін қолданылып келеді.
1765 жылы Петербургта егіншілік пен экономика салалары-
мен шұғылданатын Ресейдің алғашқы ауыл шаруашығы қауымы– Ерікті экономикалық қоғам ұйымдастырылды. Оның құрамы:табиғат зерттеушілері мен экономистер.
Қара топырақтар туралы XVIII ғасырда профессорлар М. А. Афонин, И. М. Комовтар да жазды. Бірақ олар қара топырақтардың пайда болуымен шұғылданған жоқ.
17ғ. ортасында азот қышқылын алғаш рет алған И.Р.Глауберг, өсімдіктің негізі- селитра дейді. Ол былайша пайымдайды: "селитра жануарлардың зәрі мен көңінде бар. Ал жануарлар өсімдікпен қоректенетіндіктен ол өсімдік құрамында да бар." Ол селитраны топыраққа енгізу, түсімнің көбеюіне әкелетіндігін жазып кеткен.
17ғ. соңы мен 18ғ. басында егіншілікті қарқындату жүргізілді. Джетро Туль ойынша, өсімдікті топырақ шырындары емес, топырақтағы өте ұсақ денешіктердің су құйғаннан кейін бөлінуінен қоректенеді.
Франсуа Кенэ Францияның құнарлы жерлері туралы есептеулер жүргізеді. Бұл жерде де бүкіл жер бірдей құнарлы емес. Есептеулері бойынша, өңдеуге келетін 50млн.арнанның, тек 6-7 млн. жоғары сапалы топырақ.Ал 12млн. құнарсыз және қараусыз қалған. Ол жердің сапасын жақсарту үшін, оны көңдеп және жерді атқа асылған соқалар арқылы өңдеу керек деді.
В.В.Докучаев 1900жылы Вернадскийдан "Жер туралы" кітабы туралы біледі. Сол кезде ол: Ломоносовтың бұл бұрында шығармаларында баяндаған теориясын мен қорғап, докторлық дәреже алдым,-деген.
Болотов, Комов, Ливанов, Афонин деген ғалымдар, қара топырақ деген мағынаның ішіне құнарлы топырақтардың түрлері енгізілгенін түсінген. Соның ішінде, Афонин қара топырақтың мынадай түрлерін атап өтеді: балшықты қара топырақ, тасты, орманды, шалшықты қара топырақ және т.б.
Академик И.И.Лепехин көптеген топырақ туралы зерттеулер жүргізеді. Ол орыстың солтүстік аймақтарындағы тундраны сипаттап жазады. Каспий маңы ойпаты туралы ол: бұл жердің ең үлкен ерекшелігі- тұздың көптігі. Бұл тұздар бүкіл дала бойынша жайылған. Ол топырақтың бетінде шіріген өсімдіктерден қара топырақ болатынын жазады.
М.В.Ломоносов жердің беткі қабатын көбінесе қара топырақ алып жатады дейді. Бұл жердегі қара топырақ деп,топырақ құнарлылығын айтады.Қара топырақтың пайда болуы жөніндегі алғашқы дұрыс болжам орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносов 1763ж. айтқан. Ол «Жер туралы» атты кітабында: «Қара топырақтың пайда болуы минералды емес, табиғи екі патшалықтан өсімдіктер мен жануарлардан пайда болғанын барлықтарымыз мойындаймыз», – деп жазды.
add logo here