Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Күкірт және оның қосылыстары

No description
by

Samuel Alibi

on 22 May 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Күкірт және оның қосылыстары

Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт және оның қосылыстары
орындаған: С.Әліби
Күкіртсутек

Күкірт қышқылы

Күкірт оксидтері

Н2SO4

SO3

SO2 және SO3

Н2S

S

Физикалық қасиеттері:
Күкірт – сары түсті, суда нашар еритін, су жұктырмайтын, жылу мен тоқ өткізбейтін, морт келетін қатты зат.
119°С - та балқиды да, сары қоңыр түске боялады.
444,6°С- та кайнайды.
Тығыздығы 2,07 г/см3 (α-түрі) және 1,96 г/см3 (β-түрі)
Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық, моноклинді, пластикалық
Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түрінде тұйықталған сегіз атомнан тұрады
Суда күкірт ерімейді,спирт пен эфирде нашар ериді;бензолда,күкіртті көміртекте жақсы ериді
Химиялық қасиеттері:
Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғыш та,тотықсыздандырғыш та бола алады.Ол металдармен де, бейметалдармен де жақсы әрекеттеседі. Металдармен жоғары температурда әрекеттесіп, сульфидтер түзеді.
Күкірт жай заттармен әрекеттеседі
Күкірт жоғары температурада сутекпен әрекеттеседі
Жоғары температурада күкірт фтормен және оттекпен әрекеттеседі(жанады)

2Al+3S=Al2S3; Zn+S=ZnS; S+H2=H2S
Күкірт (ағылш. Sulfur) – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент. Тұрақты 4 изотопы бар. Сондай-ақ жасанды жолмен алынған 6 изотопы белгілі. Күкірттің жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0,05%, теңіз суында 0,08 – 0,09%.
Табиғатта таралуы. Күкірттің табиғи қосылыстары
Табиғатта бос күйінде және сульфидті ( пирит, галенит, антимонит), сульфатты (гипс, ангидрит, барит, мирабилит), т.б. минералдар түрінде кездеседі. Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі.Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады. Вулкан атқылағанда газбен ілесе ұшқан күкірт сыртқа шығып кристалл түрінде қатаяды. Ондай күкіртті вулканмен байланысты арасан көздерден (фумаролдардан), тау жыныстарының жарықтарынан, қуыстарынан кездестіруге болады.
Қазақстанда
таза күкірт Алтайда, Жоңғар Алатауында кездеседі. Газдағы қоспалардан таза күкіртті Ақтөбенің Жаңажол газ өңдеу зауытында алады.Сульфид пен сульфаттың көп бөлігін Павлодар облысындағы Майқайың Алтын Кені өндіреді.Павлодардан басқа күкірт минералдары Балқашта,Шығыс Қазақстан облысында кездеседі.
Қолданылуы:
Күкірт каучукты резинаға айналдыру (вулканизация) үшін, медицинада, тұрмыста жертөлені және қоймаларды аластау үшін, оқ-дәрі жөне сіріңке өндірістерінде қолданылады.

Күкіртсутек
Табиғатта таралуы және физикалық қасиеттері:
Күкіртсутек –шіріген жұмыртқа йісті,түссіз газ.
-60°С-та сұйық күйге ауысады, ал -86°С-та қатады.
Күкіртсутек табиғатта жанартау атқылағандағы газдардың құрамында,емдік қасиеті бар минерал суларда кездеседі(Алма-Арасан, Барлық-Арасан, Мойылды шипажайы және т.б.)
Күкіртсутек өте улы,оның өте аз мөлшерімен тыныс алғанда адам есінен танып,тіпті өліп те кетуі мүмкін.Күкіртсутек тыныс алғанда гемоглобинмен байланысып,сал ауруын туғызады.
Күкіртсутекпен уланған адамды тез арада таза ауаға шығару керек.
Химиялық қасиеттері:
Күкіртсутеке тотықсыздандырғыш қасиет тән.
Күкіртті сутек қышқылы қышқылдарға тән барлық қасиеттерді көрсетеді:
1) активтік қатарында сутекке дейін тұрған металдармен әрекеттесіп сутегі бөледі:
H2S +Mg = MgS + Н2↑
2) негіздік оксидтермен тұз және су түзеді:
H2S + ҒеО = FeS↓ + Н20
3) негіздермен әрекеттесіп тұз және су түзеді:
H2S + 2NaOH = Na2S + 2Н20
4) тұзбен әрекеттескенде суда ерімейтін жаңа тұз және жаңа қышқыл түзіледі:
H2S + Pb(N03)2 = PbSl + 2HN03
5) галогендермен әрекеттескенде сәйкес галогенсутек қышқылдарын түзеді: Br2 + Н2S = 2HBr+S
Күкіртсутек екі негізді қышқыл болғандықтан,орта(сульфидтер)және қышқыл тұздар(гидросульфаттар) түзеді. Н2S+КОН =КНS+H2O


