Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Жаңа заман философиясы

No description
by

Sataeva Zhadyra

on 2 October 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Жаңа заман философиясы

Жаңа заман философиясы
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады.

Үш ғасыр бұрын адамзат
ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.
Жаңа заман философиясының
басты ерекшелігі:философияда екі
бағыт рационализм мен эмпиризм
пайда болды.
Рационализм (лат.<<ratio>> - разум) болмыс пен танымның негізі
ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт.
Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық
2. гносеологиялық
3. этикалық рационализм
Рационалистердің эмпиристерге
қарсы қоятын дәлелдері:

1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;

2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.

«Моральдық – этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм деп аталады.
Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі
көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.
Декарт философиясы
Рационализмнің негізін қалаушы - француз
философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады.
Декарттың философиядағы үлесі мынадай:
1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;
2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды;
3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді;
4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен»
идеялар теориясын ұсынды.
Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны
қажетсінбейтінің бәрі. Құдай - Субстанция, субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Жаратылған субстанцияларды
Декарт екі текке жіктейді:
1.материалды (заттар)
2. рухани (идеялар)
Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады.

Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды және рухани субстанциялардан құралған.Осыдан дуализм идеясы туындайды.

Декарт дедукция әдісін ұсынды:
Дедукция (лат. deductio — бөліп шығару) - сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше басқа тұжырымдамалардан (шарттар) бір тұжырымды (салдар) дәлелдеп, шығару.

Декарт туа біткен идеялар теориясын ұсынады: таным және дедукция арқылы алынатын білімдермен қатар, ешбір дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп
отыратын білімдер.
Спиноза философиясы
Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) –
европалық рационализмнің көрнекті өкілі,
Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.
Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:
1.субстанция мәселесі;
2.таным теориясы;
3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.


Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты
кемшілігі – оның дуализмінде деп санады.Ең жоғарғы субстанция -
Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында.
Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні:
Жоғарғы субстанция – Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;Табиғат – Құдай – бір;
Гносеология мәселелерін зерттей келіп, Спиноза танымның үш сатысын жіктейді:
1.тікелей адам танымынан бастау алатын «таза түрдегі таным»
2.ақыл әрекеті нәтижесінде логикалық операциялар қалыптасқан таным;
3.қоршаған дүниенің санада бейнеленуі нәтижесінде қалыптасқан таным.
Спиноза этикасының өзекті мәселелері: бостандық пен қажеттілік арақатынасы.
Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді:
1.субстанция бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді;
2.Құдай (Табиғат) толық бастандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді;
3.модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді;
4.адам – модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа ұмтылады. Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында ғана әрекет етеді;
Жаңа Заманға ағылшын философиясында үлкен із қалдырғандар:

1.Фр.Бэкон – философиядағы эмпиристік (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаушы;
2.Томас Гоббс (мемлекет мәселесін зерттеп, «қоғамдық келісім» теориясын ұсынады);
3.Дж.Локк (Т.Гоббс дәстүрін жалғасырып, мәселесін зерттеді).

Фр.Бэкон (1561-1626) – философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621 жж.) – Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы.

Негізгі еңбектері:
«Ғылымдар табысы»
«Жаңа Органон»
«Жаңа Атлантида»
Г.Гроций (1583-1645) – Голландияның саяси-әлеуметтік және құқықтық философиясының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, философ, заңгер.
Ойшылдың философиялық зерттеулерінің басты салалары:
1.гносеология (таным)
2.мемлекет және құқық
3.соғыс және бейбітшілік мәселесі;
4.халықаралық қатынастар.
Лейбниц философиясы
1.Лейбниц – Жаңа Заман философиялық
дәстүрін аяқтаушы;
2.Лейбниц – монадологиясы субстанциялардың көптігі туралы теория;
3.Лейбниц гносеологиялық (таным туралы ілім) – рационализм мен эмпиризмді келісімге келтірудің талпынасы.
Г.Лейбниц (1646-1716) – немістің математик-ғалымы, заңгер, философ – Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл – ойы туралы жаңа тәжірибелер».
Full transcript