Ұсыныс
1. Халқымыздың инабаттылығын өнегесінен баптай алатын «әдептану» сабағы орта буыннан енгізілсін.
2. Өркениетімізді білдіретін, қазақы тәрбие беретін біріңғай, таза ұлттық мектебіміз болсын.
3. Мәдениеттілігімізді, парасаттылығымызды білдіретін «халықтық педагогика» бағдарламасы тәрбиенің негізі болып жүгізілсін.
4. Қазақ ғұрпын жоғалтпай, баланы бесікке бөлейік.
5. Тәрбие бастауы салт дәстүр екенін ұмытпайық.
1.2. Тәрбие бастауы – салт дәстүр
Қазақ халқы әуелден-ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата-ананың борышы деп санаған. Өйткені, бала-болашақ иесі. Оны Алла жаратқанда жаман болсын деген жоқ. Сол себепті келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым қатал сын саналған. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу-елдік мәселе. Оның алдан күткен бағыты , үміті күмәнді болса, не болмақ ? Сол үшін де халқымыз бала тәрбиесін жөргегінен бастаған. Сәби өмірге келгенге дейінгі қамқорлықтың өзі үлкен сын, ауыр сынақ боларын білгеніміз жөн. Қазіргі медицина құрсақтағы балаға сыртқы дыбыстың әр алуан әсері барын әлдеқашан дәлелдеп қойған. Құрсақта жаңа қалыптасып келе жатқан шарананың қандай мінезді пенде болып туарына сырттағы әуез айтарлықтай ықпал етеді екен. Атам қазақ аттың жалында, түйенің қомында көшіп жүріп ән айтқан, күмбірлете күй тартқан. Адуын мінез бәйбішелердің өздері келін кепшікті алқақотан жинап ән салдырған, бой жаздырған. Мұның ар жағында ұрпақ қамы, дәстүрлі тәрбие мәйегі жатқан жоқ па?! Ән шырқаған көңілден ауру қашарын әлмисақтан білген, шадыман көңіл жас анадан шаттық кернеген, мінезді ұрпақ туады деп сенген.
1-кесте
2 схема. Отбасы
1.4. Салт – дәстүр
Қалжа. «Менің сорлы шешеме қалжа қайда. Қой сат деп әкем барды көрші байға»(С.Торайғыров). Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ «қалжа» деп аталады. Жақын адамдарда қалжа әкеледі. Бүл әрі сыйластық, құрмет, әрі босанған әйел сауығып кетсін деген мақсатпен туған елдік дәстүр, ғұрып [9].
Тымаққа салу. Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымаққа жылы, әрі бөлеуге ыңғайлы болады. Және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан күн кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы: қырық күн кем болса керегенің қырқыншы басынан кейін бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасалады. Айталық, ат қою, бесікке салу т.б. (Егер бала қыста туылса онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді) [9].
Тыштырма. Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп, «тышты», «тышты» деп ырым жасайды және оны тыштырма деп атайды. «Тыштырманы» әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына үлестіріп береді [5].
Иткөйлек (ғұрып) – ырымшыл халқымыздың баланы қырқынан (туғанкүн толған күн) шығарғаннан кейін оның көйлегіне тәтті түйіп, оны иттің мойнынан байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы ит көйлекті шешіп алып, тәттісін бөліп жейді. Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады [9].
Бала тәрбиесінің жөргектен басталатынын ескерсек, баланың ақыл-ойын, тілін, өмірге құштарлығын дамыту, адамгершілік нышандарын, еңбекке икемділіктің бастамасын қалау – әжелер өнегесінде жатыр. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымызды жеткізуші әжелер өнегесі. Басқа еш жерден оқып білуге болмайтын тәлім-тәрбие. Немере үшін әжесінен артық мейірбан, ақылшы кісі жоқ. Бейне бір әже мен немеренің арасын жалғап тұрар жіңішке жіп бардай, көбіне екеуінің жүрегі бірге соғып тұруы заңдылық. Өйткені әже үйдегі қазына болса, немере сол қазынадан алған тәлімін ары қарай жалғастырушы мирасқор, сондықтан да немере баладан да тәтті болып, шаңыраққа шуақ шашып тұрса, әже отбасының береке-бірлігін ұйытып, тәрбие тамырын ұстап тұрған алтын қазық.
Мектептегі құрбыларымды бақылап зерттеу негізінде түйгенім.
Бұның үлкен себебі жас ұрпақтың қазақша тәлім-тәрбие алмағанында, олай дейтінім бізде басқа халықтардан бір нәрсені тәуір екен деп еліктеушілік, оны табан астында қабылдаушылық басым.
