Loading presentation...
Prezi is an interactive zooming presentation

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Халықаралық құқық

No description
by

Lyazzat Baibashkarova

on 24 April 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Халықаралық құқық

Халықаралық құқық
Халықаралық құқықты сақтау халықаралық құқық белгіленген шектер мен нысандарда мемлекеттердің жеке және ұжымдық шаралары арқылы жүзеге асырылады.Құқық анықтамасы халықаралық құқХалықаралық құқықты сақтау халықаралық құқық белгіленген шектер мен нысандарда мемлекеттердің жеке және ұжымдық шаралары арқылы жүзеге асырылады.ыққа да жатады, бір ғана өзгешелігі, әрбір анықтау элементінің халықаралық құқықта өз ерекшелігі бар. Мәселен, халықаралық құқықтың мынадай дәстүрлі белгілері тән: мемлекеттік-еріктік сыйпаттағы құбылыс; заңдық нормалар белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттецді; мәжбүрлеу халықаралық-құқықтық нормаларды сақтауды қамтамассыз етеді.
Сонымен қатар, халықаралық құқық генетикалық жағынан және өзінің мәні бойынша мемлекетпен байланысты екеніне қарамастан, ол жеке мемлекеттің құқығы бола алмайтыны сияқты, мемлекеттен жоғары тұратын құқық та бола алмайды. Ол мемлекеттердің өзара қарым-қатынасын орнататын және қамтамассыз ететін мемлекетаралық құқық болып саналады. Бұл қатынас, әдетте, өзінің таптық табиғаты, саяси сипаты, ішкі құрылысы, аумақтық құрамы, халқының саны жағынан әр түрлі мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық және басқа да қатынастарды қозғайды.
Халықаралық құқық дегеніміз халықаралық қатынастарды реттейтін және біршама келісілген мемлекеттердің еркін білдіретін келісімдік және әдеттегі нормалар мен принциптер жүйесі болып табылады.
Халықаралық қатынас
Бұл арада халықаралық құқық пәнін халықаралық-құқықтық қатынастан айыра білу қажеттігін айта кетуіміз керек. Халықаралық-құқықтық қатынастар объектісі дегеніміз- ол құқық субъектілері өзара жалпы танылған халықаралық қатынас принциптері мен нормалары негізінде не үшін құқықтық қатынасқа түсетін болса, соның бәрі. Обьектілердің үш түрі ажыратылады: аумақ, іс-қимыл, іс-қимылдан тартыну. Мәселен, аумақ, әсіресе әскери сипаттағы мәселелерде, объекті ретінде алға жиі шығады. Іс-қимыл-мемлекеттер арсындағы әр түрлі құқықтық қатынастардағы- бейбітшілік мәселесіндегі, өзара көмекті ұғынудағы объекті болып саналады. Бейтараптық мәселелері, соғыс жүргізу заңдары мен әдет-ғүрыптар-объектілердің соңғы түріне жататын объектілер болып есептеледі. Халықаралық құқық объектісі халықаралық құқық принциптері мен нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
Халықаралық өзара ынтымақтастықтың аясы кеңейген сайын объектілер шеңбері де кеңейе түседі. Мәселен, жер серігі байланысының құқығы, атом қуатын бейбіт мақсатқа пайдалану, ішкіконтинентальдық мемлекеттер мәртебесі секілді осы заманғы бағыттар объектілердің жаңа жүйесін жасайды.
Халықаралық құқықтың мемлекеттің ішкі құқығынан құқық нормаларын қамтамассыз ету тәсілі жағынан да айырмашылығы бар. Құқық субъектілерінің еріктерімен келісумен қатар, халықаралық құқық күштеп көндіру шараларында қолданады. Соңғысының жеке дара сипаты да, ұжымдық сипаты да бар.
Халықаралық қатынас
Сонымен, халықаралық құқыққа мынадай барлық негізгі құқық белгілері тән екен:
1. Құқық- ол мемлекеттік- еріктік құбылыс;
2. Қоғамдық қатыгастарды реттеуші заң нормалары;
3. Мінез – құлық тәлімен сақтау үшін, мемлекетік мәжбүр етуді қолдану.
Халықаралық ынтымақтастық принципі: біріншіден, мемлекеттердің егемендік теңдігемен; екіншіден, ішкі ісіне қол сұқпаушылықпен; үшіншіден; мемлекеттердің әр түрлі салаларда қарым-қатынас жасауымен; төртіншіден; мемлекттік егемендігін сыйлаумен; бесіншіден, өзіне қабылдаған міндеттемелерін адалдықпен орындаумен сипатталады.
Адам құқығын қорғау тетігін анықтау үшін, адам құқығы мен негізгі бастандығын құрметтеу принципінің, халықтар мен ұлтардың өін-өзі басқару принципінің маңызы үлкен.
Халықаралық жариялық құқығының ерекше қасиетін анықтай отырып таным көздері жүйесіне, халықаралық көпшілік құқығының субъектілік құрамына жауапкершілік институтының ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталу қажет. Бұл мәселелер оқу құралының жеке таралуларында қарастырылады.

