Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Қылмыстық жауаптылықтан босату – қылмыстық заңдарға жəне қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сəйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының қылмыстық-құқықтық шараларды қолданудан
бас тартуы болып табылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыстық жəне қылмыстық-iс жүргiзу заңдарына сəйкес жүргiзiлетiн мемлекеттiң өкiлеттi органдарының қылмыстық-құқықтық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қылмыс жасаған адамға қолданудан бас тартуы. Қылмыстық жауаптылықтан босату анықтау, алдын ала тергеу сатысында немесе айыптау үкiмi шыққанға дейiн сот талқылауы кезiнде орындалуы мүмкiн.
«Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».
Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттіне көрінісі,
нәтижесі болып табылады.
Әрекет дегеніміз – адамның қылмыстық зањ тиым салған нәрселерді істеуі, ал Әрекетсіздік дегеніміз адамныњ зањ, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, Бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.
Қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе «рекетсіздікті айтамыз.
Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:
1) Қоғамға қауіптілігі;
2) Заңға қайшылығы;
3) Айыптылығы;
4) Жазаланатындығы.
Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топќа бљлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты
мынадай санаттарға бөлінеді:
1) онша ауыр емес;
2) ауырлыѓы орташа;
3) ауыр;
4) аса ауыр.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерi мiндеттi жəне факультативтiк болып бөлiнедi.
Қылмыстық жауаптылықтан мiндеттi босатылу болып ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты босатылу танылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың басқа түрлерi факультативтiк белгiлердi қамтиды, яғни заңмен қарастырылған жағдайларда формальдi негiздi қолдану мiндеттiлiктi тудырмайды.
Қандай да болмасын қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрi қылмыс құрамының белгiлерi, қылмыстық жауаптылықтың негiзi бар болған жағдайда ғана қолданылады.
Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.
Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:
1) Заңдылық қағидасы– бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды;
2) Адамдардың заң алдындағы теңдігі қағидасы – бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді;
3) Жауаптылық қағидасы – бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет;
4) Әділеттілік қағидасы – бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді;
5) Демократизм қағидасы – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді;
6) Гуманзим қағидасы – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады;
7) Интернационализм қағидасы – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.
Кепілгерлік белгілеу кепілгер болатын жеке тұлғаның жасалған
қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген айыппұлдың екі еселенген
мөлшеріне тең мөлшерінде, ал заңды тұлғаның он еселенген ең жоғары
мөлшерінде кепіл енгізуінен тұрады.
Кепілгерлік мерзімі:
1. Қылмыстық теріс қылық жасалған кезде – алты айдан бір жылға дейін;
2. Онша ауыр емес қылмыс жасалған кезде – бір жылдан екі жылға дейін;
3. Ауырлығы орташа қылмыс жасалған кезде – екі жылдан бес жылға дейін белгіленеді.
Егер қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам кепілгерлік кезеңі
ішінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаған болса, кепілгерлік
мерзімі өткеннен кейін кепіл кепілгерге қайтарылады.
Егер кепілгерлік кезеңі ішінде адам жаңа қылмыстық құқық бұзушылық
жасаса, сот қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімнің күшін жояды және үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша оған жаза тағайындайды. Бұл ретте кепіл мемлекеттің кірісіне алынады.
Қылмысқа қатысушылардың түрлері.
Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, айдап саушы және көмектесуші деп бөледі.
Орындаушы – бұл нақты қылмыс құрамының объективтік жағына кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмыстық орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл – есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.
Ұйымдастырушы – қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындауына басшылық еткен адам.
Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы – бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қымысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылады. Сондай – ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстың ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уде береді.
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
«Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».
Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік:
1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.
Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.
2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.
Қылмыстың құрамы дегеніміз – бұл қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтыѓын айтамыз.
Ондай белгілер 4 топқа бөлінеді:
Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі.
Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау жѕне т.б.) ќылмыстыќ жауатылыққа адам 14 жастан тартылады.
Қылмыстын субъективтік жағы – бұл қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.
Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалдық және формальды болып жіктеледі.
Материалдық құрамда қылмыстын аяқталу саті қоғамға қауіпті зардаптың тууына байланысты болса, формальды құрамда зардапты тосып жатпай-ақ, қоғамға қауіпті әрекетті жасаудын өзі қылмыстың аяқталғандығын көрсетеді.
Қылмыстық жазадан босату – соттың үкiмi бойынша сотталған адамды тағайындалған жазадан толық немесе iшiнара босату. Босатудың мəнi қоғамға аса қауiптi емес қылмыс жасаған адамға немесе қылмыстық қудалауды үнемдеуге негiз беретiн өзге де жағдайларға сəйкес қылмыс жасаған адамға əсер етуден тұрады.
Негiзiнен қылмыстық жазадан босату қылмыс жасағаны үшiн кiнəлi адамға соттың үкiмi шығарылғанға дейiн, яғни жазаның орындалуы басталғанға дейiн, сонымен бiрге сотталған адам жазаның бiр бөлiгiн өтегеннен кейiн, егер сот жазаның мақсатта ры орындалды жəне сотталушыны түзеу үшiн тағайындалған жазаның орындалуы қажет емес деп тапқан жағдайларда тағайындалады.
