Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

No description
by

Dana Satay

on 1 February 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

Білім туралы заңға жалпы сипаттама
Заң құрылымындағы маңызды жаңалықтар дың бірі – педагогикалық қызметкердің мәртебесі туралы норманың енгізілуі. Бұрынғы заңда педагогикалық қызметкердің мәртебесі туралы бірде-бір сөз айтылмаған еді. Одан кейін білім саласын басқарудың мазмұны ашып көрсетілген. Онда білім беру саласындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік субъектілерінің құзыреттері жазылған. Заңның осы бөлігінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті жеке бап түрінде беріліп отыр.
Білім туралы заңға жалпы сипаттама
Білім беру қызметінің субъектілері, олардың құзыреттері, құқықтары, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналары, басқа да заңды өкілдерінің міндеттері мен жауапкершіліктері жеке тарауға бөлініп берілген.
Қорытынды
ҚР білім туралы заңы
Заңға қол қойылған күн: Астана. Ақорда. 2007ж. 27 шілде. №319-ІІІ ҚРЗ.

ҚР Білім туралы жаңа Заңы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жаңа заңның құрылымы білім беру саласын модернизациялауды жүзеге асырудың, оның академиялық мазмұнын жаңартудың, субъектілердің құқықтық ережелерін жақсартудың жалпы концептуалды бағыттарын толық қамтып тұр.
Бұл Заң Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

2-тарау.Білім беру жүйесін басқару
3-тарау. Білім беру жүйесі
ҚР-ның «Білім туралы» Заңының міндеттері
1)әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграцияға);

2)педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеруге;

3)сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге;

4)басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

ҚР-ның «Білім туралы» Заңына сәйкес Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру міндеті:
- білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
- оқыту технологиясын жетілдіру;
- білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы шешіледі.

Білім туралы заңға жалпы сипаттама
Ол республикадағы жетілдірілген жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың концептуалдық идеясына сәйкес құрылған. Білім беру қызметі іштей жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері құрылымға бағындырылған, қисындық сабақтастыққа сәйкес заңның мазмұнынан көрініс тапқан. Заң «білім беру жүйесі» ұғымы мен оны құрайтын білім беру деңгейлерінің анықтамасынан басталады. Одан әрі әр түрлі деңгейдегі оқу бағдарламалары арқылы білім берудің мазмұны ашылады. Келесі кезекте білім беруді ұйымдастыру, білім алушыларға қойылатын талаптар, қабылдау ережелері, оқу түрлері, білім берудің оқу, тәрбие, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс сияқты түрлі бағыттары сипатталады. Сондай-ақ білім беру деңгейлері мен оларға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының түрлеріне сипаттама беріледі.
1-тарау. Жалпы ережелер
2007 ж ҚР білім заңының ерекшеліктері
Бұрынғы заңда – 4 деңгей (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім) болса, жаңа заң – 7 деңгейден (бастауыш, негізгі орта білім, орта білімнен кейінгі білім сынды жаңа деңгейлер енгізіл ді) тұрады.
Білім беру мазмұнының өзі жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларын ғана емес, сондай-ақ білім берудің арнаулы, арнайыландырылған оқу бағдарламаларын, қосымша білім берудің оқу бағдарламалары мен ересектерге арналған бағдарламалардың да жүзеге асырылуын қарастырады.
Осылайша білім берудің парадигмасы «өмір бойына алған білімнен» қажеттілік пен мүмкіндікті сезінуге «бүкіл өмір бойы білім алуға» дейін өзгеріп отыр. Осы парадигмаға сәйкес білім берудің жаңа технологиялары мен әдістемелері, білімді өзгелерге жеткізу мен білім алушылардың уәжін дамытудың жаңа тәсілдері енгізіледі.
9-бап. 2. Меншiк нысандарына қарамастан барлық бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушылардың мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн бiлуiн, сондай-ақ бiлiм берудiң тиiстi деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес орыс тiлiн және шет тiлдерiнiң бiреуiн оқып-үйренуiн қамтамасыз етуге тиiс.
4-тарау. Білім беру мазмұны
13-бап. Бiлiм беру мазмұны - жеке адамның бiлiктiлiгi мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын бiлiм берудiң әрбiр деңгейi бойынша бiлiмдер жүйесi (кешенi).
5-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыру
36-бап. 2. Ғылыми және педагог кадрларды даярлау жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың магистратурасы мен докторантурасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша шет елдердiң жоғары оқу орындарына "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.
6-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері
7-тарау. Педагог қызметкердің мәртебесі
Педагог қызметкер:
1.Өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқытудағдыларын меңгеруге;
2.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талап тарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3.Білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4.Білім алушы лардың өмірлік дағдыларларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шы ғармашылық қабілеттерін дамытуға;
5.Өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашы лық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы же тілдіріп отыруға;
6.Бес жылда кемінде 1 рет аттестаттаудан өтуге;
7.Педагогтік әдеп нор маларын сақтауға;
8.Оқушылардың, тәрбие ленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.).
8-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу
9-тарау. Білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету
10-тарау. Білім беру саласындағы қалықаралық қызмет
3. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң:
1) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес сапалы бiлiм алуға;
3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
5) бiлiм беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
6) қайта қабылдануға және бiр оқу орнынан басқасына, бiр мамандықтан
басқасына немесе оқудың бiр нысанынан басқасына ауысуға;
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегiн пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк кешендермен және оқу-әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етiлуге;
10) өзiнiң пiкiрi мен сенiмiн еркiн бiлдiруге;
11) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;

3. Мемлекеттiк бақылаудың негiзгi түрлерi:
1) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау;
2) мемлекеттiк аралық бақылау;
3) Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын және бiлiм
беру қызметiн лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылау болып табылады.

