Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Copy of Соңғы тас дәуірі

No description
by

Aray Kasimkhanova

on 23 December 2012

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Copy of Соңғы тас дәуірі

Соңғы тас дәуірі :
1.Мезолит
2.Неолит
3.Энеолит Мезолит- орта тас дәуірі.
б.з.д.12-5мыңжылдықтар арасы.Мезолит дәуірінің ең бір үлкен жаңалығы-садақ пен жебенің пайда болуы.Тағы бір ерекшелігі-еңбек құралдардың дайындауда сынатасты пайдаланды. Садақ пен жебенің пайда болуы НЕОЛИТ - (нео-жаңа, лит-тас). Адам баласы тастан құрал жасаудың ең жоғары сатысына жетті. Неолит кезеңіндегі құрал-сайман жасаудағы және шарушылықтағы түбірлі жетістіктер неолиттік революция деп аталады. Адамдар бұл кезеңде тамақты отқа пісіріп, жеуге жарайтын өсімдіктерді,дәнді-дақылдарды өсірген,жануарларды қолға үйреткен және оларды іріктеуге көшкен. Неолит кезеңінде адамдардың қолы жеткен жетістігінің бірі-саз балшықтан ыдыс жасауды үйренуі. Соңғы тас дәуірі! Мезолит дәуіріндегі құралдар Неолит кезеңіндегі құралдар Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит пен энеолит кезеңінің ескерткіштері мен тұрақтары белгілі.Олар көбінде су бастаулары бойында орналасқан.