- қылмыстық жауаптылықтан əдетте ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам босатылады. Ал жазадан босату адам ауыр жəне аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда да мүмкiн;
– қылмыстық жауаптылықтан босатуды соттың айыптау үкiмi шығарылғанға дейiн сот қана емес,
сондай-ақ тергеушi де, прокурор да, алдын-ала анықтау органы да жүзеге асырады. Ал жазадан босату айыптау үкiмi шығарылғаннан кейiн жəне осыған орай тек сотпен ғана жүзеге асырылады.
Қазақстанның қылмыстық құқығының
қайнар көзі
Қылмыстық құқықтың бірден-бір жалғыз формальды қайнар көзі — Қылмыстық кодекс болып табылады.
Қамаққа алу отыз тәуліктен тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді.
Ұстап алу мерзімі қамаққа алу мерзіміне қосылады.
Қамаққа алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге тағайындалмайды.
Әскери қызметшілер қамақта болуды гауптвахтада өтейді
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады:
1)Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады;
2) Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі;
3) Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.
Қылмыстың жіктелуі
Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген:
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негiздерiне мына жағдайлар жатқызылады:
– шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚР ҚК-тiң 65 бабы);
– қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚР ҚК-тiң 66 бабы);
– жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚР ҚК-тiң 67 бабы);
– жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚР ҚК-тiң 68-бабы);
– ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚР ҚК-тiң 69-бабы);
– рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚР ҚК-тiң 76-бабы);
Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.Жалпы бөлімнің нормалары өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз байланысты.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.
Мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1) Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы әскери немесе құрмет атағынан айыру, дипломатиялық дәрежесінен және мемлекеттік наградадан айыру;
2) Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері. Бұған белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру жатады;
3) Сотталған адамды материалдық жағыннан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу;
4) Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлеріне өлім жазасы, бас бостандығынан айыру жатады.
Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор.
Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.
Қылмысқа қатысу барысында қымыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, оладың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қымыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдығыдай жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, орта, бөлінбейді.
Тек қасақан жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.
Абайсыз қылмыстарда қылмысқа қатысу бомайды. Егер бірнеше адам абайсызда қоғамға қауіпті жағдай туғызса, оның әрқайсысы жасаған әрекеті үшін жауап беруге тиіс.
2014 жылдың 3 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының
жаңа Қылмыстық кодексінің жаңалықтары
2014 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексі қабылданды, ол 467 баптан тұрады
(қолданыстағы ҚК 393 бап бар).
Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлігі 7 бөлімнен, 98 баптан құралған.
Ерекше бөлікте 18 бөлім, 369 бап бар.
Жаңа Қылмыстық кодекс қорытынды ережелермен толықтырылған.
Қылмыстық кодекстің жаңалығының бірі – қылмыстың қоғамға қауіптілік
дәрежесі мен жазалаушылыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың
қылмысқа және қылмыстық теріс қылыққа бөліну ұғымының енгізілуі.
Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы
зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке
зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу
жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген,
айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.
Теріс қылық жасағаны үшін соттылық болмайды.
Ол үшін жазаның жоғары шегі 90 күнге қамауға алынады, бұл тек 156
құрамның 41 де қаралған.
Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамдарды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады.
Жазаның белгілеріне мыналар жатады:
1)Қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды;
2) Жаза тек қана жеке сипатта әке-шеше, туған-туыс емес тек қылмыскер ғана жазаға тартылады;
3) Ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан шектейді.
Жазаның мақсаты:
- әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру;
- сотталған адамды түзеу;
- жаңа қылмыстар жасаудан сақтандыру.
Қылмыстық теріс қылық үшін айыппұлдың шегі жиырма бестен бес жүз
айлық есептік көрсеткішке дейін, қылмыстар үшін – бес жүзден он мың айлық
есептік көрсеткіш шегінде, ал Кодекстің 366, 367 және 368-баптарында
қаралған қылмыстар үшін айыппұлдың шегі Ерекше бөлімнің баптарына
сәйкес санкцияларында бекітілген.
Пара алумен байланысты баптардың санкциясында, 366-бап (пара алу),
367-бап (пара беру), және 368-бап (парақорлыққа делдал болу) айыппұлды
есептеу өзгерді, айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) орнына – алынған параны
еселеді.
Қылмыс жасау сатыары
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяталған қылмыс.
Қылмысқа дайындалу – бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеу, дайындау немесе ыңғайлауы, бірге қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға сөз байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән – жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе.
Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы мүмкін: қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу,немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.
Дайындау – бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау.
Бейімдеу – затарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту).
Қылмыс жасауға оқталу деп – адамның еркінен тыс мән – жайларға байанысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады.
Аяталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар бегілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғанда ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады).
Орындағандар: Әліш А., Тұрымтай Г., Жұмаділлә Г., Абай С., Әшірбаева Д. Эг-21
Қабылдаған: Саиймова Ш.