Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Қазақстандық химиктер

No description
by

Linksys KZ

on 3 April 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Қазақстандық химиктер

Қазақстанның химик ғалымдары
Батырбек Ахметұлы Бірімжанов
Негізгі ғылыми еңбектері табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарына, тыңайтқыштар химиясына арналған. Бірімжанов құрлықтық тұз түзілу теориясын, Қаратау және Ақтөбе фосфориттерінен концентрленген тыңайтқыш алудың технология схемасын, фосфор және бор қышқылдарын тазарту жолдарын ұсынған; күрделі тұздарды синтездеу, еркін конвекция жағдайыңда қатты денелердің еру жылдамдығын анықтау әдістерін тапты; мирабилитті «күн қазанында» тенардиттеу, шахта пешінде күкіртті натрий өндірудің үздіксіз тәсілдерін, ультрадыбысты пайдаланып экспресс-әдісі анализін өндіріске енгізді. Ленин орденімен, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Техника ғылымдарының докторы (1945)
Профессор (1946),
Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946)
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945)
Қазақстанның химик ғалымдары
Қазақстандық химик ғалымдар
Қазақстандық химик ғалымдар - Қазақстанда химия ғылымының дамуына аянбай еңбек сіңіріп, аттары әйгілі болған ғалымдар көп. Солардың ішінен Е. Н. Өзірбаев, Ә. Б. Бектұров, Б. А. Бірімжанов, М. А. Горяев, М. Т. Козловский, С. Р. Рафиков, Д. В. Сокольский, О. А. Сонгина, М. И. Усанович, Т. К. Шомбалов, Ш. Б. Батталова, Б. А. Жұбанов, Е. Е. Ерғожин, Г. Д. Закүнбаева, А. Ш. Шәріпқанов, т. б. химия ғылымы докторларының осы ғылым саласына қосқан үлесі зор. Қазақ тілінде жоғары оқу орындарына арналған тұңғыш оқулықтар, оқу құралдары және орысша-қазақша сөздіктер жазған химик-ғалымдар: К. Аханбаев, Б. А. Бірімжанов, И. Нұғыманов, Ш. Ш. Шаяхметов, Н. Н. Нұрахметов, Ж. Ө. Шоқыбаев, X. Д. Молдағалиев, С. Т. Омаров, т. б.
Надир Каримұлы Надиров
Ал Қазақстанда мұнай өнімдерін өңдеу, мұнайды крекингілеу мәселесінде Надир Каримұлы Надировтың сіңірген еңбегі зор. Н. К. Надиров - Қазақстан Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, Қазақ ССР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері. Батыс Қазақстанда мұнай фракцияларын өзгертіп, мұнай әнімдерін жаңарту, крекингіні кешенді зерттеу Н. К. Надиров еңбектерінің негізгі бағыты болып саналады.
Фитохимия институтының ғалымдары (А. Әдекенов, т. б.) қазіргі кезде табиғи өсімдіктерден дәрі жасау, олардың экологиялық тиімділігі мен сіңімділігінің жоғары екенін ескеріп, көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 20 түрлі фитопрепараттар дайындалды, оның ішінде ісікке карсы - «Арглабин», жараға - «Биалм», «Алхидин», «Глидеринин», кабынуға - «Аллапинин», т. б. ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы - пестицидтер шығарып, өнімін фармакология, медицина, ауыл шаруашылықтарына ұсынды.