Мемлекеттің ішкі құқық салаларында субъектілер, яғни құқықтар мен міндет иелері жеке және заңды тұлғалар болып табылады, ал халықаралық құқықта субъектілерге екі топ жатады.
І топ- негізгі субъектілер.

а) егеменді мемлекетте;
б) өздерінің тәуелсіздігі үшін куресіп жатқан ұлттар мен халықтар.
ІІ топ- қосалқы топтар.
в) халықаралық ұйымдар;
г)мемлекет-текектес құрылымдар.
Халықаралық құқық нормалары мемлекеттер арасындағы келісімдер процесінде ғана қалыптасады. Басқаша айтқанда, халықаралық құқықтың, құқцықтың басқа салалары мен жүйелерінен айырмашылығы, «келісім сипаты» болады. Халықаралық құқықтың негізгі ерекшеліктері осы қысқа тұжырымдаудан азды-көпті байқалып қалуы мүмкін.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫ
Халықаралық құқық
Халықаралық құқық - бұл мемлекеттер, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысатын кейбір басқа да құрылымдар арасындағы әртүрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды реттейтін құқық саласы.Ол ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан елеулі түрде айырылатын құқықтың ерекше жүйесі ғана емес.
Бұл теория бойынша, халықаралық құқық нормалары- немесе әдеттегі келісімді болып мемлекеттердің еріктерінің келісуі нәтижесінде пайда болады. Халықаралық құқық нормалары екі, бірнеше көптеген мемлекеттердің еріктілігін келісу жолмен жасалынады. Мұндай келісім нені білдіреді? Мемлекеттің ішкі құқық нормалары жарамды күшінің негізі болып есептелінетін еріктіліктен айырмашылығы-индивидтер- деп жоғары тұрған мемлекеттік еріктілік; халықаралық құқық нормалары жарамды күшінің негізі саналатын клісім-екі, бірнеше немесе көптеген мемлекеттер еріктіліктері келісімінің нәтижесі. Бұл заңдық мәніс.
Халықаралық құқық үшін халықаралық ынтымақтастыққа қатысушылар мінез-құлқының неғұрлым маңызды және ортақ ережесі ретіндегі негізгі прициптердің ерекше жүйесіне тән халықаралық құқықтың негізгі принциптері халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтың осы заманғы жүйесінің аса маңызды заңдылықтарын білдіреді.
Принциптер жүйесіне мыналар тән:
Әмбебаптық
Жалпы танылғанды
Жалпы міндеттілік
Тұрақтылық
Халықаралық процестің негізіне халықаралық құқық нормаларын жасау тәсілі ретінде мемлекеттер еріктілігін келісу теориясы жатады. Халықаралық құқықтың майталманы Г.И.Тункиннің еңбектерінде барынша толық дамытылған бұл теория- теория мен пралтикадағы ең іргелі зерттеу болып саналады.
ПРИНЦИПТЕР
Принциптер жүйесіндегі бейбіт қатар өмір сүру принципінің, біздіңше, жинақтау сипаты бар. Бейбітшілікті қолдау және халықаралық қауіпсіздік негіздерін сипаттайтын принциптерге: аумақтық тұтастық принципі; күш қолдауға және қоқан-лоққыға тыйым салу, туындаған халықаралық жанжалдарды бейбіт жолмен шешу принципі; шекаралардың мызғымастық принципі жатады.
Бұл солардың халықаралық құқық жүйесіндегі орнын, олардың қалыптасуы ерекшеліктерін алдын ала анықтайды. «Егер жалпы халықаралық құқықтың бұйрықты нормасы норма болып саналса, мемлекеттердің бір тұтас халықаралық қауымдастығы қабылдаса және таныса…» негізгі принциптер құқықтық нысанаға ресімделеді. БҰҰ Жарғысы, 2 бабында негізгі принциптері және оларды қамтамасыз ету шаралары белгіленген. Оған қоса, негізгі принциптер мазмұны 1970 жылғы халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияда ашып көрсетілген. 1975 жылғы Хельсинки Кеңесі Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Қорытынды актісінде негізгі принциптер мазмұнын дамыта түседі. Негізгі принциптерді нақты іске асыру мемлекеттердің келісім практикасында кездесіп отырады. Мысалға, 1994 жылғы 15 сәуірдегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау туралы Декларация, 1994 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы демократиялық әріптестік туралы Хартия, 1994 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы негізгі өзара ынтымақтастықтар туралы Декларацияны атауға болады.

Алайда халықаралық құқықтың халықаралық құқықты ерекші құқық жүйесіне жатқызуға мүмкіндік беретін ерекше сипаттары да бар.
Бұл ерекшеліктерге жататындар:
1. Реттеу (арқауы) тәні
2. Ерекше субъективтік құрам, атап айтқанда егеменді мемлекеттердің болуы.
3. Халықаралық құқықтағы норма жасау процесінің нәтижесі ретіндегі қайнар көздерінің ерекше жүйесі.
4. Заң шығарушы, атқарушы және сот органдары жүйесінің жоқтығы.
5. Жауапкершілік институты.
Халықарлық жариялық құқығы- ол құқық субъектілерінің еріктерімен келісе отырып жасайтын заң жүзінде міндеті деп саналатын және қажет болған жағдайда мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етілетін заң нормаларының жүйесі.
Full transcript