Loading…
Transcript

FONTS

XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӨЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

Ереуілдер болған жерлер

Қала халқы

Жүмысшылар ереуілі:

  • 1905 жылы 16-28 қарашада Семейдегі пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілін басу үшін облыс губернаторы Қарқаралыдан әскери күш шақыртты.
  • 1905 жылы 6-7 қарашада Верный гарнизонында эскери қарсылықтар болды.
  • 1905 жылы 21 қарашада Жаркент гарнизоньгада эскери қарсылықтар болды.
  • 1905 жылы 6 желтоқсанда Өскеменде жүмысшылар жиынында социал-демократ Крушеев патша үкіметіне қарсы күресте ынтымақгасуға шақырды.
  • 1905 жылы 13 желтоқсанда Павлодарда Ертіс бөлімінің жұмысшыларының митингісі өтті.
  • 1906 жылдан басты саяси оқиға - Семейдегі 1906 жылы шіпде айында болған 500 жүмысшы қатысқан жаппай ереуіл. Негізгі талаптары:

Жұмыс күнін 10 сағатпен шектеу, балалар үшін 8 сағат.

Ауырған күндерге ақы төлеу.

Жалақыны өсіру.

Күпггеп қосымша еңбек еткізуге тиім салу.

Әйелдердің құқығын қорғау.

  • 1906 жылы ереуілдер жалғасты:

Қарқаралы уезінде (Семей облысы);

Жаркент уезінде (Жетісу облысы), Әулиеата, Шымкент уездерінде (Сырдария облысы),

Орал, Торгай болыстарында шаруалар қарсылықгары болып өтті.

Қазақ шаруаларының қарсылығы туралы "Орынбор өлкесі", "Орал күнделігі", "Орал" басылымдарында жарияланды.

Саяси толқулардың жиілеуінен шошынған патша өкіметі шаралар қолдана бастады.

  • 1906 жылы 10 қаңтарда ішкі істер министрі Дурнов өлкедегі қарсылықтарды жаныштауға арнайы тапсырма берді.

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында өлкеде 19 жаңа қала болды.

Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны 20-ға жеткен.

1897 жылы тұңғыш халық санағы өткізілді:

  • Оралда 36446 адам;
  • Верныйда 22744 адам;
  • Семейде 20216 адам;
  • Қостанайда 14175 адамтұрған.

Кала халқының көбею жолдары:

  • Қоныстанушылардың көптеп келуі.
  • Жатақтар санының артуы.
  • Ішкі демографиялық өсім.
  • Сауда қатынасының дамуы.

  • 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен шеру “Демократиялық республика жасасын”, “Самодержавие жойылсын” деген саяси ұрандармен өтгі.
  • 1905 жылы 25 қазанда Омбыдағы ұйымшылдықпен өткен саяси бой көрсету Батыс Сібір әкімшілігін қатты сескендірді.
  • Қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуінің ең бастысы 1905 жылғы желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен (Нілді) кенішіндегі 360 (265 қазақ) жұмысшы қатысқан ереуіл болды.
  • Кеніш француз президентінің жиені Карноның меншігі, іс басқарушысы ағылшындық Фелль болды.

Аграрлық даму ерекшелктері

Статистикалык мәлімет:

  • 1870-1906 жылдары далалық Қазақстанда 521023 қоныстанушы болған.
  • 1907-1914 жылдары 714395 қоныстанушы болған.
  • 1913-1915 жылдары Еділ бойындағы аштық салдарынан қоныстанушылар көбейді.
  • 1914 жылы қоныстанушы әр тілдес халық санының 211 есеге көтерілуі Ресей шаруаларының есебінен өскен. Столыпиннің аграрлық саясаты қазақтар санының кеміп кетуіне тікелей әсер етті

Демократиялық қозғалыстар:

  • 1911 жылы мамырда "Атбасар мыс кендері" акционерлік қоғамы өндіріс жұмыскерлерінің ереуілі отарлық басқару әкімдерін шошындырды.
  • 1912 жылы сәуірде Лена қырғыны Қазақ өлкесінде ереуілдің қайтадан кең таралуына әсер етті. "Туркестанский курьер", "Омский вестник" газеттері Лена оқиғасының Қазақстандағы саяси ахуалға әсер еткенін жазды.
  • 1912 жылы 2-6 қазанда Байқоңыр көмір өндірісінде, Семейдегі су диірменінде, Торғай уезіндегі Шоқпаркөл көмір шахтасында ереуілдер болып өтті.