Себебі орыстар әке-шешесін және басқа үлкен жақындарын «сен» деп айтқандықтан, біз тез арада «сіз» деген «салқын» сөзден шошынып, жаппай түрде жақындығымызды білдіреміз деп «сенге» көштік. Әр халықтың ұлттық ерекшелігі, салт-сана, тәлім-тәрбие өзгешелігі бар екенін есепке алып, ойланбағандықтан осындай келеңсіздіктерге мәжбүрміз. Айта кететін бір жайт, біздің мектебіміз аралас сыныптар. Бұның да ұлт тәрбиесіне кері әсері жоқ емес. Аралас сыныптар Төрткен апамыздың «Жетісу» газетіне берген сұхбатында «Жыланның екі тілі іспетті» деген мені көп ойландырды. Себебі Европа халықтарының «оның ішінде орыс халқының тәрбиесі еркін» тәрбиеде, біздің ұлттық тәрбиеміз тыйым, мейірімділік, ізгілік жөнінде. Сондықтан қазақ балалары біріңғай қазақ мектебінде оқуын қалаймын.
Кіріспе
Зерттеу бөлімі
1. Тәрбие бастауы – салт дәстүр
1.1 Бесікке салу рәсімі
1.2 Салт дәстүр
1.3 Балалар поэзиясындағы үлгілері
1.4 Ұлттық тәлім тәрбие қағидалары
1.5 Қоғамның шуақты тіршілігі әдептілік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Ананың бойындағы мінез-құлқы, денсаулығындағы ақаулар құрсақтағы балаға беріледі. Қазіргі таңда ана құрсағындағы тәрбиенің сақталмауынан жанның он екі арнасы жабылу алдында.
Ата - әкенің әкесі.
Әже – әкенің шешесі.
Әке шеше, ата ана – дүниеге ұрпақ әкелген ерлі зайыпты адамдар.
Бала – ата анадан туған ұрпақ, олар ұл, қыз деп аталады.
Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы.
Қыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана.
Немере – ұлдың баласы.
Шөбере – немеренің баласы.
Жеңге – ағаның әйелі.
Ағайын – бірге туған туыстар.
Аға, апа, қарындас, сіңлі – бір әке шешеден туған немесе туыстың балалары, үлкен болса «аға», кіші болса « іні», үлкен қыз – «апа»(әпке), кіші болса – «қарындас», қыздар үшін сіңлі болады.
Қырқынан шығару (салт). (схема3)«Баланың қырқынан шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан балаға ат қойып, бата беруді өтінеді» (Н.Әбдуалиев). Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы “Жеті жарғы”, ”Жеті қазына”, Бір тоғыз”, “Үш тоғыз”, “Қырықтың бірі-қыдыр”, деген қағидалар бар осы сандық ұғымынан пайда болған. Соның бірі- баланы “қырқынан шығару” дәстүрі. Әдетте баланың туғанына қырық күн толган соң оны ыдыска қырық бір құмалақ салып, қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап қойады. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан [9].
Тұсаукесер. «Тұсауыңды кесейін, Қүрмеуіңді шешейін» («Тұсаукесер» жыры). Сәбидің қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым
Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсаукесердің арнаулы жыры бар. Мысалы:
«Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тағы, тағы баса ғой.
Тақымыңды жаз, балам.
Құтты болсын қадамың!»
(«Тұсаукесер» жырынан)
Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды [9].
Тұмар. Бала ауырғанда молдаларға дұға жаздырып оны үшбұрыштап матаға не теріге тігіп баланың мойнына тағып қояды. Бұл пәле-жаладан, тіл-көзден, ауру – сырқаудан сақтайды деген діни ұғым. Тұмардың түрлері көп, оны кейде жас төлдерге ауырған малға да тағады [9].
1 схема. Қазіргі және бұрынғы әжелерді салыстырылуы
Біздің халқымыздың әдепті қарым-қатынастарға ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі баршамызға белгілі. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерінен-ақ молдап ұшырастырар едік: «Ұлық болсаң-кішік бол», «Сыйластық екі жаққа бірдей», «Сыпайылық жоқ жерде, сыйласу да жоқ», «Әдепті бала өсірсең, ауылдың абыройы», «Кішіпейілділік-кішілік емес, кісілік», «Жібек мінезді жігіт жұртқа жағады» - деп ой тарқататын сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән дарқан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын-туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәжге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр.
