Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістем

No description
by

Shimbaev Didar

on 4 December 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістем

Қазіргі микроэкономикаға бірнеше анықтама беруге болады.


Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі
Ресурстар – қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыру тиіс экономикалық игіліктерді өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер.
Экономикалық ресурстар
Ресурстардың шектеулілігіне байланысты экономикалық тандау деген мәселе туындайды.
Экономикалық тандау проблемасы
– бұл берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандырылу мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқаулардың ішінен ең дұрысын және жақсысын тандау.адамның, фирманың және тұтастай қоғамның алдында не, қалай, кім үшін өндіретінін,және де шектелген ресурстарды пайдалану сияқты проблемалар пайда болады.
Микроэкономика пәні
Микроэкономика пәні – жалпы экономикалық теорияның бір бөлімі бола тұра, оның негізгі базалық курсы болып есептеледі. Ал микроэкономикаға анықтама беретін болсақ, оның негізгі бірнеше мағынасы бар. Микроэкономика қызықты және динамикалық, әрі пайдалы пән екендігі барлығына мәлім. «Микро» деген қосымша сөз қазақ тілінде шағын деп аударылады.
Орындаған:
Алтаева Назым

Микроэкономика – адамдардың арасындағы экономикалық қарым – қатынастарды зерттейтін және олардың әрекет ету заңдылықтарын қарастыратын экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.
Микроэкономика – бұл жекелеген экономикалық субъектілердің (әдетте, үй шаруашылықтары мен фирмалардың) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтарын зерттейтін ғылым.
Микроэкономика – бұл шешімдер қабылдау ғылымы.
Микроэкономиканың зерттейтін негізгі проблемалары:
- белгілі бір игіліктердің бағасы, олардың көлемі және тұтынылуы;
- жекелеген нарықтардың жағдайы;
- альтернативтік (балама) мақсаттарға байланысты ресурстарды тиімді бөлу.

Микроэкономиканың негіздерін австриялық (маржинализм бағытының) мектептің негізгі өкілдері К. Менгер, Ф. Визер, Э. Бем-Баверк және неоклассикалық теорияның негізгі өкілдері А. Маршалл, А. Пигу, сонымен қатар, ағылшын экономисі Дж. Хикс, американдық экономист Дж. Б. Кларк, итальяндық экономист В. Парето, швейцар экономисі Л. Вальрас және басқа да экономистер қалады және қалыптастырды.
Микроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл адамдардың экономикалық іс-әрекеттері және олардың жүзеге асырылуында туындайтын жалпы экономикалық проблемалары.
Микроэкономиканың зерттеу субъектілері болып жекелеген индивидтер, үй шаруашылықтары, фирмалар, өндірістік ресурстардың иелері, елдің ішіндегі және сыртындағы басқа фирмалармен байланысқан ірі корпорациялар, сондай-ақ, экономиканың тұтас саласы да табылады.
табиғи ресурстар
материалдық ресурстар
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады.
Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер.
Ресурстардың шектеулігі – бұл барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігініңкөрсеткіші.
Микроэкономикалық талдау нақты бір методологиялық негіздерге сүйенеді. Методология – ғылыми тану мен зерттеудің құралдары мен принциптері, талдау түсінудің әдістері.
Микроэкономикалық теория мынадай методологиялық қағидаларға сүйенеді:
- шектелген экономикалық ресурстар тандау немесе тапшылық проблемасын туғызады;
- микроэконмикалық құбылыстар себеп-салдары байланыстардан тұрады;
- адамдардың іс-әрекеттерін, қабылдайтын шешімдерін алдын-ала анықтау мүмкін емес, бірақ олар туралы болжау жасауға болады;
- логиканың көмегімен болжауларға сүйене отырып, әр түрлі тұжырымдамалар жасалады;
- жасалған тұжырымдар практиканың көмегімен тексеріледі.
Микроэкономикалық теория
Позитивті микроэкономика
Нормативті микроэкономика
Позитивті микроэкономика – не бар немесе не болу керек деген сұрақтарға жауап бере отырып дәл осы уақытта қалыптасып отырған нақты құбылыстар мен жағдайлардың фактілері мен байланыстарын зерттейді немесе оны басқаша айтсақ, ол нақты жағдайлармен ғана жұмыс істей отырып, іс-әрекеттің ғылыми көзқарастарын зерттеуге ұмтылады. Позитивті микроэкономика субъективтік бағалауға тәуелді болмайды.
Нормативті микроэкономика – экономика қандай болуы керек деген сұрақтың субъективті көзқарасын көрсете отырып, экономикадағы кейбір аспектілердің қолайлы және қолайсыздығын қарастырады. Мысалы, позитивтіде – «Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 10%-н құрайды» делінсе, ал нормативтіде – «Жұмыссыздықты қысқарту керек» деп айтылады.
Назарларыңызға рахмет!
Full transcript