Бірінші лүниежүзілік соғыс кезінде:

  • 1914 жылғы көктем мен жаздағы Ресей демократиялық қозғалысының көтерілу кезеңі Қазақ өлкесіне таралды.
  • 1914 жылы Доссор жэне Ембі өндірісіндегі ереуілдерде жұмысшылар жалақыны 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алды.
  • 1915 жылғы 25 маусымда "Бұратаналарды мемлекеттік қорғаныс ісіне пайдалану жөніндегі" Ереже жұмысшыларды өндіріс иелеріне байлап берді.
  • 1915 жылғы мамырда Екібасгұз көміршілерінің ереуілі талабы жағынан саяси болды.
  • 1916 жылғы тамызда Қарсақбай мыс кенішіндегі ереуілдер саяси күрестің өрлеуінің көрінісі болды.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ РЕАКЦИЯ

1906 жылы қараша және 1910 жылдары Столыпин үкіметі аграрлық саясат кабылдады:

  • Революцияны тұншықтыруға бағытталды.
  • Қоныстанушылар арасынан кулак топтары арқылы тірек табуды ойластырды. Қоныстанушылардың жиі орналасқан щманы: Ақмола, Семей, Орал, Жетісу.
  • Ресейден қоныс аударушылар саны орталық губернияларда қалыптасқан саяси-экономикалық, әлеуметтік мэселеге байланысты болды

Қоныстанушыларға:

  • 1853-1905 жылдары 4 млн десятина жер;
  • 1906-1907 жылдары 17 млн десятина жер;
  • 1916 жылы 40 млн десятинажер;
  • 1917 жылы 45 млн десятина жер тартып алынды.

Батырақ -1 десятина жері бар;

Өте кедей шаруа - 4 десятинаға дейін;

Кедей - 5-8 десятинаға дейін;

Шамалы орта шаруа - 10 десятинаға дейін;

Ауқатты орта шаруа - 15 десятинаға дейін;

Кулак - 15 десятинадан асқан жері бар топ.

Облыс атауы 1897 ж 1914 ж

Акмола 61,1% 36,6%

Семей 87,9% 73%

Сырдария 64,4% 62,3%

Жетісу 80,4% 60,5%

Торғай 90,6% 58,7%

Орал 71,3% 56,9%

1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙДЕГІ БУРЖУАЗИЯЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІНЕ ӘСЕРІ

Ереуілге ШЫҒУ себептері:

1. Жалақының тапшыльны.

2. Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы.

3. Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері.

Ереуілге «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» ұйымы (П.Топорнин, Л.Байшағыров, С.Невзоров) басшылық етті.

Талаптары:

  • Азық-түлік бағасын төмендету.
  • Жалақыны 15, 25%-ға көтеру.
  • Үш сыныптық орыс-қазақ училищесін ашу.
  • Жұмысшылардын тұрғын жайларын жақсарту.
  • Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер М.Ивченконы жұмыстан шығару.
  • Жұмысшыларды су өтпейтін киіммен қамтамасыз ету.

  • Кеніштің шетелдік иелері бұл талаптардың біразын орындауға мәжбүр болды.

  • 1896 жылы Атбасарда жасырын марксис- тік ұйым құрыла бастады.
  • 1902 жылы Орынборда тұңғыііі маркстік құпия ұйымның бірі құрылды.
  • 1905 ж “Қанды жексенбі” (9 қаңтар, Петербург оқиғасы).

Еңбекшілердің саяси көзқарасының өсуіне Бүкілресейлік қазан саяси ереуілі ерекше эсер етгі.

  • 1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда алғашқы карсылықтар болып өтті.

  • 1905 жылғы мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын саяси ереуілдер өткізілді.
  • Қарқаралыдағы қарсылық жиынына Міржақып Дулатұлы белсене қатысты.
  • Перовскіде (Қызылордада), Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитеттер құрылды.
  • 1905 ж. 17 қазандағы патша манифесінің («Мемлекеттік тәртіпті дұрыстау туралы») халықты алдау екенін “Алаш” қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады.

Алғашкы жетістіктер:

Қазақ еңбекшілерінің заңды мүдделерін қорғауда, талаптарын түсіндіруде аянбай күрескен ұлттық демократиялық қауым өкілдері:

  • Әлихан Бөкейханов Семей облысында;
  • Ахмет Байтұрсынұлы Торғай облысында;
  • Б.Қаратаев Орал облысында.
  • М.Тынышпайұлы, Б.Сыртанов Жетісудан қатысты.

Бұратана (түземдік) халық арасынан депутаттыққа сайланғандар:

  • Ақмола облысынан молда Ш.Қосшығұлұлы;
  • Жетісудан федералист М.Тынышбайұлы;
  • Оралдан кадет А.Бірімжанұлы;
  • Семейден бай Х.Нұрекенұлы Мемлекеттік Думаға сайланды.

Өлкедегі ереуіл нәтижесі:

1905-1907 жылдары алғашқы революцияның жеңілу себептері:

  • Қазақ жұмысшыларының аздығы.
  • Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы.
  • Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжірибесінің жеткіліксіздігі.
  • Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.

Революцияныц тарихи маңызы:

  • Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды.
  • Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді.
  • Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді.
  • Қазақ еңбекшілерін “ғасырлық ұйқыдан” оятып, революциялық күреске шақырды