1. Бiлiм берудi қаржыландыру жүйесi - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, басқа да кiрiс көздерiнiң жиынтығы.
2. Бiлiм берудi қаржыландыру жүйесi:
1) тиiмдiлiк пен нәтижелiлiк;
2) басымдық
3) айқындылық
4) жауаптылық
5) бюджеттердiң барлық деңгейлерiнiң ара жiгiн ажырату мен дербестiк принциптерiне негiзделедi.

2. Бiлiм беру ұйымының бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен
келiсiм бойынша өз жұмысының ерекшелiктерiне сәйкес шетелдiк бiлiм
беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және
қорлармен тiкелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екi жақтан
және көп жақты шарттар жасасуға, студенттер, магистранттар,
докторанттар, педагог және ғылыми қызметкерлер алмасудың халықаралық
бағдарламаларына қатысуға, бiлiм беру саласындағы халықаралық үкiметтiк
емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кiруге құқығы бар.

11-12-тараулар
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

2005-2010 жж. арналған ҚР "Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы"
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлігi
Мақсаты Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру,
жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерiн
қанағаттандыру үшiн Қазақстан
Республикасының 2010 жылға дейiнгi
Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары
негізiнде көп деңгейлi бiлiм берудiң ұлттық
жүйесiн жаңғырту

Күтiлетiн нәтижелер :
кәсiби мiндеттерiн дербес әрi шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсiби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсiнуге, оның нәтижелерi үшiн жауап беруге қабілетті кәсiби құзыреттi жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететiн бiлiм берудi басқарудың тиiмдi жүйесi құрылатын болады;
"баршаның ғұмыр бойы бiлiм алуы" қағидатын iске асыру қамтамасыз етiлетiн болады;
нәтижеге бағдарланған сапалы, бәсекеге қабілетті бiлiм алу үшiн жағдай жасалатын болады;
12 жылдық жалпы орта бiлiм беруге көшу жүзеге асырылады;
бiлiм берудiң барлық деңгейiне қол жетiмдiлiк пен сабақтастық қамтамасыз етiледi;
бiлiм берудi басқа да әлеуметтік салалармен және экономика салаларымен салыстырғанда озыңқы дамыту қамтамасыз етiледi;
мамандарды даярлаудың үш сатылы: бакалавриат-магистратура-докторантура моделiне көшу жүзеге асырылатын болады;
бiлiм берудiң барлық деңгейiн ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудiң тиiмдi жүйесi жасалады;
бiлiм беру жүйесiнiң бiрыңғай білім беру ақпараттық ортасы құрылады;
халықаралық статистикалық стандарттарға барабар бiлiм берудiң статистикалық көрсеткiштер жүйесi құрылады;
бiлiм беру жүйесiн дамытудың мониторингі және оны болжау жүйесi, бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi құрылады;
педагог қызметкерлердi мемлекеттік қолдау күшейтiледi және олардың еңбегін ынталандыру тетiктерi жетiлдiрiледi;
бiлiм берудi қаржыландырудың жаңа тетiктерi әзiрленедi;
кадрларды кәсiби даярлаудағы әлеуметтiк серіктестік үшiн жағдай жасалады;
бiлiм беру саласындағы ғылыми және инновациялық қызмет жандандырылатын болады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылымдалды. Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Мамандықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді.
 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 2005 жылғы 25710-нан 2010 жылы 35425-ке артты.      Білім саласын ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 18 оқушыға бір компьютерден келеді. 2005 жылы аталған көрсеткіш 41-ді құраған, оның ішінде 36-сы – ауылдық жерлерде.      Интернет желісіне мектептердің 98 %-ы қосылған, ауылдық жерлерде – 97 % (2005 жылы – тиісінше 75 % және 70 %). Мектептердің 34 %-ның кең жолақты интернетке шығуға мүмкіндігі бар.

Қорытынды
Орындағандар:

Изтурганов Алмас
Қанат Ерен
Қанат Өрен
Сатай Дана
Сартаева Гүлзада
Қасымова Перизат
2007ж ҚР «Білім туралы Заң»,
2005-2010 жж. арналған ҚР "Білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы"
Жоспар:
1. 2007 ж ҚР Білім туралы заңы
2. Білім туралы заңға жалпы сипаттама
3. Білім туралы заңның міндеттері
4. 2007 ж Білім заңының ерекшеліктері
5. ҚР Білім заңының тараулары
6. 2005-2010 жж. арналған ҚР "Білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы"
7. Қорытынды
Full transcript