Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Жүсіп Баласағұн

No description
by

kadilbek Anar

on 6 February 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Жүсіп Баласағұн


Жүсіп Баласағұн
Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды.
Ол бұл дастанды хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» — Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» — «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген.

Ел жаулаушы қылышымен алады,
Ел бастаушы қаламымен алады!
Қылышпенен басылар ер, ашынар,
Ал қаламсыз-басшысыз ел шашылар.
Елді, жерді табындырса қаламың,
Түгенделер тілегің мен талабың!
Жүсіп Баласағұн
Ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген.
Бұл кітапта бек ,уəзір ,əскер басшылары, қолбасылар қандай болуы керектігі, елшілікке қандай кісі жіберу керектігі,қара халықпен қалай қатынасу керектігін және т.б мемлекет басқару ісіне қатысты кеңестер жазылған.
Бұл ұстанымдарды туындыда әділдік (Күнтолды), бақыт (Айтолды), ақыл (Ойтолды), молшылық (Жетелеуші) сияқты кейіпкерлердің сұхбаты арқылы бейнелеген.
Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлейді.
Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған және хан сарайында қызмет еткен. Ол баласын жастайынан ел ісіне тәрбиелеген. Хан сарайында жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т. б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.
Шыншыл, сара болу керек ел бегі,
Көңілі — ақ, тілі — түзу, зерделі!
Жұртқа сыйлы, көңілі — тоқ, көзі — тоқ,
Білімді, ойлы, пейілі кең, сөзі — шоқ.

Жасай алар ізгілік пен ірілік,
Заң, ұятты сақтай білер жүгініп!
Осындай бек болар халық көсемі,
Ұрпағы өссе, тарайды ұрқы көшелі...
Өз пайдаңнан гөрі,ел пайдасын ойла.
Қайырымды бол!

Адам ба адам өз пайдасын күйттеген
Адам нағыз ел пайдасын діттеген.
Заң алдында бәрі бірдей мен үшін,
Кесем әділ. Болмайды ешбір келісім...
Біл, әділ заң — басқарудың тұғыры,
Бегі әділ ме?! Берік елдің жұлыны!
Бек елінде тура заңды ұстаса,
Бар тілекке жетер қолы, қысқасы!
Жаратты адам баласын да бір Алла,
Есті-ессіз, Ұлың-кішік бар — онда.
Ақылды бар, ақымақ бар, бар ғалым,
Бай-кедей бар, надан, аңқау, бар залым!
Бәрін соның алаламай бөлектеп,
Басқаратын қандай болу керек бек?!
Ақыл керек, бекке керек білік те,
Сақилық та керек лайық жігітке!
Бек халықты тек білікпен сендірер,
Барлығын да ақылына жеңдірер.
Бек дегенің білікпенен берік тұр,
Білік кетсе, «бек» қалады — желік құр!..
Шыншыл, сара болу керек ел бегі,
Көңілі — ақ, тілі — түзу, зерделі!
Жұртқа сыйлы, көңілі — тоқ, көзі — тоқ,
Білімді, ойлы, пейілі кең, сөзі — шоқ.
Жасай алар ізгілік пен ірілік,
Заң, ұятты сақтай білер жүгініп!
Осындай бек болар халық көсемі,
Ұрпағы өссе, тарайды ұрқы көшелі...
Дастанның басты идеялары төрт ұстанымға негізделіп жазылған:
1) мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы;
2) бақ-дәулеттің басқа қонуы;
3) ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі;
4) қанағатшылдық мәселесі.
Жүсіп Баласағұн өз заманының ірі саясаткері болған. Ол еңбектерінде іргесі берік, тұғыры биік мемлекетке керекті барлық талаптарды атап көрсеткен. Ж.Баласағұн еңбектері қазіргі уақытта да өзектілігін жоғалтқан емес.
Full transcript