Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

"Альтаир" мотелінің бизнес-жоспары

No description
by

Almagul Ayapbergen

on 24 November 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of "Альтаир" мотелінің бизнес-жоспары

"Альтаир" мотелінің бизнес-жоспары
designed by Péter Puklus for Prezi
Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағында мотель ашуды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін табыс табу болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерін тұтыншылар – жол бойымен өтетін саяхатшылар, сондай-ақ Бурабай курорттық аймағына демалуға келетін туристер болып табылады.
Қонақ үй ретінде 2-қабатты ғимарат салу, сондай-ақ қонақ үй бөлмелері мен кафе үшін жабдықтар сатып алу жоспарлануда.
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- жаңа жұмыс орнын құру, бұл тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді;
- туристерді қоса алғанда қонақ үй қызметтерін көрсету үшін жаңа мотель құру Ақмола облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.

Кіріспе
“Альтаир” мотелінің нақты міндеттері:

 Алғашқы бес жыл ішінде тарифті инфляцияны санамағанда жыл сайын 10 % -ға көтеріп отыру.
 Келушілерге жоғары сапалы қызмет көрсету үшін сенімді әрі жоғары квалификациялы мамандарды жинау.
 Қызметкерлерге және келушілерге жаңа технологияларды ұсыну.
 Бәсекелестерге қарағанда бөлмелердің толық коэффицентін жоғары ету.
 Барлық бөлімшелерде сату көлемін жыл сайын он пайызға өсіріп отыру.
Жоспардағы қызметкерлер саны – 25-30 адам. Заңды статусы – акционерлік қоғам. Жобаның сомасы – 197 000$.
Қызметтердің сипаттамасы
Қонақ үй кәсіпорнының негізгі функциясы клиенттерге уақытша тұратын орын ұсыну болып табылады.
Қонақ үйдің негізгі белгілері мыналар:
- номерлік қорлардың болуы;
- міндетті қызметтер жиынын көрсету (номерлерді, санитарлық тораптарды жинау, төмек-орынды күн сайын жаңарту, номерлерде қызмет көрсету);
- қосымша қызметтердің белгілі түр-түрлерінің болуы.

Өндірістік жоспар
Өндірістік процесті сипаттау:
1. Клиенттерді тіркеуден өткізу.
2. Төлемдер.
3. Орналастыру.
Қосымша қызметтер:
1. Мини-бар.
2. Бассейн.
3. Массаж кешені.
4. Конференц-зал.
5. Дем алу бөлмесі және тағы да басқалары.
Өндірістің жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш мөлшері
Стандарт номерлерінің саны 25
Толтырылуы 70%
Люкс номерлерінің саны 10
Толтырылуы 57%
Қонақ үй қызметтерінің жоспарлы бағасы

Кіріс баптары
1 номердің құны, теңге 17 000
Люкс номерінің құны, теңге 23 000
Маркетингтік жоспар
Қонақ үйдің делдалдары:
 Саяхаттау бюросының қызметкерлері, олар тұтынушыларға сатуды ұйымдастырады. Ол жалпы сатудың 20 пайызын құрайды.
 Қонақ үй бөлмелерін сату қызметкерлері. Олар келушілерді осы қонақ үйге бағыттайды, жалпы сатылым көлемінен 20 пайызды құрайды.
 Брондау жүйесі, әлеуетті клиенттер брондау жүйесіне жүгінеді, ол 30 пайызды құрайды.
 Жарнама. Тікелей жарнама жасау нарықтың қалған 30 алады. Жарнама газеттерде, журналдарда, сату бюллетендерінде орналастырылады.

Қонақ үйдің мақсаты Бурабай курорттық аймағына туристердің қызығушылығын арттыру және келуші туристердің санын көбейту болып табылады. Бұл орналастыру орны, бөлме, холл, дем алу залы, автотұрақ, жүзу бассейні, массажды кешен, конференц зал кіреді. Бөлме ішінде бірқатар қызмет түрлері көрсетіледі.
Техникалық жоспар
Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі қонақтарға қызмет көрсету ерекшеліктерімен және технологиясымен айқындалады.
Қонақ үй қызметін көрсетудің технологиялық процесі мыналарды қамтиды:
- қонақ үйге кіреберісте қарсы алу;
- қонақтың құжаттарын тіркеу, ресімдеу және орналастыру;
- номерде қызмет көрсету;
- тамақтану кезінде қызмет көрсету;
- мәдени сұранымдарды қанағаттандыру, спорт, сауықтыру және фитнес қызметін көрсету;
- кетуін ресімдеу, шығарып салу.
Жалпы алаңы 657 шаршы метр қонақ үйге арналған орын-жайды салу.
Қаржыландыру жоспары
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығысытар, $ :
Негізгі капиталға инвестициялар 185 000
Айналым капиталы 12 000
Барлығы 197000.
Жалпы мотельді салу құрылысына 117 000$.Үш бильярд столы 9000 $. Негізгі ас үйге және барға арналған құрылғылар мен ыдыстар 25000 $. Қауіпсіздікке арналған құрылғылар 2000 $. Офис құрылғылары 4000 $, жиһаздар, ашылуға кететін шығын көлемі 40 000 $.
Кредиттеу шарттары
Кредит валютасы, теңге
Пайыздық ставка, жылдық 12%
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу ай сайын
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай. 9
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай. 9
Негізгі борышты өтеу түрі тең үлестермен

Кредит басында жіберілген қабылданған олқылықтарға сәйкес толық көлемінде 2018 жылы өтеледі.
Жобаның тиімділігі
Ақша қаражаты қозғалысының есебі нақты ақша ағынын, яғни қолма-қол ақша ағыны (нақты ақша ағынын) мен төлемдерді (нақты ақшаның кетуін) көрсетіп отыр. Есеп 3 бөлімнен тұрады:
• операциялық қызмет ;
• инвестициялық қызмет ;
• қаржы қызметі .
Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер
Әлеуметтік-экономикалық мәні
Жобаны іске асыру кезінде:
• жұмысшылардың тұрақты табыс алуға мүмкіндік беретін жаңа жұмыс орнын ашу;
• қонақ үй қызметін көрсететін жаңа кәсіпорын ашу;
• Ақмола облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі міндеттрін (6 жылда 110 млн. теңгеден астам) шешу қарастырылған.
Қоршаған ортаға әсер
Жобаның идеясы мотельді ашу кезінде (жол бойындағы қонақ үй) қоршаған ортаға қандай да бір түбірлі өзгеріс жасамайды.
Қатты және сүйық тұрмыстық қалдықтарды үнемі және уақтылы шығарып тұрған кезде қоршаған орта ластанбайды.
Full transcript