Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу

No description
by

Kalamkas Sultanali

on 7 December 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу

Бұл топқа фосфор-органикалық типті уы өте күшті улағыш заттар жатады (зарин, зоман, VХ). Орталық жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттар. Ұрыстық күйі - бу, аэрозоль және сұйық-тамшы. Ағзаға тыныс алу, тері, асқазан-ішек жолы арқылы түседі. ЗАРИН - түссіз, сәл жеміс иісі бар, тұрақсыз сұйық зат. Сумен, органикалық еріткіштермен кез келген қатынаста араласады, майларда жақсы ериді. Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзімге зақымдайды. ЗОМАН - түссіз камфора иісі бар сұйық зат. Улылығы күшті, тұрақты, зариннен улылығы 10 есе жоғары, ауадан 6 есе ауыр, өлім жағдайына ұшырататын улы зат. Суда біршама, ал органикалық еріткіштер мен майда жақсы ериді. VХ (ви-икс) - түссіз сұйық, зариннен улылығы жоғары, өлім жағдайына ұшырататын улы зат.
Парниктік эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +1000°. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиакциясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.
Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу

Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады.

1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, электр тоғы, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б
. 2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.

3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
. 4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.

Улағыш заттар (УЗ) - адамдар мен жануарларды закымдайтын және қоршаған ортаның ұзақ мерзімге ластануына әкеп соғатын улы химиялық қосылыстар. Ұрыстық қолдану сәтінде олар бу тәрізді (газ тәрізді), аэрозольдік (түтін, тұман), не сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін. Олар адамдарды тыныс  алу  мүшелері,   шырышты  қабықтары   және   тері   қабаттары,   дене жаралары арқылы, ал уланған өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан-ішек жолы арқылы зақымдайды. УЗ-дың ағзаға енетін ең негізгі жолдары - ингаляциялық (тыныс алу мүшелері арқылы) және тері-резорбтивтік (терінің түктері арқылы).
Атмосфераның ластануы — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде газ тектес заттар атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Көп тараған атмосфера ластағыштарына күкіртті газ (SO2), азот оксидтері(NO2) , кеміртек оксидтері (иіс газы СО), хлор, формальдегид (НСНО), фенол-бенз(а)пирен, шаң-тозаң жатады.

Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногендік ластанудың кері әсері тек жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы 0,29км ультра күлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, анкологиялық және көз аурулары көбейеді. Озондық  қабаттарды талқандайтын негізгі заттар- хлор мен азот қосындылары. Хлордың бір молекуласы 10 озонның молекулаларын, ал азот оксидінің 1 молекуласы оның 10 молекулаларын талқандайды.
Озон тесігі - атмосфера қабатындағы озон мөлшерінің концентрациясының азаюынан пайда болатын құбылыс. Тұжырымдар бойынша, озон тесіктері ауаға құрамында бром мен хлор бар заттардың бөлінуінен пайда болады. Алғашқы рет диаметрі 1000 киллометр озон тесігі 1985 жылы Арктикада табылған. Оны зерттеген британдық екі оқымысты: Шанклин мен Фармен. Ол әрбір тамыз айында пайда болып, Қаңтарда көзін жойып тұрады. Оның бәрі күн сәулесінің құрамындағы ультрафиолеттің дифицитінен пайда болады. Озонның аз болуы күндік радиация күшін үлкейтіп, жер бетіндегі адамдар денсаулығына үлкен зардабын тигізеді. Қабаттың қайта қалпына келүі үшін он жылдықтар қажет...

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, түрған ҮЙЛЕРДІ жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т. б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортага әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлсрге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдыктар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, онімдер, атмосферага таралатын шыгарындылар (газ, бу,ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарык, улыракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т. б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялык қүрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, ендірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.
Атмосфералык ластануға табиғаттың алапатты қүбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есеппен жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млн. т газ және 30-300 млн. т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады, тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997) атмосфера ауасына 20 млн. т күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар аткылағанда атмосфераға бірқатар фитопатогендік ативтілігі жоғары химиялық ластағыштар — сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Батыс Сібірде 1915 ж. болған орман өрті 1,5 млн. км2 ауданды қамтып, одан шыккан түтін 6 млн. км2-ге жуық аумаққа таралды.
Full transcript