Физикалық қасиеттері:
Күкірт қышқылы-түссіз, ұшқыштығы төмен, тығыздығы 1,84г\мл майлы сұйықтық
Кейде оны “купорос майы” деп атайды.
Ылғал тартқыш , ауадан және басқа газдардан су буын жақсы тартады
Күкірт қышқылы суда жақсы ериді. Еру кезінде көп мөлшерде жылу бөлінеді.
Химиялық қасиеттері:
Күкірт қышқылы күшті және белгілі минералды қышқылдар ішіндегі тұрақтысы
Сұйылтылған күкірт қышқылына күшті қышқылдың барлық қасиеттері тән. Олар негіздік оксидтермен, негіздермен және тұздармен әрекеттеседі.
Кернеу қатарындағы сутектің оң жағындағы металдар сұйылтылған күкірт қышқылында ерімейді.
Қолданылуы:
Күкірт қышқылымен тікелей немесе жанама байланыспаған химиялық өндіріс салаларын айту қиын. Күкірт қышқылы жан-жақты қолданылуы бойынша бірінші орында тұр. Оны химия өнеркәсібінің “наны” деп санайды, себебі басқа қышқылдарды алуда, мұнай өнімдерін тазалауда, қант өндірісінде, өсімдік майын тазалауда, газдарды құрғатуда, сода, бояу, жасанды талшық өндірісінде, органикалық синтез және т.б. қолданылады
Негізгі химиялық өнеркәсіпте күкірт қышқылы тыңайтқыштар алуда қолданылады


Алынуы:
Зертханада Кипп аппараты арқылы алады.
ҒеS+ 2HCI = Н2S↑ + ҒеCI2
Қолданылуы:
Күкіртсутек емдік қасиеті бар,буын ауруларын емдеуде күкіртті сутек ванналарында қолданылады
Күкіртсутектің тұздарымен түсі әр түрлі тұнба түзуі аналитикалық химияда ерітіндіден сәйкес металл катиондарын бөлуде және анықтауда қолданылады

Күкірт оксидтері
Физикалық қасиеттері:
Күкірт екі түрлі оксид түзеді:
S(ІV)оксиді-SO2(күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді),бұл-өткір тұншықтырғыш иісі бар,түссіз газ,
S(VІ)оксиді-күкірт ангидриді- SO3,ұшқыш,түссіз сұйықтық,
+17°С температурада қатты зат;олар суда жақсы ериді,нәтижесінде күкіртті қышқыл Н2SO3 және күкірт қышқылы Н2SO4 түзіледі,олай болса бұлар қышқылдық оксидтер
Химиялық қасиеттері:
1) негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:
SO2+Na2O=Na2SO3
SO3+Na2O=Na2SO4
2) негізбен әрекеттескенде тұз және су түзіледі:
SO2+2NaOH=Na2SO3+H2O
SO3+2NaOH=Na2SO4+H2O
Күкірт (IV) оксиді тотығу-тотықсыздану реакцияларында әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш; себебі күкірттің тотығу дәрежесі аралық мәнде (+4) болады.

Алынуы:
Зертханада күкіртті ауада жандырғанда күкірт (IV) оксидін (ауа тартқыш шкафта) алуға болады. Сол сияқты бұл оксидті натрий сульфитінің кристалына, қышқыл ерітіндісін қосып та алады.
S+O2=SO2
Na2SO3+HCl=2NaCl+H2O+SO2↑
Өндірісте сульфидтерді жандыру арқылы:
2ZnS+3O2=2ZnO+2SO2↑
2SO2+O2↔2SO3↑

Қолданылуы:
SO2-қантты,маталарды,сабынды ағарту үшін және зиянды микроағзалардан көкөніс қоймаларын тазартады.



Сульфаттар
Күкірт қышқылының тұздарын сульфаттар деп атайды. Күкірт қышқылы екінегізді болғандықтан, ол тұздарды екі қатарына түзеді: орта-сульфаттар және қышқыл-гидросульфаттар
Күкірт қышқылының тұздары да өте көп қолданылады. Күкірт қышқылы тұздарының ішіндегі тұздарына маңыздыларына мыналар жатады:гипс, ангидрит, барит, мирабилит, алебастр.
Гипсті кыздырганда ол алебастрга айналады.Алебастрды медицинада сынақтың сыртынан орап таңуда және тіс протезін дайындауда қолданады

Назарларыңызға рахмет
Full transcript