Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

No description
by

A Sonya

on 12 May 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚҰҚЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

Халықаралық құқық - бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.
Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:
а) мемлекеттер арасындағы қатынастар;
б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар.
Халықаралық құқықтың нормалары, ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын. Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.
Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық қатынастар:
а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;
б) халықаралық ұйымдар арасындағы;
в) бір жағынан мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке және заңды тұлғалар арасындағы;
г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.
Халықаралық бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық жеке құқық – мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар) арасындағы халықаралық жобадағы жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық, отбасы-неке сұрақтары) бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық құқықта мынадай салалар қалыптасқан:
1) Халықаралық құқық субъектілік құқық;
2) Халықаралық ұйымдар құқығы;
3) Халықаралық гуманитарлық құқық;
4) Халықаралық теңіз құқығы;
5) Халықаралық әуе құқығы;
6) Халықаралық ғарыш құқығы;
7) Халықаралық атом құқығы;
8) Халықаралық экономикалық құқық;
9) Халықаралық қылмыспен күрес құқығы;
10) Халықаралық келісімшарт құқығы;
11) Халықаралық қоршаған ортаны қорғау құқығы;
12) Халықаралық қауіпсіздік құқығы.
Халықаралық жеке құқық – мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар) арасындағы халықаралық жобадағы жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық, отбасы-неке сұрақтары) бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық құқық – бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. ғылым және оқу пәні болып табылады.
Халықаралық құқық құқық жүйесі ретінде барлық мемлекеттердің, барлық адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық құқық ғылымы барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте өзінің халықаралық құқық ғылымы болады, мысалы, халықаралық құқықтың қазақстандық ғылымы.
Халықаралық құқық, кез келген мемлекеттің ұлттық құқығы сияқты салаларға бөлінеді. Халықаралық құқықтың салалары халықаралық қатынастардың белгілі бір тобын реттейді және халықаралық –құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы, Халықаралық қауіпсіздік құқық саласы халықаралық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қатынастарды реттейді; халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді.
Халықаралық-құқықтық институт – бұл халықаралық қатынастардың түрін реттейтін халықаралық нормалардың жиынтығы, мысалы, халықаралық гуманитарлық құқықтағы - азаматтық институт, халықаралық келісімшарт құқығындағы - келісімшарттың жарамдылығы институты.
Халықаралық құқық халықаралық қатынастарда үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады.
Үйлестіруші қызметінің мазмұны – мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір мінез-құлық стандарттарын белгілейді.
Реттеуші қызмет – белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.
Қорғаушы қызмет – мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.Халықаралық құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан айырмашылығы бар.
Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия – сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы, ал сыртқы саясат – бұл өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.
Халықаралық құқықтың қайнар көздері – бұл халықаралық -құқықтық нормаларды көрсететін формалар.
Оның 4 түрі бар:
1) Халықаралық келісімшарт;
2) Халықаралық құқықтық әдет – ғұрыптар;
3) Халықаралық конференциялар мен мәжілістердің Қорытынды Актілері;
4) Халықаралық ұйымдардың резолюциялары.
Халықаралық құқықтың субъектісі – халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы. Халықаралық құқықтың субьектісі - субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары.
Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады:
1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады;
2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар.
Халықаралық құқықтың субьектілерінің ішкі мемлекеттік құқықтың субьектілерінен ажырататын белгілері болады:
1) Халықаралық құқықтық нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы;
2) Ұжымдық құрылым болып табылады (мемлекет билік және басқару аппарат; күресуші халық - ел ішінде және халықаралық қатынастарда оны білдіретін - саяси орган. Халықаралық ұйымдар - тұрақты әрекет ететін органдары; биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруда халықаралық- құқықтың субьектілері салыстырмалы түрде тәуелсіз және бір-біріне бағытынышты емес. Әрқайсысының өзінің халықаралық мәртебесі бар және халықаралық қатынастарға өз атынан қатысады);
3) Халықаралық нормаларды әзірлеуде және қабылдауда қатысатын қабілеттілігі бар. Келісімшарттың құқық-әрекет қабілеттілік халықаралық құқық субьектіліктің маңызды элементі. Халықаралық құқықтың субьектілері халықаралық-құқықтық нормалардың адресаттары ғана емес, сондай-ақ оларды шығаратын (тудыру, құрастыру) тұлғалар болып табылады. Халықаралық құқықтың субьектілері – сонымен бір уақытта халықаралық құқықтың саласы – халықаралық келісімшарт құқығының субьектілері болып табылады.
Халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық- құқықтық нормалар көрсетілген конференциялардың және мәжілістердің актілері болып табылады. Мысалы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық мәжілістің құжаттары; Веналық қорытынды құжат, 1989 ж., 1990 ж Копенгагенде болған мәжілістің құжаты, 1986 ж. Стокгольмде болған қорытынды құжат.
Барлық осы құжаттарда халқаралық құқықтың субъектілерінде мінез-құлық ережелері бар. Мысалы, ЕҚЫҰ –ның қорытынды актісі халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ережелерін дамытты, Европадағы сенімділікті нығайту шараларын белгііледі, ЕҚЫҰ –ның Стокгольмдік документі сенімділік шараларының қатарын қатарын кеңейтті.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының жоғары сотының қаулысына сәйкес «Конституциялық заңды іс жүзіне енгізу тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет туралы» Қазақстан Республикасының сәйкес заңнамалары мен басқа да нормативті актілер қабылдағанға дейін СССР-дің заңнамаларының нормалары қолданылуы мүмкін, себебі, олар Қазақстан Республикасының заңнамаларына және басқа актілеріне қайшы келмейді.
Келісімшартты нормативті актілерден мына ерекшеліктерімен ажыратылады:
1) Келісімшартпен қарастырылатын мінез-құлық тәртіп ережесін тек қана оның қатысушылары орындауға міндетті;
2) Келісімшарт тең құқылық мүмкіндіктері бар субъектілер арасында қалыптасқан қатынастарды реттейді.
Full transcript