Ақылы мен парасаты, іскерлігі сай келген әже бір ғана отбасын емес, бүкіл ауылды ұйытып ұстап отырарлық қасиетке ие. Кешегі Ұмай, Домалақ аналардың жолын жалғастырар осындай жандардың бүгінде қатары сиреп бара жатқандығы да ойланарлық мәселе. Мұны бұрынырақта аңғарған халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы атамыз: «Жаудан да, даудан да қорықпаған едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам
Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшіншіден, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға әзір тұрады». Қолына кітап ұстап, оқып жатқан әже, әке жоқ – деп дабыл қақпап па еді? Міне, әр іске тереңдікпен қарайтын ұлағатты жанның осы сөзі әрқайсымызға ой салуы тиіс. Осы тұста бүгінгі қала келбетті әжелеріміздің көз алдымызға келе қалатыны жасырын емес.
Мектептегі құрбыларымды бақылап зерттеу негізінде түйгенім. Бұның үлкен себебі жас ұрпақтың қазақша тәлім-тәрбие алмағанында, олай дейтінім бізде басқа халықтардан бір нәрсені тәуір екен деп еліктеушілік, оны табан астында қабылдаушылық басым. Себебі орыстар әке-шешесін және басқа үлкен жақындарын «сен» деп айтқандықтан, біз тез арада «сіз» деген «салқын» сөзден шошынып, жаппай түрде жақындығымызды білдіреміз деп «сенге» көштік. Әр халықтың ұлттық ерекшелігі, салт-сана, тәлім-тәрбие өзгешелігі бар екенін есепке алып, ойланбағандықтан осындай келеңсіздіктерге мәжбүрміз. Айта кететін бір жайт, біздің мектебіміз аралас сыныптар. Бұның да ұлт тәрбиесіне кері әсері жоқ емес. Аралас сыныптар Төрткен апамыздың «Жетісу» газетіне берген сұхбатында «Жыланның екі тілі іспетті» деген мені көп ойландырды. Себебі Европа халықтарының «оның ішінде орыс халқының тәрбиесі еркін» тәрбиеде, біздің ұлттық тәрбиеміз тыйым, мейірімділік, ізгілік жөнінде. Сондықтан қазақ балалары біріңғай қазақ мектебінде оқуын қалаймын
1.3. Бесікке салу рәсімі
Бесіктің құрал-жабдықтары
Бүгінгі күнге дейін кейбір отбасында бесікке салу рәсімі жалғасын тауып келеді. Солардың ішіндегі ел арасында әлі қолданыс тауып келе жатқаны баланы бесікке бөлеу алдында айтылатын аластау сөз:
Алас, алас баладан алас.
Иесі келді, бәлесі көш!
Алас, алас пәледен қалмас,
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас!
Отыз омыртқасынан алас,
Қырық қабырғасынан алас.
Бұл отпен аластау арқылы жасалса, бесіктен шешіп алады:
Анасы бесіктен шешіп алып,
Ұйқысы бесікте қалсын.
Немесе
Балам бесіктен шықсын
Пәлесі есіктен шықсын, - деген сөздер айтылады.
Кейінгі кездерде жастардың бесікке бөленбеуін, сыныптастар арасынан салыстырмалы 1-кестеден көруге болады.
Қорытынды
Ұлт келешегі — тәрбиеде. Саналы, сапалы тәрбиеде. Бізде ғана емес, бұл Тәңір иенің бүкіл пенделерге көрсеткен жолы. Оны кім ұстанса, сол ғана Жаратқан иенің шапағатына бөлене алады. Оның жолын да өзі көрсетіп қойыпты. Бізде, ұлт деңгейінде бұл мәселе өте асқынған жағдайда. Тәрбие ісі, сапасы, заман талабына сай болуы тиіс. Бұл істі, қоғамның бүкіл қуатын жұмсап қана еңсеруге болады.
Әдеп дегеніміз-адамдармен қатынас барысында әңгімелесу кезінде шамадан тыс аспау,біздің сөзіміз бен ісіміз сол сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлау, сыпайылық шегінен шықпау.
Адамзат баласында табиғатынан адамдық қасиет бірге жаратылады, демек дұрыс тәрбие жұмысын неғұлым ертерек бастасақ, сұғырлым жемісті болары сөзсіз. Жаңа балалы болған бір адам Макаренкоға барып «Балам 6 айға толды қашан бастасам екен»-деп сұрапты. Сонда Макаренко: «Тұп-тура 6 айға кешіктіңіз»-деген екен.
Баланы жастан деуші еді ғой, бірақ баланы жастан емес,бесіктен емес ау, ана құрсағынан бастап тәрбиелеуді атам қазақ ерте ескерген. Әдетте, адам барлық нәрсені өмірге келген соң үйренетін, барлығын қоғамдық өмірден жинақтайтын тәрізді сезіледі. Алайда адамның бес жасқа дейінгі алған тәрбиесі бүкіл өмірден алған тәрбиесінің 90 пайызын құрайды екен. Соның ішінде сәбидің ана құрсағындағы төрбиесі маңызды орын алады.