Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Инклюзивті білім беру бойынша халықаралық тәжірибелер, заңна

No description
by

Aru Baitishova

on 18 September 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Инклюзивті білім беру бойынша халықаралық тәжірибелер, заңна

Инклюзив сөзі
− латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім берудің мақсаты:
даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивтік білім беруді дамытудағы басты бағыт
− дамудағы ауытқуларға ерте араласу − жеткіліксіз дамуда. Бүлдіршін жастағы балаларды түзету- педагогикалық көмекпен қамтудың төмендігі дамуында ауытқуы бар балаларды оңалтудың тиімділігіне кері әсерін тигізіп отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды сүйемелдеу бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін (ППТК) ашу қажеттілігі 54 бірлікті құрайды. Психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттерінің ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды түзету көмегімен қамтуы жеткіліксіз (10-нан 40 %-ға дейін).
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты − бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау. Жоғарыда көрсетілген мәселелер мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруде әдістемелік ұсынымды әзірлеуге түрткі болды.


Әдістемелік ұсынымның мақсаты:

инклюзивтік білім беру кезінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасының қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік ортаны бейімдеу;
- мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық
- педагогикалық қолдау үшін пункттер құру;
- мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру болып табылады.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:

Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ


Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90-жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді.

Франция.
Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған.
Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада орындалуда:
1. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан бейімдеу орталығына барады.
2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек ретінде мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады.
3. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамуында кешігушілік бар балалар). Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы балалармен дайындалады.
4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына бірігіп қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу.
АҚШ.
АҚШ-тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар бар:
«негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу».
Бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда.
«Негізгі бағыт»
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан, оларды әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді.
«Жалпы білім беру инициативасы»
- бұл АҚШ-тың білім департаментінің арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы – дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.
«Енгізу»
моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады.
Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді.
Ата-анасы баласының оқу мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арнайы білім алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ ШОЛУ

Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген.
Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген. Республикада 2375 бала үшін 166 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, бұл анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 14%-ын құрайды.
Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша мен жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 5879 баланы құрайды. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі − ППТК) түзету- педагогикалық қолдау көрсету көзделген. Республиканың жұмыс істеп тұрған 129 ППТК-де негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетіледі. Даму мүмкіндіктері шектеулі 43811 баланың 15244-і мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.
2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:
• мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;
• мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
• мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді;
• 2020 жылға қарай білім беру ұйымдарында мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады;
• мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалды (педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы);
• Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.
Осылайша, Қазақстан Республикасында 2020 жылға қарай инклюзивті білім жүйесі енгізеледі; инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан 70%-ға ұлғаяды; мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізуді» жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан – 20%; инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады.
Бүгінгі таңда елімізде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар саны 138,5 мыңды құрайды. Ол жалпы бала санының 2,8% құрайды. Оның ішінде 44 мың 773 мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар.
2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық- техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал-жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалынуда.
Осы аталған міндеттер шешімін табу үшін, сөз жоқ білікті маман қажет, сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік, дағды қалыптастыру керек.

Ресей.
1991 жылдың күзінен бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996 жылының 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді.
Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер; «Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту.

Швеция.
Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан.

Шығармашылық жоба тақырыбы: "Инклюзивті білім беру бойынша халықаралық тәжірибелер,заңнамалар,саясат тәжірибелер"

Дайындағандар:
Шамшадиева Толғанай
Байтишова Ару
Телипова Нағима
Жыңғылбаева Қырмызы
Бокаева Амангүл


Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, «мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады » - деген болатын. Бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру – білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады.

Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивтік білім беруді дамытудағы басты бағыт − дамудағы ауытқуларға ерте араласу − жеткіліксіз дамуда. Бүлдіршін жастағы балаларды түзету- педагогикалық көмекпен қамтудың төмендігі дамуында ауытқуы бар балаларды оңалтудың тиімділігіне кері әсерін тигізіп отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды сүйемелдеу бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін (ППТК) ашу қажеттілігі 54 бірлікті құрайды. Психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттерінің ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды түзету көмегімен қамтуы жеткіліксіз (10-нан 40 %-ға дейін).
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты − бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау. Жоғарыда көрсетілген мәселелер мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруде әдістемелік ұсынымды әзірлеуге түрткі болды.


Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар
• Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.
• Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.
• Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.
• Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.
• Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы.
• Инклюзивті білім берудің көп аспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.
• Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау;
• Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.
• Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.
• Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.
• Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.
• Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау.
• Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата-анасын қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым-қатынас қалыптастыру.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.


МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.
Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы, мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі – біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек. Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы.
Жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу сабақта және сабақтан тыс уақыттардағы ұйымдастырылған сабақтар мен экскурсияларда өткізіледі. Сабақ барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша балалар қажетті тұрмыстық икемдерді, қоғамдық тәртіп ережелерін игереді. Ол үшін сабақтан тыс уақыттарда «Дүкенде», «Шаштаразда», «Автобуста» т.б. сияқты сюжетті- рольді ойындар өткізіледі. Балаларға белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара көрсету керек.
Тәрбиеленушілерді әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді әдіс болып табылады. Бұл жерде көрнекілік шынайылық деген мағынаны білдіреді.


Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Соның ішінен педагог-дефектологтың психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:
I. Диагностикалық бағыт:
- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру;
- баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау;
II.Түзете-дамыту бағыты бойынша:

Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне байланысты түзету жұмысының мазмұны анықталады.
III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша:
- педагогтармен жеке жұмыс жүргізу;
- баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, педагогтарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;
IV.Әлеуметтік-бейімдеу бағыты

- баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау;
- баланы шығармашылыққа тарту;
V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт:

- ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау;


«Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін»
деген екен.
Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен сәулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ. Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.
Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл? Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан- дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу − белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы. Соңғы уақытта елімізде атқарылып жатқан істер инклюзивті білім беру жүйесінің қалануына негіз болары анық. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеу керек.

№4 Балабақшадағы тәжірибе сабағының көрнекіліктері
№4 арнайы балабақшада өткен көшпелі-тәжірибелік сабақ
Full transcript