Сокольский Дмитрий Владимирович
Қазақстан ҒА-ның академигі (1951), Қазақ КСР-інің ғылым қайраткері (1960). Социалистік Еңбек Ері (1969).Қазақстандағы катализдік химия ғылымы мектебін ұйымдастырған (1945 – 1971). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1934), аспирантурасын (1937) бітірген. 1937 – 1942 ж. қазіргі Қазақ ҰУ-де ғылыми қызметкер, 1945 – 1948 ж. Қазақстан ҒА-ның Химия ғылымдары институты директорының орынбасары, 1951 – 1954 ж Қазақстан ҒА-нда ғалым-хатшы.
Гауһар Дәуленқызы Зақұмбаева
1932 жылы 1 қаңтарда Шымкентқаласында туған. Қазақ. Әкесі - Неталиев Дәулен Нетәліұлы, марқұм, ҰОС қатысқан, инженер болып жұмыс істеген. Анасы - Неталиева Марфуға Себғатқызы, марқұм.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген (1954), химик, катализ саласының маманы. Химия ғылымдарының кандидаты (1961), докторы (1971). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Кезеңдік жүйенің VIII тобы металдарының адсорбциялық және катализдік қасиеттерін зерттеу». Профессор (1972). ҚР ҒА академигі (1994).

Жұбанов Болат Ахметұлы
Ғалым, химия ғылым докторы,профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Мәскеу химия-технология институтын және оның аспирантурасын бітірген. 1955 – 56 жылдарын КСРО Ғылым Академиясының Элементорганикалық қосылыстар институтының кіші ғылым қызметкері, 1956 – 68 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтының кіші, аға ғылым қызметкері, директоры, 1972 – 94 жылы Қазақстан Ғылым Академиясыныңның Химия-технология ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы, 1963 – 69 жылдары ҚазМУ-дің жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының ұйымдастырушысы және меңгерушісі әрі профессоры болды. 1969 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтының полимерлер синтездеу лабараториясының меңгерушісі.
Бектұров Әбікен Бектұрұлы
Омбы ауыл шаруашылық институтынтын (1931), Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1935) бітірген. 1935—1960 ж. ҚазМУ-де оқытушы, декан, 1946—1968 ж. Химия ғылымдары институтының директоры, 1968—1985 ж. сол институттың бейорганикалық синтез зертханасын және бейорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-хатшысы болды (1968 — 1985). Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Ленин, “Октябрь революциясы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдермен марапатталған. 1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институтыБектұровтың есімімен аталады.
Химия ғылымының докторы (1966 жылы), профессор (1965 жылы), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденциясы мүшесі (1970 жылы), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері(1968 жылы). Қазақ Педагогикалық Институтты (1932 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті), Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1939 жылы)бітірген. 1934 жылдан Қазақ Мемлекеттік Университетінде (қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1954–80 жылдары) болды.«Физико-химия процессов образования солей Прибалхашья и их использования» деген тақырыпта докторы диссертация қорғаған.
(1929 жылы туылған, Ақтөбе облысы, Темір ауданы 9-а.)
Бектұров Әбікен Бектұрұлы
(1901 ж. Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған
Михаил Тихонович Козловский
Химияғылымының докторы (1952) профессор (1953), Қазақстан ҒА-ның академигі (1962).
• 1953 - Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргенғылыми қайраткері.
• 1926 - Одесса химия-технологиялық институтын бітірген.
• 1926-1939 - Одесса сот сараптамасы институтында кіші,
аға ғылыми қызметкер,
• 1939-1971 - ҚазМУ-де (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, декан,
ғылыми жұмыстар бойынша проректор (1939–71) болып қызмет істеді.

Сонымен бірге 1964 жылдан Қазақстан ҒА Төралқасының мүшесі және химия-технология ғылымдары бөлімшесінің академигі-хатшысы болды. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары сынап катодын электролизде пайдалануға, күшәла (мышьяк) қосылыстарын сынап катодында тотықсыздандыруға арналған. Козловский сынап және амальгама электродтарын қоспадағы металдарды бір-бірінен ажыратуға пайдаланды. 1950 жылдан амальгама химиясы мен амальгамалық металлургия деген жаңа ғылыми бағыттарды зерттеп, оның негізін қалады. Кейінамальгамалық металлургия әдісі тазалығы жоғары металдар (мысалы, висмутты) алуға қолданылды. Бұл жұмыстар өндірістік сынақтан өтіп,Шымкент қорғасын зауытына енгізілді. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Full transcript