Неолит кезеңіне біз Қараүңгір мен Қосқұдық тұрақтарды, Ойықты мен Төлес мәдениетінің және Атбасар мен Маханжар мәдениетінің ескерткіштерін жатқызамыз. Қараүңгір тұрағы
Қараүңгір- неолит кезеңіне жататын тұрақ.Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Қараүңгір ауылынан солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде осы аттас өзеңнің оң жағасында орналасқан.Үңгір екі бөлмеден тұрады. Ойықты мен Төлес мәдениеттері
Ойықты мен Төлес мәдениетінің ескерткіштері Маңғыстау жерінде табылған. Олардың б.з.д. 6-5 мыңжылдықтарға жататыны анықталған.
Ойықты мөдениетінің тұрғындары тұрмыста теріні,сүйек пен ағашты өңдеуді кеңінен қолданған.
Төлес мәдениеті Ойықты мөдениетінің бір нұсқасы ретінде бөлініп шыққан.Бұған тұрғындардың ауа райының өзгеруіне,экономикалық жағдайдың талабына сай бейімделуі өсер еткен.
Ақтау қаласына жақын жерде орналасқан. Ол теңіз жағалауынан 1 шақырым жерде теңіз жарқабағының жоғарғы шетіне орналасқан.Қазба жұмыстары кезінде ондағы мәдениет қабатынан шақпақ және жай тастардан жасалған көптеген бұйымдар, мәнерлеп жабыстырылған ыдыстардың сынықтары, теңіз қабыршақтары мен олардан жасалған әшекейлердің сынықтары
табылды. Табылған моншақтар мен олардың нұсқалары Қосқұдық тұрғындарының әсемдік заттар дайындау әдісін меңгергендігін білдіреді. Олар сол кезде-ақ жіп иіре білген, өйткені тастан жасалған ұршықбастар табылды. Қосқұдық тұрағы- Жебелердің ұштары, сақпан салу үшін әктастан дайындалған тастар, ауды бастыратын тастар тұрақ тұрғындарының шаруашылық бағытын көрсетеді. Сонымен қатар ол жерден бүгілген күйінде сол жақ бүйірімен жатқызылған еркек адамның қабірі аршылды. Бұл Қазақстандағы ең ежелгі қабір болып табылады. Ондағы адамның бас сүйегі Москвадағы этнология және антропология институтында Герасимов лабораториясында қайта жасалды. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі V мың жылдықтың аяғы мен IV мың жылдықтың басындағы Маңғыстау тұрғындарының сол кезеңдегі көрінісінен хабар бергендей қазір облыстық мұражайда көпшілік назарына ұсынылуда. Атбастар мәдениәті Атбасар Мәдениеті – төменгі палеолит дәуірінен сақталған ескерткіштердің жиынтық атауы. Осы мәдениетке жататын тұрақтар мол шоғырланған Атбасар ауылының атымен аталған. Б.з.б. 7-мыңжылдықтың аяғы мен 6-мыңжылдықтың басында Арал өңірінде өркендеген Келтеминар мәдениеті мен Ойық мәдениеті негізінде қалыптасқан. Атабасар мәдениетіне жататын 20-ға жуық тұрақ зерттеліп, қазылған. Көптеген тұрақтар Солтүстік Қазақстанның Есіл мен Шағалалы өзенінің ескі арналары жағалауларында орналасқан. Тұрақтардан табылған еңбек құралдарының арасында жебенің ұштары көп. Бұл мәдениет тұсында үлкен қырғыштар мен пышақтар, шомбал балталар пайда болған. Қыш ыдыстарының сыйымд. 1–5 л, пішіні жарты жұмыртқа тәріздес. Ыдыстардың сырты өрнектермен безендірілген. Табылған заттардың жиынтығы Солтүстік Қазақстанда б.з.б. 3-мыңжылдықтың басында өндіруші шаруашылықтың қалыптаса бастағанын көрсетеді. Қосқұдық тұрағы Маханжар мәдениеті Маханжар мәдениеті-неолит заманындағы ескерткіштердің жиынтық атауы.Торғай ойпатында табылған.1970-90 ж. аралығында Қостанай және Торғай археологиялық экспедиция зерттеу жұмыстарының барысында ашылды.Маханжар мәденетіне жататын ескерткіштердің саны 16, олардың 13-нде қазба жұмыстары жүргізілген.Ескерткіштердің көпшілігі өзен жағалауларында орналасқан. . Құрылыс іздері сақталмаған. Тек Дүзбай-1-ден тік бұрышты тұрғын үй орнының бір бөлігі ғана анықталған. Маханжар мәденетінің ыдыстары көзге ерекше түседі.Олар жіңішке қылқа мойынды, конус тәрізді,түптері кейде бұдыр болып бітеді.Ыдстардың сырты кеппей тұпып, тарақша тістерімен өрнектелген. Ал Тобыл өңірінен табылған құралдардың ішінен тесілген ұршық басы табылған.Бұл тұрғындардың жіп иіріп,тоқымашылықпен айналысқандығын білдіреді. Желизинка ауылының жанынан табылған әйел қабірі неолит кезеңі тұрғындарының әдет-ғұрыптары туралы толық мәлемет береді.Мола аналық ру қоғамында ана үстемдігінің қандай дәрежеде болғандығын көрсетеді.Әйелдің мәйіті жартылай өртеліп,қалған денесі заттарымен бірге жерленген.Атап айтсақ,баскиімге таққан әшекейлері,орақ тәрізді қапсырмалары,жыртқыш аңдардың тістерінен және ұлу қауашағынан жасалған моншақтары,көптеген еңбек құралдары,құты тәрізді кішілеу үш ыдыс,т.б. қызыл жосамен юоялған бұйымдар кездеседі.Мұндай бұйымдарды қызыл жосамен бояу және адамды өртеп қою отқа,Күнге табынудың бір белгісі деуге болады. Энеолит лат. aeneus – мыс
гр. lіtos – тас б.з.д. 4-3 мыңжылдықтар Алғаш адамдар мысты кездейсоқ жағдайда тапқан.Олардың құрал жасайтын тым ірі,үлкен тастарды тұрақ-жайларына апаруы қиын болған.Содықтан одай тастың үстіне от жағып қыздырып,оған су құйған кезде тас шытынап,бөлшектенетін болған.Кейбір тастардың құрамындағы мыс,қорғасын,қалайы сияқты тез еритін металдар балқып,тастан ағып шыққан. Осыдан келіп адамдар мыстан құрал жасауды игере бастаған.Алайда мыстың жұмсақ болуына байланысты одан жасалған құралдар кейбір жағдайларда жарамсыз болды.Сондықтан мыстан жасалған құралдар тастан жасалған құралдарды тұрмыстан біржолата ығыстыра алмады.Сол себепті адам өмірінде мыс пен тастан жасалған құралдардың қатар жүру уақытын энеолит кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде саз балшықтан жасалған ыдыстар көбейді,олардың сыртана салынған өрнек дами түсті.Тұрғын үйлердің құрылыс жүйлері күрделеді. Энеолит- неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең. Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды. Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті «Ботай мәдениеті» деп атайды. Ботай энеолиттік қонысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұлақ өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-қа жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған. Өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген. Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра тізіп қойған. Ботайлықтар бүкіл еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылды. Бұл тек зерттелген аумақтардан шыққандары Ботайлықтар, негізінен, жылқы өсірген алғашқы бақташы тайпалар. Ботайлықтардың ерекше атауға тұратын ғұрыптарының ішінен адамның бас сүйегін балшықпен мумиялауды білгендігін, итті кие тұтып үйдің табалдырығының астына көмгендігін атауға болады. Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау өңірі. Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі — Еділ-Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі — б. з. д. 3—2-мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған Келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б. Бұл тұрақтардан ірі шақпақтас құралдар, оның ішінде тері өңдеуге көп пайдаланылған бүйірлі қырғыштар, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғылар табылды. Қыш ыдыстары саз балшыктан қолдан жасалған. Ыдыстардың көбінің түбі дөңгелек конус тәріздес, тұрқы жұмырткаға ұксас келеді. Ыдыстардың ернеуіне жаға тәріздес қалың жиекпен қатар тарақ жүзді өрнек салынған. Шебер тұрағынан кішкене металл біз табылды. Мұндай жекелеген металл заттар хвалын мәдениетіне жататын зираттардан да табылған. ОРЫНДАҒАН:
10"А" сыныбының оқушылары-
Попова Анастасия және
Қасымханова Арайлым
Full transcript