Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Ежелгі Үнді мәдениеті

No description
by

Aktilek Yeleussinova

on 25 October 2013

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Ежелгі Үнді мәдениеті

Ежелгі Үнді мәдениеті
Step 3
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы.
Ерекшеліктері
дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде.
адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Мысалы, «миманса» — діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды.
дүниені материалистік түрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойындаудың мәні жойылады.
Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді.
«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. XIX ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал XX ғ. Р. Тагор, тіпті мемлекет қайраткері Д. Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстырады. Бұл күйді Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғырады.
«Санкхья» материалдық дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәуелсіздік жағдайында өмір сүреді, бірақ еш нәрседен бейхабар күйде болады. Рухани дүниенің енжарлығы басым, бірақ бұл жерде саналылық басымдылық танытады. Ендеше, материя мен рухты, яғни «соқыр» мен «ақсақтың» бастарын біріктірсе олардың бойындағы кемшіліктер мүлде жойылады, сөйтіп бүл дүниеде жаңа құбылыстар пайда болады, адам бейнесі қалыптасады. Оның тәндік болмысына қайғы-қасіреттер жазылған, ал одан арылу үшін руханилылық мате- риалдықтан бөлінуі шарт.
Брахманизмде о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бүл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс-әрекеттеріне байланысты. Ендеше, бүл дүниеде күнәкар болғандар, атап айтқанда: адам өлтірушілер — жыртқыш аңдарға, ет үрлаушылар — қаршыға- ға, астық үрлаушылар — сабауқұйрыққа, брахманды өлтірушілер — ит пен есекке, ал маскүнемдікке салынған немесе үрлық жасаған брахманның өзі де сарыбас жыланға айналады. Брах- мандарды сыйлап-құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін-өзі үстай білуі, мейірімді бола білу және т.б. қасиеттер қоғамның әрбір мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады.
«Ньяя» логика зандарына сүйенеді, оны үғынып-білу — адамның жан дүниесін тазартуға себепкер болатын ой-пікірлердің қалыптасуына көмектеседі. Ньяя негізінен брахманизмнің соң- ғы жүйесі — вайшешикаға жақын болып келеді. «Вайшешика» адам өміріне пайдалы шындықтың алты түрін көрсетеді (субстанция, сапалылық, іс-қимыл (карма), жалпылық, ерекшелік мәнділік). Вайшешика бойынша, физикалық дүние атомдардан түрады жөне ол мәңгілік болып саналады. Бірақ физикалық дүние атомдардан түрғанымен, оның басты қозғаушы күші карма заңдарына сәйкес әрекет ететін құдай болып саналады.
Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.
өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу — азап, қартаю — азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу — азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап, көздеген мақсатыңа жете алмау — азап.
адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту
«Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады».
дін Үндістан мен Қытайда, Тибет пен Жапонияда, Непал мен Тайландта, Цейлон мен Вьетнамда, Монғолия мен Комбоджада кеңінен тарады
Будда дінінің кеңінен таралуы жағдайында оның екі тармағы өмірге келді. Оның біріншісі — махаяна, Бирма мен Тайландта, ал екінші тармағы — хинаяна Цейлонда қалыптасты. Махаянаның қалыптасып, дамуына ерекше еңбек сіңірген Нагарджуна болды.
Дхарма — будда дініндегі моральдық заңның басты бөлігі болып есептеледі. Үнділердің қасиетті кітаптарында (смрити) дхарманың тізімі, яғни түрлі касталардың міндеттері мен функ- циялары атап көрсетілген. Касталық жүйеде бүл парыз- міндеттерден ауытқуға жол берілмейді.
Вишну — адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адам- дарды зұлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп- қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап оты- рады. Ал оны жүзеге асырушы Будда. Сөйтіп Будданың беделі көтеріліп, құдай дәрежесіне жеткізілді.
Шива — қатал да, қорқынышты құдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында — бас сүйектер. Шива — өнер мен ғылымның, салтанатты өмір мен махаббат сайранының құдайы. Үнді халқының санасындағы құдайлардың басқа діндердегі (христиан, ислам) құдайлардан басты айырмашылығы — олардың Жер бетіндегі тіршіліктің қайнаған ортасында болуы және оған белсене араласуы болып саналады. Вишнудің әйелі Лакшми әсемдік пен бақыт құдайы, ал Шиваның әйелі Кали қырып- жою мен өлім құдайы.
будда дінінің діни-адамгершілік қағидалары
“Махабхарата” (санскритше “ұлы Бхарата туралы аңыз”) — үнді халқының эпосы. Үндістанның солт. және солт.-батыс тайпаларына ауызша тараған аңыздар мен жырлардың негізінде құралған. Оның шығу тарихы б.з.б. 2 ғ-дың 2-жартысынан басталады. Қазіргі нұсқасы б.з. 1 ғ-ында қалыптасқан. “М-ның” бастапқы мәтіні (25 мың жолға жуық) бірнеше рет толықтырылып, өңделген. Эпос алғаш пракрит, кейінірек санскрит тілінде жырланған. Жырға Хастинапураны (қазіргі Дели қ.) билеу үшін таласқан екі тайпа мен олардың одақтастары арасындағы қырғын соғыс арқау болған. “М.” 18 кітаптан және көлемі үлкен бірнеше кіріспе жырлардан, негізгі сюжетпен тығыз байланысты фольклорлық сипаттағы “Чакунтале туралы хикая”, “Рама туралы жыр”, “Матсья туралы хикая”, “Шиви патша туралы хикая”, “Нала туралы жыр”, “Савитри туралы хикая” атты аңыздардан, кітапқа кейінірек енген “Бхагавадгита” дастанынан құралған.
“Рамаяна”[1] — үндінің көне эпосы, қасиетті кітабы. Жырдың ауызша және жазбаша дамыған әдеби үлгілері сақталған. Жазба үлгінің авторы ретінде Вальмики аталғанымен, ғылымда бұл мәселе туралы екі ұдай пікір бар. Вальмики жыр оқиғаларын көзімен көрген куәгер ретінде баяндайды. Зерттеушілердің көбі Вальмики көне жырдың бір нұсқасын жазбаға түсірген адам деген пікірді қостайды. “Р.” шамамен 545 саргрис, яғни 24000 (екі жолдық) өлең жолдарынан құралған. Әр жырда 44 бәйіт, жиырма жырда 880 бәйіт бар, олар бір күнде орындалатын болған.
Full transcript