Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Тұщы су сарқылуы

No description
by

Amankossova Nazerke

on 7 April 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Тұщы су сарқылуы

Қазақстанда су тапшылығы 20 пайызды құрайды - Н. Қаппаров
Су тапшылығы экономикалық және саяси маңызды мәселеге айналды.
Еліміздің мамандары 2030 жылға қарай халықаралық кикілжіңдер осы мәселе төңірегінде туындап, бұрын мемлекеттер мұнай үшін таласса, енді суға да соғысуы мүмкін дегенді айтып отыр. Еліміз су тапшы мемлекеттердің бірі. Тіпті алдағы жылдарда шекарааралық су айдындарына деген мұқтаждық арта түсетіні де бүгінде айқын болып отыр.
Бұл туралы жуырда «Қазақстанда жасыл экономика құру» конференциясында еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың өзі «Қазақстанда 2050 жылға қарай су тапшылығы үш есе артуы мүмкін» деген болжамды айтқан болатын. Сол конференцияда қазірдің өзінде трансшекаралық суларға тәуелді болып отырған еліміз болашақта су тапшылығын бастан өткеріп отырғаны туралы ашық айтылды. Көршілес елдерден тұтынып отырған суды сол көршілес елдер керегіне тұтыну себепті біздің елімізге келетін судың да қоры болашақта азая беретін болады.
ҚР Президенті Н.Назарбаев қолда¬ған «Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған тұрақты дамуы¬на өту Тұжырымдамасын» іс жүзіне асыру үрдістерінің маңызды бір шарты республикадағы саяси тұрақтылық пен қоғамды зайырландырумен қатар, экономиканы дамытуды ресурстық қамтамасыз ету болып табылады. Неғұрлым маңызды ресурстардың бірі – бұл су ресурстары.

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат
- Қазіргі таңда қазақстандағы су тапшылығы 20 пайызды құрайды. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осылай мәлім етті. «Жердің құнарлылығы, су және биологиялық ресурстар қысқаруда, орман, тау және басқа экожүйелер бұдан әрі азып-тозу үстінде. Тұщы су тапшылығы бүкіл әлемде қарқындап өсуде. Әсіресе, халық санының өсуіне, судың басқа арнаға бұрылуына, сондай-ақ мұздықтардың еруіне, құрғақшылыққа, жердің азып-тозу үдерісінің артуына байланысты Орталық Азия елдерінде сумен қамсыздандыру өзекті проблемаға айналуда. Ал елімізге келетін болсақ, қазіргі таңда Қазақстанда су тапшылығы 20 пайызды құрайды. Бұдан әрі тұтынудың артуына және климат өзгеруіне байланысты су тапшылығы тек арта түспек», - дейді министр.
1 бет
Дүйсенбі, 7 Сәуір, 2014
Vol XCIII, No. 311
Тұщы су тапшылығы – маңызды мәселе
Су… Жер шарының үштен бірі судан құралса да, ауыз су тапшы. Мамандар әлемдегі орасан зор су қорының тек бір пайызы ғана ішуге жарамды екенін айтады. Араб елдерінің кейбірі көрші мемлекеттен ауыз су тасиды
Халықаралық экономистер мен саясатшылар болашақта тек мұнай мен газ ғана емес, ауыз судың әлемдік рынокта басты тауарға айналатынын болжап отыр. Қазақстанға 55 пайыздан артық су қоры шетелдерден бастау алатын өзендерден келеді. «Арғы бет» әуелі су көздерін өз қажеттеріне жаратып, сарқындысын бізге қарай жібереді. Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың келешекте ауыз су проблемасы ұлттық қауіпсіздік деңгейіне дейін көтеріледі дейтіні сондықтан. Себебі, 2050 жылға қарай су тапшылығы 3 есе өсуі мүмкін. Қазақстан географиялық орналасуы жөнінен су көздері жеткіліксіз елге жатады. Оқымыстылар болса, 2020 жылға қарай өзен суларының 30 пайызға азаятынын болжап отыр.
Қарағанды облысындағы Нұра және Сарысу өзендерінің арнасы орталай түсті. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына келіп, су аяғы Құрдымға кететін, басын Жезқазған жағынан алатын Торғай өзені бес жыл бойы тасымай, Тәуіп және Жайсаңбай селолық округтерімен өтетін арнасы кеуіп, табанының топырағы бұрқырап жатыр.
Биыл Ырғыз өзені де толыққан жоқ. Бұрынғы Нұра кеңшарының тұрғындары бұдан бір-екі жыл бұрын келген судың қалғанына малдарын суарса, Штаб, Мамыр және Дүкен елді мекендеріне ауыз су машинамен тасылып жеткізіледі. Мемлекет басшысы шалғайдағы жайылымдарды суландырып, мал шаруашылығын дамытуға тапсырма берді.

Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат. Бірақ әлем халқының саны көбейіп, экология мәселесі туындаған сайын таза су тапшылығы да байқала бастады.
Бұл, әсіресе, қазіргі күнде Орта Азия елдеріне қауіп төндіріп тұрған өзекті мәселе екені де ащы шындық.
Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болады. Таза су ішпеген адамнан дені сау ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз күн көру мүмкін емес, оны бәріміp білеміз.
Адамзатқа алдағы бес-он жылдың ішінде бір амалын таппаса, судың сұрауы қымбатқа түсейін деп тұр. Ішуге жарамды таза су жер қойнауынан шығатын басқа да пайдалы қазбалар сияқты бағалы және шектеулі ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай, жүйелі түрде пайдаланған дұрыс. Жер асты су қорын мен “нәзік ресурс” деп айтар едім. Олай дейтінім, қазіргі техниканың, ғылымның өркендеген заманында таза суды оңай құртып немесе бүлдіріп алуға болады. Қазіргі кезде қоршаған ортаға, соның ішінде жер асты суының бүлінуіне, құрып кетуіне табиғи және техногендік процестер зор ықпал етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы жер асты сулары уран өндірудің технологиясына байланысты бүлініп, жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізуде. Өскемен қаласындағы зауыттардың бірінен кезінде далаға ағып, жерге сіңіп кеткен жүздеген тонна сынап қазір жылжып, Ертіс өзенінің арнасына жақындап қалды. Егер бұның алдын алып, шара қолданбаса, сынап өзеннің суына қосылады да, төменгі ағыстағы елді мекендерге орасан зиян келтіріп, шығынға батырады. Бұл жерде адамдар өз қолдарымен табиғи таза суды жарамсыз етіп отыр.
ХХІ ғасырда басты стратегиялық ресурс мұнай емес, тұщы су болмақ. Парсы шығанағындағы әміршіліктерінің тұрғындары қазірдің өзінде шикі мұнайды литрлеп, басқа-бас ауыстыратын болса, ұтымды сауда жасадым деп қуанады. БҰҰ-ның болжамдары бойынша, жер бетіндегі тұщы судың жетіспеушілігі, атмосфераның глобалды жылуынан да көп проблема туғызуы мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде
1,1 млрд
жуық адам тұщы суды емін-еркін пайдалануға қолы жетпей жүрсе, 2030 жылдарға таман жер бетінің
2,7 млрд
тұрғыны ауыз су тапшылығынан қатты қиналатын болады. Осы күннің өзінде кейбір қыс болмайтын, экватордың маңайындағы елдерді су тапшылығы экономикалық жағынан титықтатып, кедейшілікке, саяси тұрақсыздыққа итермелеп отыр. Осындай себептерден келіп, бұрыннан тату отырған көршілес мемлекеттердің бір-біріне көз алартулары шығады.
Созақ жерінде сонау жетпісінші жылдардан бері уран өндіріледі. Уранды жер қойнауынан алу үшін алдымен, қышқылды сумен араластырып ерітіп барып, уранды жоғарыға сорып шығарады.
Отыз жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп жатқан уран өндірісінде талай апаттар болды. Жұмыс барысында техникалар істен шығады немесе уранды тасымалдау кезінде әр түрлі ақаулар шығуы мүмкін. Кейде уран қосылған сұйық ерітінділер жер асты суларына қосылады да, ауыз судың құрамы уранмен уланады.
Аудан аумағында малмен күндерін көріп отырған қазақтар радиоактивті су ішіп отыр. Салыстырып қарасақ, олардың жағдайы Семей полигоны маңайында тұратындардан да жаман. Мемлекеттің бірінші байлығы – халық, не істелсе де, не нәрсе өндірілсе де, адамның, халықтың игілігі үшін істелуге тиіс. Сондықтан, алдымен Созақтағы 5 мың халықты экологиясы бүлінбеген басқа аймаққа көшіріп барып, уран байытуды әрі қарай жалғастыру керек деп ойлаймын.
Дүние жүзінде жыл сайын шамамен 5 миллион адам ауыз сумен тарайтын әр түрлі аурулардан көз жұмады екен. Бұл әлемнің шартарабында болып жатқан соғыстар мен қақтығыстарда қаза болғандардың санынан 10 есе көп, сондықтан ауыз су мәселесіне ат үсті қарауға болмайды. Республикамызға гидрологиямен тікелей айналысатын, оның жұмыстарын үйлестіріп, жүйелі түрде жұмыс істейтін мемлекеттік құрылым керек.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайын ресми сөйлеген сөздерінде, халыққа арнаған Жолдауларында ел экономикасының дамуында, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда сапалы сумен қамтамасыз етудің алатын орны және оны тиімді пайдалану ісін жетілдірудің мәні зор екенін үнемі айтып келеді. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында да бұл мәселеге ерекше тоқтала келе, ХХІ ғасырдың он жаhандық сын-қатері, ол – судың тым тапшылығы. Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр.
Full transcript